Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Кадастрды жүргізуге технологиялық қызметке байланысты
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
4) жерді түгендеуді жүргізу .
Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді. Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді. Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
«Кадастрды» жүргізудің тәртібі
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кадастрды жүргізу бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады. Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жер-кадастр карталары Кадастрдың картографиялық негізі болып табылады. Жер-кадастр карталарының масштабы есепке алу бірлігінің мөлшеріне және Кадастрды жүргізудің деңгейіне байланысты таңдалады.
1-сурет Абрис
Кадастрды автоматтандырылған жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз тасығыштарда көшірмелерін дайындаумен электрондық карта түрінде қалыптастырылады. Жер учаскелері туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелі түрде жаңартылады.
Кадастрды автоматтандырылған жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз тасығыштарда көшірмелерін дайындаумен электрондық карта түрінде қалыптастырылады. Жер учаскелері туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелі түрде жаңартылады.
Жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізу мен бағалаудың тәртібі
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жердің сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау: нысаналы мақсатын ескеріп, жер учаскесін пайдалану тиімділігін айқындау; жер учаскесін жеке меншікке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесін жалдау құқығын сату төлемін) анықтау; салық салу; жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп алып қою кезінде және иеліктен айыру жағдайында соттың сатып алу бағасы мен төлем мөлшерін айқындауы мақсатында жүргізіледі. Жердің сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәліметтер әрбір жер учаскесі бойынша жер-кадастр кітабында көрсетіледі
Тіркеу мақсатында жер учаскелерін есепке алу
Жер кодексінің 154-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті есепке алу жылжымайтын мүлікке меншік құқығын (ауыртпалықты) және басқа да құқықтарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.
Жер учаскелерін есепке алу кезінде мынадай деректер тіркеуге жатады:
жер учаскесінің нысаналы мақсаты
жер учаскесіне меншіктің нысаны
жер учаскесі иесінің немесе оны пайдаланушының аты-жөні;
жер учаскесінің алаңы
жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі
жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі