Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет10/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Тыңдалым және айтылым 
Тыңдалым және айтылым дағдыларын бағалау дыбыстық және / немесе 
ауызша өзара әрекеттесуді қажет ететіндіктен, оқу бағдарламасындағы осы 
бөлімнің оқу мақсаттарының ешқайсысы қолданыстағы тест моделінің бөлігі 
ретінде бағаланбайды. 
Жазылым 
«Жазылым» бөлімінің 1-6-бөлімшелері: оқушыдан мәтін жасауды, 
құрастыруды немесе ұсынуды талап ететін барлық бөлімшелер (
1. Жоспар 
құру; 2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 3. Жазба жұмыстарын 
әртүрлі формада ұсыну;
4. Эссе жазу; 5. Оқылым және тыңдалым 
материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу;)
ББЖМ 
мазмұнына енгізілмеген, өйткені қолданылған тест моделі оқушылардың 
кеңейтілген жазбаша жауаптарын бағалауға арналмаған. 
Оқылым 
2.5 «Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу» бөлімшесі
ББЖМ 
мазмұнына енгізілмеген, өйткені ол негізінен сабақ процесінде жүзеге 
асырылады.


29 
2.6 «Оқылым стратегияларын қолдану» бөлімшесі 
ББЖМ мазмұнына 
енгізілген жоқ, өйткені қолданылған тест моделінің бөлігі ретінде оқушы 
сұраққа жауап беру үшін мәтінмен жұмыс жасауда қандай стратегияны 
қолданғанын бағалау мүмкін емес. 
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімінен 4.4 «Лексикалық 
нормаларды сақтау»
бөлімшесі мазмұнға енгізілмеген, өйткені ол 
эвфемизмдерді қолдана білу сияқты жазбаша дағдыларды бағалайды, 
сондықтан тест моделінің бөлігі ретінде жеткілікті сенімділікпен 
бағаланбайды. 
Функционалдық сауаттылықтың қамтылуы 
Әрбір сұрақ мүмкіндігінше қазақ тілі бойынша оқушының 
функционалдық сауаттылығын бағалауы керек, яғни олардың тапсырмаларды 
орындау арқылы білімі мен түсінігін қолдана білуі, сонымен қатар нақты 
өмірлік жағдайларға байланысты жоғары деңгейдегі дағдыларды көрсетуі 
бағаланады. А бөлімі негізінен орфографиялық, пунктуациялық, 
грамматикалық және лексикалық қателерді түзетуге бағытталуы керек. В 
бөлімі оқушылардан материалдарды оқып, мәтіннің мақсатын түсіну, 
қорытынды жасау, мәтіндерді интерпретациялау және салыстыру сияқты 
құзыреттіліктермен байланысты сұрақтарға жауап беруді талап етеді. 
Тапсырмалардың қиындық деңгейі 
Барлық тапсырмалар оқушылардың мақсатты тобына (когорта) 
қолжетімді болуы керектігіне қарамастан, әр тест әртүрлі қиындық 
деңгейіндегі тапсырмаларды қамтиды. В бөліміндегі мәтіндегі қажетті 
ақпараттың қолжетімділігі мен күрделілігі сияқты факторларға, сондай-ақ А 
бөліміндегі лексика немесе орфографиялық ерекшеліктерге байланысты 
сұрақтарды «базалық», «орта» немесе «жетік» деген санаттарға бөлінген. 
Сондай-ақ пайымдауда 5, 6, 7, 8 немесе 9-сыныптардың оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттары қамтылған. Әр тестілеудегі сұрақтардың 
шамамен 40%-ы базалық, 40%-ы орта және 20%-ы жетік қиындық 
деңгейлеріне сәйкес келеді. 
Сұрақ түрлері 
Әр тест тапсырмалары таңдауды қажет ететін сұрақтар (жабық) мен 
құрылымдық сұрақтардан (ашық) тұрады. 
Таңдауды қажет ететін сұрақтар төмендегілерді қамтуы мүмкін: 

 Көп таңдауды қажет ететін сұрақтар:
оқушылар берілген төрт 
(кем дегенде) нұсқадан жауап нұсқасын таңдайды. Сұрақта олардан бір 
немесе бірнеше жауапты таңдау ұсынылуы мүмкін. Мысалы, жанрды таңдау, 
мәтіннің негізгі мақсаты немесе тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді 
таңдау.

 Сәйкестікті табу:
екі түрлі элементтер жиынтығы сәйкес жолдар мен 
бағандар қиылысатын жерлерді белгілеу үшін түртіп алу арқылы 
салыстырылады немесе байланысады. Мысалы, оқылған мәтін негізінде 
шынайы немесе жалған тұжырымдарды таңдау.


30 

 Ашылмалы тізім:
мәтіндегі бос орындар бос орынды басу және 
жауаптардың қажетті тізімінен таңдау арқылы толтырылады. Сұрақ бір 
сөйлемдегі бір сөзден немесе абзацтағы бірнеше сөзден тұруы мүмкін. 
Мысалы, мәтіндегі сөздің дұрыс жазылуын таңдау.
Құрылымдық жауабы бар ашық сұрақтар тек қысқа жауаптарды қажет 
етелді. Мысалы, мәтіндегі бос орындарды толтыру, қателерді түзету арқылы 
сөйлемді қайта жазу немесе түсініктеме бере отырып, қысқа сөйлем жазу. 
«Оқу сауаттылығына» қатысты В бөліміндегі сұрақтар стимулдық 
(ынталандыру) мәтінмен байланыстырылған. Әр мәтінде соған байланысты 5 
сұрақтан құрастырылған. Сұрақтар бір мәтінге негізделгенімен, әр сұрақ бір-
бірінен тәуелсіз және мәтіннің әртүрлі аспектілеріне әсер етеді. 
Мәтін түрлері:
В бөліміндегі стимулдық мәтіндерге көркем және көркем емес мәтіндер 
алынады: журналистік мәтіндер кіруі мүмкін (мысалы, мақалалар, сұхбаттар, 
қысқа эсселер, шолулар); ресми мәтіндер (мысалы, іскери хаттар, 
жарнамалар, нұсқаулықтар, жарнамалар, резюмелер); ғылыми стильде 
жазылған мәтіндер (мысалы, есептер, презентациялар) және бейресми немесе 
жеке мәтіндер (мысалы, хаттар, күнделіктер). Көркем стильдегі мәтіндер 
(мысалы, әңгімелер, фольклор, өлеңдер) кездеседі. Мәтінде шамамен 200-400 
сөз алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет