Батыс Қазақстан облысы
бойынша 2019-2020 оқу жылында 2-4
сыныптарда 30 584 оқушы білім алған. Оның ішінде оқу үздігі 11 306 оқушы, оқу
екпіндісі 12 465 оқушы. Үлгерім 100 пайызды, ал сапа 77,3 пайызды құраған.
2020-2021 оқу жылында 32 772 оқушы білім алған. Оның 11 120 оқушысы
оқу үздігі, ал 12 693 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерімі 100 %, ал
сапасы 72,7 %-ды құрайды.
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 34 449 оқушы білім алған. Оның
10 918 оқушысы оқу үздігі, ал 13 726 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған.
Үлгерім 100 %, сапа 71,7 %-ды құрайды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын
салыстырып қарасақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. Нақты айтқанда
2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында 2 188 оқушыға, ал
2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында 1 677 оқушыға артқан.
Сонымен қатар үздіктер мен екпінділер санында да өзгерістер бар. 2019-2020 оқу
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында оқу үздіктер саны -186 оқушыға
кемісе, оқу екпінділер саны +228 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына
қарағанда 2021-2022 оқу жылында оқу үздіктер саны -202 оқушыға кемісе, ал оқу
екпінділер саны +1 033 оқушыға артқан. Сол сияқты білім сапасында да өзгеріс
бар. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында -4,6 %-ға, ал 2020-
2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -1 %-ға кемі байқалған.
Жалпы үш жылдық көрсеткіштерді талдай отырып, төмендегідей
қорытынды жасауға болады. Барлық өңірлер бойынша пандемиядан кейін оқу
13
сапасының кемуі, пандемия кезінде 1-сынып оқушыларының мектепке келуі
біршама төмендеп, пандемиядан кейін бірнеше мыңға көтерілгені байқалды.
Яғни, оқушылар үшін де, ата - ана үшін де қашықтан оқу қиындықтары басым
болып, қалыпты жағдайда мектеп қабырғасында білім алуға деген сұраныстың
жоғары екенін көрсетті.
Егер TIMSS зерттеулеріне көз жүгіртетін болсақ, онда әр пәннен бастауыш
сынып оқушыларының алған келесідей оқу сапасының нәтижелерін көруге
болады.
Қысқаша мәліметтер беретін болсақ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ TIMSS-2019 НӘТИЖЕЛЕРІ келесідей.
- Қазақстандық 4-сынып оқушыларының математикадан орташа нәтижесі
512 балды (58 ел арасында шартты түрде 13-орын), 8-сынып оқушыларының
орташа нәтижесі 488 балды (39 ел арасында шартты түрде 21-орын) құрады.
Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының нәтижелерін 9 елдің, соның
ішінде Канада, Италия, Болгарияның нәтижелерімен салыстыруға болады.
- Жаратылыстану бойынша қазақстандық 4-сынып оқушыларының орташа
нәтижесі 494 балды (58 ел арасында шартты түрде 37-орын), 8-сынып
оқушыларының орташа нәтижесі 478 балды (39 ел арасында шартты түрде 24-
орын) құрады. Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының көрсеткіштерін
Бельгия, Жаңа Зеландия және Мальта сияқты елдермен салыстыруға болады.
Сегізінші сынып оқушылары Катар, БАӘ, Кипр сияқты елдермен салыстыруға
болатын нәтижелер көрсетті.
- Қазақстандық оқушылардың көпшілігі күрделілігі орташа және төмен
деңгейдегі тапсырмаларды орындай алатыны көрсеткен. Математика және
жаратылыстану пәндері бойынша қиындық деңгейі ең жоғары тапсырмаларды 4
-сынып оқушыларының 5%-ы орындады. 4 -сынып оқушыларының 10%-дан
астамы жаратылыстану бойынша төмен деңгейдегі тапсырмаларды орындай
алмайды. Төртінші сынып оқушыларының 5%-ы математикадан төмен
деңгейдегі тапсырмаларды орындай алмады.
- Қазақстандық оқушылардың нәтижелерінде гендерлік аспектіде
айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. 4 сыныптағы ұлдар мен қыздар
математика мен жаратылыстану бойынша салыстырмалы нәтижелер көрсетті. 4-
сынып оқушылары математика бойынша бірдей нәтиже көрсетсе (512 балл), 4-
сынып деңгейінде айырмашылық қыздардың пайдасына 6 балды (497 балл),
құрады.
- Математика бойынша 4-сынып оқушылары «Сандар» мазмұндық
саласының тапсырмаларын (523 балл жақсырақ орындайды. 4 сынып
оқушылары «Деректер» саласындағы тапсырмаларды сәтсіздеу орындады
(сәйкесінше 481 және 463 балл). 5 Мазмұны.
- Жаратылыстану бойынша 4-сынып оқушылары «Физика» мазмұндық
саласының тапсырмаларын (506 балл) жақсырақ орындайды. Төртінші сынып
оқушылары «Өмір туралы ғылым» мазмұндық саласы бойынша (486 балл), ең
төменгі орташа балл жинады.
- Математиканың танымдық құзыреттері ішінде 4-сынып оқушылары
«Қолдану» тапсырмалары бойынша неғұрлым жоғары нәтижелерді (514 балл),
14
ал «Пайымдау» тапсырмалары бойынша неғұрлым төмен нәтижелерді (507 балл)
көрсетеді.
- Жаратылыстану бойынша танымдық құзыреттіліктер бөлінісінде 4 -
сынып оқушылары «Пайымдау» тапсырмалары бойынша үздік нәтиже көрсетті
(тиісінше 502 балл). «Білу» тапсырмалары бойынша оқушылар төмен орташа
балл жинады (4 сынып - 489 балл).
- Қазақстандық мұғалімдеріне мектеп климатына оң баға берді.
Оқушылардың 90%-дан астамы мұғалімдері педагогикалық ынтымақтастық
сапасына, мектептің оқу жоспарын түсінуіне және оқушыларды ынталандыру
қабілетіне жоғары баға берген мектептерде оқиды.
- Оқуға дайын болмау 4-сынып оқушыларының 20%-дан астамына қатты
әсер етеді. 28%-ы төртінші сынып оқушыларының математика пәні мұғалімдері
және 21%-ы оқушылардың жаратылыстану пәні мұғалімдері бастапқы
дайындықтың болмауы, сабаққа қатыспау, тәртіп мәселелері, эмоционалды және
интеллектуалдық дамудағы ауытқулар және оқу тілін түсінудегі қиындықтар
сияқты факторлардың оқу процесіне қатты әсер ететіндігін атап өтті.
- Педагогикалық өтіл оқушылардың математика және жаратылыстану
бойынша жетістіктеріне болмашы әсер етеді. Тәжірибелі педагогтер (еңбек өтілі
20 жылдан астам) мен жас педагогтер (5 жылдан кем) оқытатын 4-сынып
оқушыларының арасында біріншісінің пайдасына 17-ден 20 балға дейін
айырмашылық байқалған.
- Қала оқушыларының ауылдық құрдастарынан озу үрдісі сақталуда, бұл
ретте білім деңгейіндегі ең үлкен алшақтық жаратылыстану бағыты бойынша
байқалады. 4 сыныптарда математика бойынша айырмашылық сәйкесінше 17,
жаратылыстану пәндері бойынша 24 балды құрады. Қазақстанның TIMSS-2019
нәтижелерінің қысқаша түйіндемесі бойынша Ұлттық есеп | Қазақстанның
TIMSS- 2019 нәтижелері Мазмұны 6
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ӘЭЖ) жоғары отбасылардан
шыққан оқушылар ӘЭЖ орташа және төмен отбасылардан шыққан
құрдастарынан озды. Математика мен жаратылыстану оқу жетістіктеріндегі
алшақтық 29 балдан 91 балға дейін жетеді. 4-сынып оқушылары арасында білім
деңгейіндегі ең үлкен алшақтық (91 балл) жаратылыстану пәні бойынша
байқалады. Бұл ретте, ӘЭЖ байланысты оқушылардың оқу жетістіктеріндегі
айырмашылық қалалық оқушылар арасында ауылдық оқушыларға қарағанда
анағұрлым айқын болды (қалалық жерде – математика бойынша 58 балл және
жаратылыстану бойынша 92 балл, ауылдық жерде – тиісінше 43 балл және 41
балл).
- Орыс тілінде оқитын мектеп оқушылары математика және
жаратылыстану пәндері бойынша қазақ тілінде оқитын құрдастарынан озды. 4-
сынып оқушыларының көрсеткіштеріндегі айырмашылық математика бойынша
26 балл, жаратылыстану бойынша 58 балды құрады.
- Оқушыларды мектепке ерте дайындау олардың математика және
жаратылыстану саласындағы жетістіктеріне оң әсер етеді. Ата-аналары мектеп
алды жазу, оқу және есеп шығарумен жиі айналысқан төртінші сынып
оқушылары ата-аналары тек анда-санда осы дағдылармен айналысқан
15
оқушылардан математика бойынша 15 балға және жаратылыстану бойынша 25
балға озды. Балабақшаға бармаған және оған 3 жылдан астам уақыт барған
оқушылардың нәтижелері арасындағы айырмашылық екінші топтың пайдасына
математика бойынша 16 балл, жаратылыстану бойынша 23 балды құрады. Оқу
басталар алдында жазуға және санауға қабілетті 4-сынып оқушылары мектеп
алдында жаза және санай білмейтін құрдастарынан математика бойынша 34
балға және жаратылыстану бойынша 32 балға алда келе жатқанын байқауға
болады.
- Қазақстандық оқушылардың жартысынан астамы өздерін мектептің бір
бөлшегі ретінде қатты сезінеді (мектепке баруға деген қызығушылық, мектеп
үшін мақтаныш, мектепте өзін жайлы сезіну). Өздерін мектептің бір бөлшегі
ретінде сезіну төртінші сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану
саласындағы жетістіктеріне оң әсер етеді – мектепте өзін жайлы сезінетін
балалар бұндай сезімі төмен оқушылардан сәйкесінше 19 және 22 балл алда
екенін байқауға болады.
TIMSS-те оқушылардың жетістіктерін бағалау тәсілдері әр цикл сайын
қатысушы елдермен бірлесіп жаңартылып отыратынын атап өту қажет. 4 -сынып
оқушыларының математика және жаратылыстану бағытындағы білім деңгейі
туралы мәліметтерден бөлек, TIMSS халықаралық контексте, жылдар
динамикасында, сондай-ақ оқушылардың академиялық жетістіктеріне әсер
ететін негізгі факторлар тұрғысынан салыстырмалы деректер ұсынады. Сонымен
қатар TIMSS зерттеуі оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдері және мектеп
директорларына сауалнама жүргізу арқылы білім беру саласындағы
талдаушылар мен басқарушы тұлғаларға білім саласы туралы өзекті деректер
ұсынуымен құнды.
Қазақстан TIMSS зерттеуіне алғаш рет 2007 жылы қатысты, зерттеуге тек
4-сынып оқушылары қатысты. TIMSS алдыңғы циклдарына қатысу нәтижесінде
Қазақстан оқушылардың жаратылыстану мен математика бойынша білім
деңгейінің тәуелсіз бағасын алды, соның негізінде республиканың білім беру
жүйесінің сапасын жақсарту бойынша қорытындылар жасалып, ұсынымдар
әзірленді.
Енді TIMSS құралнамасы PISA-мен бастауыш сынып білім сапасының
нәтижелерін төменде көрсетілген.
TIMSS
құралнамасы
PISA-мен
салыстырғанда
оқушылардың
математикалық және жаратылыстану бойынша дайындығының академиялық
білімін бағалауымен ерекшеленеді.
Тапсырмалардың біршама бөлігі ғана қолдану және пайымдау дағдыларын
қарастырады. Халықаралық тесттің басым бөлігі дұрыс жауапты талдау
тапсырмаларымен қамтылған. Ал PISA-да қатысушылар жауапты дәлелдей
отырып, математикалық шешімді негіздеу қабілетін көрсетуі тиіс
(математикалық сауаттылық) саласында . Қазақстандық білім алушылардың
TIMSS-2015-тегі нәтижелері мектептегі айтарлықтай мықты дәстүрлі, «нақты
білімнің» жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған математикамен
расталған.
16
TIMSS-2015-те Қазақстандық 4-сынып оқушыларының математика
пәнінен нәтижелері TIMSS-тің 500-балдық халықаралық шкаласының орташа
мәнінен айтарлықтай жоғары көрсеткіштерде болған. 4-сынып оқушыларының
көрсеткіші халықаралық шкала бойынша 544 балды құраған.
Қазақстандық төртінші сынып оқушылары сәйкесінше 1, 2 және 3
позицияға жоғары тұрған Бельгия (546), Англия (546), Ирландиямен (547)
шамамен бірдей нәтиже көрсетіп, елдердің рейтингінде 12- орынға ие болды.
АҚШ, Финляндия, Венгрия, Австралия, Литва, Түркия, Канада сияқты елдердің
нәтижелері Қазақстанның көрсеткіштерінен төмен болды.
Зерттеудің
алдыңғы
кезеңіндегі
қатарлас
қатысушылармен
салыстырғанда, TIMSS-2015-те Қазақстанның төртінші сынып оқушылары
жалпы есепте математикалық дайындық көрсеткішінің айтарлықтай өсімін
көрсетті (+43 балл) .
Қазақстанның TIMSS-2015 зерттеуіне қатысу нәтижелері
Зерттеудің технологиясына сәйкес, белгілі бір деңгейге жеткен
қатысушылардың қорытынды пайызы басқа деңгейлердің тапсырмаларын
орындау нәтижесі қосылады. Мысалы, төмен деңгейдің тапсырмаларын
орындаған қазақстандық қатысушылардың пайызына алдыңғы деңгейлердің
сұрақтарына жауап бергендердің нәтижелері де қосылды. Ілгері деңгейге жеткен
төртінші сынып оқушылары сәйкесінше алдыңғы үш деңгейдің тапсырмаларын
да орындады.
Математика пәнінен халықаралық нәтижелер, 4-сынып» IEA есебі
бойынша оқушылар алым бірліктен артық болған тапсырмалармен тек 5-
сыныпта ғана танысса да, қазақстандық төртінші сынып оқушыларының 28%-ы
төмен орташа жоғары көрсеткіштер көрсетті.
Осылайша, бастауыш сынып оқушылары қосымша білімдерін және кейбір
математикалық
есептерді
түсінетінін
көрсетті.
Қолданыстағы
оқу
бағдарламаларына сәйкес, бастауыш мектеп төртінші сынып оқушыларын
«бөлшек», «алым» және «бөлгіш» ұғымдық аппаратымен ғана таныстырады
және олар тұтастың бір бөлігін таба алады немесе ауданның ⅛, ⅓ және т.б.
белгілей алады. Бұл тапсырмаларды Корей Республикасы (67%), Сингапур 64%
және Ресейдің (33%) төртінші сынып оқушылары анағұрлым сәтті орындады.
Германияның көрсеткіші ең төмен. Қатысушылардың небәрі 2%-ы ғана өз
жауабын дәлелдеудің ілгері деңгейін көрсетті
Берілген сандардың әрқайсысы үшін ұсынылған көмек есебімен пайымдау
қабілетінің жоғары деңгейін Корей Республикасы және Гонконг білім
алушыларының 91%-ы көрсетті. Бұл кезекте, қазақстандық оқушыларының тек
39%-ы ғана жазбадағы санның сол жердегі мәнін дұрыс түсіндіріп бере алмады
және түсінгенін көрсете алмады
«TIMSS-2015. Дереккөз сүйенсек: Математика пәнінен халықаралық
нәтижелер, 4-сынып» IEA есебі күрделі жоғары деңгейінің басқа тапсырмасы
қазақстандық қатысушылар үшін айтарлықтай қиын болды. Төртінші сынып
оқушыларының 38% кем үлесі бірінші салынған баған бойынша шкаланы дұрыс
оқып, берілген диаграммамен жұмысты аяқтай алды. Тапсырма күрделі болды,
өйткені «Бағандық диаграммалар» тақырыбы бастауыш сынып оқушыларына
17
бейтаныс болды, себебі оқу бағдарламаларына сәйкес ол 5-6 сыныптарда алғаш
рет оқытылады. Корейлік білім алушылардың 80%-ы және жапондық
оқушылардың 73%-ы берілген мәліметтерді түсіндіре отырып, дайын бағандық
диаграмманың жетіспейтін бағандарын жасады. TIMSS-2015 қатысушы елдер
бойынша орта есеппен бұл тапсырманы төртінші сынып оқушыларының 51%-ы
орындады.
Дереккөз: «TIMSS-2015. Математика пәнінен халықаралық нәтижелер, 4-
сынып» IEA есебі күрделіліктің орташа деңгейі тапсырмаларының мазмұны
қатысушылардың кестедегі мәтіндік тапсырмалармен жұмыс жасау дағдыларын
меңгеруін анықтайды. Бұндай тапсырмалар бастауыш мектептің оқулықтарында
көп кездесе бермейді, бірақ оқушылар масса және ұзындық сияқты ұғымдарды
біледі және берілген мәліметтерді талдап, кестемен салыстыра алады.
Қазақстаннан қатысушылардың 62%-ы бұл тапсырманы орындады.
Кестеде берілген жыланның массасы (90кг) мен қыз көрген жыланның массасын
(80кг) салыстыру қиындық туғызуы мүмкін еді. Сонымен қатар, мәндердің
интервалы түрінде берілген екі жыланның ұзындығы туралы мәліметтер де,
әлбетте, белгілі бір қиындықты туғызды. Гонконг (97%) және Корей
Республикасының (95%) оқушылары бұл тапсырмаларды орындауда көшбасшы
болды.
Қазақстанның төртінші сынып оқушыларының математика пәнінен
нәтижесі 544 балды құрады, бұл TIMSS-2015-тің қатысушы 49 мемлекеттің
арасында 12-орынға сәйкес келеді.
Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының қорытынды жиынтық
көрсеткіші зерттеуге қатысушы елдердің орташа балынан жоғары.
-
TIMSS-2011-мен
салыстырғанда, еліміздің бастауыш мектебі
математикалық дайындық көрсеткішінің 43 балдық өсімін көрсеткен.
- Ілгері және жоғары деңгейлердің тапсырмаларын орындаған
қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының үлесі артты.
- «Сандар» бөлімінің тапсырмаларын орындауда 23 елдің, соның ішінде
Қазақстанның да төртінші сынып оқушылары жетістікке жетті.
- Қазақстан оқушыларының оқу-танымдық қызметтің барлық үш түрі
бойынша көрсеткіштердің өсімі 40 балдан артық болды.
- Бұл кезекте, қазақстандық төртінші сынып оқушыларына стандартты
емес нысанда (кестелер, графиктер және диаграмма) келтірілген деректерге
түсінік беру қиындық туғызады.
- Қазақстандық орта мектеп күрделілік деңгейі орташа математикалық
есептерді шешу қабілетін анағұрлым сәтті көрсетті.
- Бастауыш мектептің қазақстандық түлектерінің жалпы нәтижесі
жаратылыстанудан 550 балды құрады. TIMSS-2011-мен салыстырғанда, орташа
балдың өсімі (+55) болды.
- Халықаралық салыстыруда қазақстандық төртінші сынып оқушылары
жаратылыстану бойынша дайындықтың барлық деңгейлері оң динамиканы
көрсетті.
- Қазақстандық қатысушылар танымдық қызметтің түрлері мен барлық үш
мазмұндық бөлімдері бойынша көрсеткіштердің артуын көрсетті. Еліміздің 4-
18
сынып оқушылары «Білу» және «Пайымдау» тапсырмаларын едәуір жақсы
орындады.
Осы мәліметтерге қарасақ, бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын
TIMSS деңгейіндегі үлгерімдерінің сапасынан байқауға болады.
TIMSS-2019
нәтижелерінің
талдауы
көрсеткендей,
Қазақстан
оқушыларының көпшілігі (42%) қиындық деңгейі төмен және орташа
тапсырмаларды орындай алатындарын көрсеткен. Зерттеу технологиясына
сәйкес, қиындық деңгейінің әрбір келесі деңгейінің тапсырмаларын орындай
алған оқушылардың үлесіне алдыңғы қиындық деңгейінің тапсырмаларын
орындаған оқушылар кіреді.
Зерттеуге қатысқан қазақстандық төртінші сынып оқушыларының
нәтижелері:
- 24% тек төмен деңгейдегі тапсырмаларды орындады;
- 42% тек төмен және орташа деңгейдегі тапсырмаларды орындады;
- 24% тек төмен, орташа және жоғары деңгейдегі тапсырмаларды
орындады.
- 5% ілгері деңгейді қоса алғанда, барлық деңгейдегі тапсырмаларды
орындады. Осылайша, қазақстандық төртінші сынып оқушыларының 95%-ы
төмен деңгейдегі тапсырмаларды орындады (қатысушы елдер бойынша орташа
көрсеткіш – 92%). Күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмаларды 71%-ы (әлемде
– 71%), жоғары деңгейдегі тапсырмаларды 29%-ы (әлемде – 34%) орындады.
Қазақстандық оқушылардың 5%- ы ілгері деңгейдегі тапсырмаларды
орындады (әлемде – 7%). Сингапурда төртінші сынып оқушыларының
жартысынан астамы (54%), Гонконгта (38%) және Корея Республикасында (37%)
оқушылардың үштен бірінен астамы ілгері деңгейге жетті. Ресейде 4-сыныптың
әрбір бесінші оқушысы ілгері деңгейінің тапсырмаларын орындады (20%).
Қиындық деңгейі төмен тапсырмаларды Қазақстанда төртінші сынып
оқушыларының 5%-ы, Грузияда – 16%-ы, Әзірбайжан мен Арменияда – 8%-ы
орындай алмады. Гонконгта қиындық деңгейі төмен тапсырмаларды орындай
алмаған оқушылар жоқ. Сингапурде, Кореяда, Жапонияда және Ресей
Федерациясында мұндай оқушылар тек 1%- ды ғана құрайды. Қытайлық
Тайпэйде 4-сынып оқушыларының 37%-ы ілгері деңгейдегі тапсырмаларды
орындады, Жапонияда бұл үлес 33%-ды құрады. Ұлыбритания елдерінде ең
қиын тапсырмаларды орындаудың жоғары деңгейі байқалады, Солтүстік
Ирландияда оқушылардың 26%-ы осындай тапсырмаларды орындады. Ал
Пәкістан мен Филиппинде мұндай оқушылар кездеспеді.
Халықаралық сарапшылар қатысушы елдерде зерттеу циклдары бойы
әртүрлі қиындық деңгейлеріне жеткен оқушылар үлесінің өзгеруін атап өтеді
(Mullis және Martin, 2019). Мәселен, 2011 жылы Қазақстанда математикадан
күрделілігі төмен тапсырмаларды 4-сынып оқушыларының 88%-ы орындаса,
2019 жылы 95%-ы көтерген. Осындай өзгеріс күрделілігі орташа тапсырмалар
бойынша да байқалады (2011 – 62%, 2019 – 71%). Басқа екі деңгей бойынша
(жоғары және ілгері) жоғарылау немесе төмендеу үрдісі байқалмайды. 2007 және
2015 жылдармен салыстырғанда күрделілігі ілгері және жоғары, сондай-ақ
19
орташа деңгейлеріндегі тапсырмаларды орындаған оқушылар үлесінің
төмендеуі байқалды.
Енді TIMSS- 2019 - 4-сынып оқушыларының нәтижелері шолу жасасақ.
Бұнда зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның төртінші сынып
оқушыларының математика бойынша орташа нәтижесі 512 балды құрады. Бұл
нәтиже TIMSS-2019 қатысушы елдер тізіміндегі 31-ші орынға сәйкес келеді (бұл
орын шартты болып табылады, өйткені IEA елдерді ресми түрде орын-орынға
жіктемейді, елдердің жетістіктері 500 балға тең шкаланың орташа мәніне
қатысты есептелінеді).
Жалпы, төртінші сынып деңгейінде зерттеуге 58 ел қатысты, оның ішінде
5 ел – ТМД елдерінен (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан және Ресей).
TIMSS зерттеуінің алдыңғы циклдеріндегідей, 2019 жылы үздік 5 ел қатарына
Азия елдері кірді. Математикалық сауаттылық бойынша ең жоғары нәтижелерді
Сингапур (625 балл), Гонконг (602 балл) және Корея Республикасының (600
балл) оқушылары көрсетті. Олардан кейін Қытайлық Тайпэй (599) және Жапония
(593) орналасты. ТМД елдері арасында Ресей Федерациясының 4-сынып
оқушылары қорытынды рейтингте алтыншы орынға (567 балл) ие болып, ең
жоғары нәтижелер көрсетті. Әзірбайжан оқушылары қазақстандық құрдастары
сияқты шкаланың орташа мәнінен жоғары нәтиже көрсетті – 515 балл, бұл
рейтингтегі шартты 28-орынға сәйкес келеді. Армениялық оқушылар 498 балл
(38-орын), Грузиялық оқушылар 482 балл (42-орын) жинады.
Гендер бойынша Көптеген елдерде гендерлік тепе-теңдік байқалады,
алайда ұлдардың пайдасына шамалы айырмашылық бар. Орта есеппен алғанда,
ұлдар қыздардан небары 4 балл алда. Мысалы, Гонконгта (+5) балл, Қытайлық
Тайпэйде (+4), Финляндияда (+2) балл.
ТМД елдері арасында Ресей мен Грузия нәтижелеріндегі айырмашылық
Сингапурдағыдай ұлдардың пайдасына 8 балды құрады. Қазақстандық қыздар
мен ұлдардың математика бойынша нәтижелері бірдей болды – 512 балл.
Сондай- ақ, Жапония (593 балл) және Солтүстік Македония (472 балл)
оқушылары бірдей балл жинады. Әзірбайжан (+3) және Армения (+2)
оқушыларының көрсеткіштерінде қыздардың пайдасына шамалы алшақтық
байқалады.
Тек төрт елде төртінші сыныпта оқитын қыздар ұлдарға қарағанда
математикадан жоғары нәтиже көрсетті. Оларға Филиппин (қыздардың
пайдасына 35 балл), Сауд Арабиясы (қыздардың пайдасына 26 балл), Оңтүстік
Африка (қыздардың пайдасына 20 балл) және Оман (қыздардың пайдасына 14
балл) кіреді.
Мазмұндық салалар бойынша жетістіктер 4-сыныпқа арналған TIMSS
мазмұндық саласы үш негізгі компоненттен тұрады: «Сандар», «Геометриялық
фигуралар мен өлшемдер» және «Деректер». Әрбір мазмұндық сала жеке
тақырыптық бөлімдерден тұрады, онда тест тапсырмалары пайыздық қатынаста
бөлінеді. «Сандар» бағытының тапсырмалары (50%) үш бөлімге бөлінген:
«Нөлді қоса алғандағы натурал сандар» (25%), «Бөлшектер мен ондық
бөлшектер» (10%) және «Өрнектер, қарапайым теңдеулер мен қатынастар»
(15%). «Геометриялық фигуралар мен өлшемдер» (30%) мазмұндық саласы екі
20
тақырыптық бөлімнен тұрады: «Нүктелер, сызықтар мен бұрыштар» (15%) және
«Екі өлшемді және үш өлшемді фигуралар» (15%). «Деректер» саласы (20%) да
екі тақырыптық бөлімнен тұрады: «Оқу, түсіндіру және ұсыну» (15%) және
«Есептерді шешуде деректерді қолдану» (5%).
Қазақстан(512) Жапония (593)
Гонконг (602 балл) Сингапур (625 балл)
2-сурет – 4-сынып оқушылар арасындағы салыстырмалы талдау
мәселелерін шешу бойынша
Математикадан TIMSS-2019 нәтижелерін мазмұндық салалар бөлінісінде
талдау қазақстандық 4-сынып оқушылары «Сандар» бөлімінің тапсырмаларын
анағұрлым табысты орындағанын көрсетті, олар 523 балл жинады. Бұл
математика бойынша ҚР жалпы орташа балынан 11 балға жоғары.
«Геометриялық фигуралар мен өлшемдер» бөлімінің тапсырмалары бойынша
оқушылар орта есеппен 513 балл (жалпы орташа балмен салыстыруға болады),
«Деректер» бөлімінің тапсырмалары бойынша 481 балл жинады, бұл – жалпы
орташа көрсеткіштен төмен.
Рейтингтің көшбасшы
елдерінің
нәтижелерімен
салыстырғанда,
қазақстандық оқушылардың «Сандар» бөлімінің тапсырмалары бойынша 70
балдан 112 балға дейін, «Геометриялық фигуралар мен өлшемдер» бөлімінің
тапсырмалары бойынша 95 балдан 107 балға дейін және «Деректер» бөлімі
бойынша 121 балдан 132 балға дейін айтарлықтай артта қалуы байқалады. Бұл
ретте, көрсетілген үш бөлім бойынша Ресейден 44 балдан 79 балға дейін артта
қалу байқалады. Өз кезегінде, Армения мен Грузия оқушылары қазақстандық
оқушыларға қарағанда барлық үш бағыт бойынша төмен нәтиже көрсетті.
«Сандар» бөлімі бойынша ең жақсы нәтижелерді Сингапур, Гонконг, Қытайлық
Тайпэй және Корея Республикасы көрсетті. Бұл ретте, осы бөлімнің
тапсырмалары бойынша елдердің орташа балымен салыстырғандағы
айырмашылық -4 балдан (Гонконг) +10 балға (Сингапур) дейін жетеді.
Бұл Гонконг осы мазмұндық сала бойынша басқа елдерден алда
болғанымен, оқушылардың нәтижелері «Деректер» және «Геометриялық
фигуралар мен өлшемдер» бөлімдерінің тапсырмаларымен салыстырғанда төмен
21
екенін білдіреді. Сонымен қатар, «Геометриялық фигуралар мен өлшемдер»
мазмұндық саласының тапсырмалары бойынша дәл осы елдер көш бастады,
елдегі орташа балмен салыстырғандағы айырмашылық -5 балдан (Сингапур) 8
балға дейін (Қытайлық Тайпэй, Корея Республикасы және Жапония) жетеді.
«Деректер» мазмұндық саласы бойынша ең жоғары нәтижелерді Сингапур
оқушылары көрсетті, бірақ елдің орташа балымен салыстырғандағы
айырмашылық (-12) балл, ал Қытайлық Тайпэйде (-9) балл болды. Өз кезегінде
Жапонияның төртінші сынып оқушылары елдегі орташа көрсеткіштен 13 балл
жоғары нәтиже көрсетті.
Зерттеу
нәтижелері
бойынша
Қазақстанның
төртінші
сынып
оқушыларының математика бойынша орташа нәтижесі 512 балды құрады. Бұл
нәтиже TIMSS-2019 қатысушы елдер тізіміндегі 31-ші орынға сәйкес келеді (бұл
орын шартты болып табылады, өйткені IEA елдерді ресми түрде орын-орынға
жіктемейді, елдердің жетістіктері 500 балға тең шкаланың орташа мәніне
қатысты есептелінеді). Жалпы, төртінші сынып деңгейінде зерттеуге 58 ел
қатысты, оның ішінде 5 ел – ТМД елдерінен (Әзірбайжан, Армения, Грузия,
Қазақстан және Ресей). TIMSS зерттеуінің алдыңғы циклдеріндегідей, 2019
жылы үздік 5 ел қатарына Азия елдері кірді. Математикалық сауаттылық
бойынша ең жоғары нәтижелерді Сингапур (625 балл), Гонконг (602 балл) және
Корея Республикасының (600 балл) оқушылары көрсетті. Олардан кейін
Қытайлық Тайпей (599) және Жапония (593) орналасты. ТМД елдері арасында
Ресей Федерациясының 4-сынып оқушылары қорытынды рейтингте алтыншы
орынға (567 балл) ие болып, ең жоғары нәтижелер көрсетті. Әзірбайжан
оқушылары қазақстандық құрдастары сияқты шкаланың орташа мәнінен жоғары
нәтиже көрсетті – 515 балл, бұл рейтингтегі шартты 28-орынға сәйкес келеді.
Армениялық оқушылар 498 балл (38-орын), Грузиялық оқушылар 482 балл (42-
орын) жинады.
Филиппин оқушылары көрсетті. Бұл ретте, ең жоғары және ең төмен
нәтиже көрсеткен елдер арасында елеулі алшақтық бар – 328 балл.
Осылайша Қазақстанның нәтижелері 26 елдің және бенчмаркинг
шеңберіндегі 3 қатысушы аймақтың нәтижелерінен статистикалық төмен, 22 ел
мен бір аймақтың нәтижелерінен статистикалық тұрғыдан жоғары және 9 ел мен
екі аймақтың нәтижелерімен салыстырмалы болып шықты.
Жалпы бастауыш бөлім мониторинг бойынша Қазақстанда білім алушы
оқушылардың білім деңгейлері басқа шет мемлекеттерінің оқушыларымен
салыстырсақ, білім деңгейлері айтарлықтай жақсы екенін байқауға болады.
Қорыта келгенде, соңғы 2015-2019 жылдар аралығында болған TIMSS
және PISA-мен нәтижелерінің салыстырмаларынан байқағанымыз Қазақстан
елінің оқушылары жалпы бастауыш сынып бойынша, көрсеткен көрсеткіш
деңгейлері айтарлықтай қанағаттарлық.
Соңғы жылдары бастауыш сынып оқушылары калькулятордың көмегінсіз
есеп шығаратын дәрежеге жеткен.
Қазақстанда оқушылардың 62%-ы калькулятордың көмегінсіз натурал
сандармен жұмыс істейтіндерін, 47%-ы жай және ондық бөлшектермен жұмыс
істейтіндерін айтқан. Бір қызығы, бізде оқушылар мен мұғалімдердің
22
жауаптарында өте үлкен айырмашылық байқалады. Мұғалімдердің жауаптары
бойынша оқушылардың 97%-ы сабақта натурал сандармен жұмыс істесе, 29%-ы
бөлшектермен жұмыс істейді. Орташа есеппен басқа елдерге қарағанда,
Қазақстанда ең көп уақыт геометриялық пішіндерді оқытуға, өте аз уақыт сынып
пен мектеп маңындағы заттарды өлшеуге бөлінеді екен. Оқушылардың
математика есептерін шешу қабілеттерін дамытуға арналған сұрақтардан
алынған мәліметтер үлкен қызығушылық тудыруда. Орта есеппен барлық ел
бойынша мұғалімдер оқушыларының тек 38%-ы ғана формулалар мен есептеу
әдістерін есте сақтау жұмыстарымен айналысады деп жауап берсе,
оқушылардың 72%-ы бұл түріне көп уақыт бөлетіндіктерін айтқан. Алайда
сабақта өздігімен есеп шығару (76% және 74%) және сабақта өз жауаптарын
түсіндіру (61% және 66%) бойынша оқушылар мен мұғалімдердің жауаптары
сәйкес келеді.
Жалпы қорыта айтқанда, қазіргі заманың талабына сай бастауыш сынып
оқушыларының білім деңгейлерінің сапасы TIMSS нәтижелері бойынша көш
алдында деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |