8
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 38 578 оқушы білім алған. Оның
8 829 оқушысы оқу үздігі, ал 16 162 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім
100 %, сапа 65 %-ды құрайды.
Павлодар облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын
салыстырып қарасақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. 2019-2020 оқу
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +3 516 оқушыға, ал 2020-2021 оқу
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +98 оқушыға артқан. Оқу үздіктері
мен оқу екпінділер санында да өзгерістер бар. 2019-2020 оқу жылына қарағанда
2020-2021 оқу жылында оқу үздіктер саны +2 966 оқушыға, ал
оқу екпінділер
саны +343 оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу
жылында оқу үздіктер саны -1 906 оқушыға, ал оқу екпінділер саны -482 оқушыға
кеміген. Сол себепті де білім сапасында да өзгеріс бар. 2019-2020 оқу жылына
қарағанда 2020-2021 оқу жылдары пайызға шаққанда +1,7 %-ға артса, ал 2020-
2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылдары пайызға шаққанда -5,7 %-ға
кемігенін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: