Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы
8 сынып ҚМЖ 1 тоқсан 2022 2023 дүние тарих, 8 сынып ҚМЖ 1 тоқсан 2022 2023 дүние тарих
Ақмола облысы бойынша
2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 41 893 
оқушы білім алған. Оқу жылын 12 646 оқушы оқу үздігі, 18 196 оқушы оқу 
екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 пайызды, ал сапа 73,7 пайызды құраған. 
2020-2021 оқу жылында 43 654 оқушы білім алған. Оның 12 699 оқушысы 
оқу үздігі, ал 18 459 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының 
үлгерімі 100 %, ал сапасы 71 %-ды құрайды. 
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 44 737 оқушы білім алған. Оның 
11 653 оқушысы оқу үздігі, ал 19 400 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. 
Үлгерім 100 %, сапа 69,3 %-ды құрайды. 
Ақмола облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын 
салыстыратын болсақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. 2019-2020 оқу 
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +1 761 оқушыға, ал 2020-2021 оқу 
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +1 083 оқушыға артқан. Ал үздіктер 
мен екпінділер санында да өзгеріс бар. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-
2021 оқу жылында оқу үздіктер саны +53 оқушыға, ал оқу екпінділер саны +263 
оқушыға артқан. 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында оқу 
үздіктер саны -1 046 оқушыға кемісе, оқу екпінділер саны +941 оқушыға артқан. 
Білім сапасында тек кему байқалады. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-
2021 оқу жылдары пайызға шаққанда -2,7 пайызға, ал 2020-2021 оқу жылына 
қарағанда 2021-2022 оқу жылдары пайызға шаққанда -1,7 %-ға кеміген.
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша 2019-2020 оқу жылында 2-4 
сыныптарда 21 893 оқушы білім алған. Оқу жылын 6 339 оқушы оқу үздігі, 10 
093 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 %-ды, ал сапа 75 %-ды 
құраған. 
2020-2021 оқу жылында 22 690 оқушы білім алған. Оның 6 018 оқушы оқу 
үздігі, ал 9 846 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының үлгерімі 
100 %, ал сапасы 69,7 %-ды құраған. 
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 23068 оқушы білім алған. Оның 5 
826 оқушысы оқу үздігі, ал 10 094 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 
100 %, сапа 69 %-ды құрайды. 



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын 
салыстыратын болсақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. 2019-2020 оқу 
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +797 оқушыға, ал 2020-2021 оқу 
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +378 оқушыға артқан. Ал үздіктер 
мен екпінділер санында да өзгерістер бар. 2019-2020 оқу жылына қарағанда 
2020-2021 оқу жылында оқу үздіктері -321 оқушыға, ал оқу екпінділер саны -247 
оқушыға кемісе, 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында оқу 
үздіктер саны -192 оқушыға кеміп, ал оқу екпінділер саны +248 оқушыға артқан. 
Ал білім сапасы 2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылдары 
пайызға шаққанда -5,3 %-ға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу 
жылдары пайызға шаққанда -0,7 %-ға кеміген. 
Ақтөбе облысы бойынша
2019-2020 оқу жылында 2-4 сыныптарда 49 124 
оқушы білім алған. Оқу жылын 16 081 оқушы оқу үздігі және 18 398 оқушы оқу 
екпіндісі болып аяқтаған. Үлгерім 100 %-ды, ал сапа 70 %-ды құраған. 
2020-2021 оқу жылында 52 221 оқушы білім алған. Оның 17 162 оқушысы 
оқу үздігі, ал 18 889 оқушысы оқу екпіндісі болып аяқтаған. Бұл оқу жылының 
үлгерімі 100 %, ал сапасы 69 %-ды құрайды. 
2021-2022 оқу жылында 2-4 сыныптарда 53 340 оқушы білім алған. Оның 
15 682 оқушысы оқу үздігі, ал 19 492 оқушы оқу екпіндісі болып аяқтаған. 
Үлгерім 100 %, сапа 65,7 %-ды құрайды. 
Ақтөбе облысы бойынша соңғы үш оқу жылы қорытындысын 
салыстыратын болсақ, оқушы саны жыл сайын артып отырған. 2019-2020 оқу 
жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында +3 097 оқушыға, ал 2020-2021 оқу 
жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында +1 119 оқушыға артқан. 2019-2020 
оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылында үздіктер +1 081 оқушыға, 
екпінділер +491 оқушыға артса, 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу 
жылында үздіктер саны -15 682 оқушыға кеміп, екпінділер +603 оқушыға артқан. 
Оқушы санының артуына байланысты білім сапасында тек кемуі байқалады. 
2019-2020 оқу жылына қарағанда 2020-2021 оқу жылдары пайызға шаққанда -1 
%-ға, ал 2020-2021 оқу жылына қарағанда 2021-2022 оқу жылында -3,3 %-ға 
кеміген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет