Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
Сұрақ: 
Ауырсынуға жауап беру жолын көрсететін дене мүшелерін жоғарыдан 
төмен қарай рет-ретімен қойыңыз.
 
 
Жауабы: 
 
 


190 
 
9 тапсырма 
Сұрақ: 
Дененің термореттелуінің анағұрлым суретке сәйкес келетін түрлерін 
таңдаңыз.
 
 
 
 
Жауабы:
 
 
10 тапсырма 
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу 
Тыныс алудың түрлері 
Тыныс алу — ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасудың үздіксіз 
биологиялық үдерісі. Тыныс алу үдерісі барысында атмосфералық оттегі қанға 
өтеді, ал ағзада түзілген көмір қышқыл газы дем шығару арқылы сыртқа 
шығарылады. Тыныс алу сыртқы (өкпемен тыныс алу) және ішкі (ұлпалық тыныс 


191 
алу) болып бөлінеді. Олардың арасында аралық түйін — газдың қанмен 
тасымалдануы жүреді. 
Сыртқы тыныс алу(өкпемен тыныс алу) 
Оттегінің өкпеге түсуі және альвеолалар ауасы мен кіші айналым 
шеңберінің қаны арасындағы газ алмасу. 
Ішкі тыныс алу (ұлпалық тыныс алу) 
Оттегінің ұлпаларда пайдалануы немесе оның тотығу–тотықсыздану 
реакцияларына қатысуы. 
Жасушалық тыныс алу 
Бұл энергия өндіру үшін органикалық қосылыстардың тотығуының көп 
кезеңді үдерісі. Бұл энергияның бір бөлігі жоғары энергетикалық байланыстар 
түрінде АТФ-да сақталады, ал қалған бөлігі жылу ретінде таралады. 
Ағзадағы газ алмасу тәртібі 
Газ алмасу — ағза мен оның айналасындағылар арасындағы газдардың 
алмасу үдерісі. Оттегі қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы ауадан қанға, 
ал көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Газдар диффузиясы оның қандағы 
және ауадағы концентрациясының әр түрлі болуы нәтижесінде жүзеге асады. 
Нәтижесінде газ оттегі диффузиясы жолымен алмасып, ағзаға таралады да, 
көміртектің қос тотығы шығарылады. 
Ішкі және сыртқы газ алмасу 
Газ алмасудың өкпеде өтуінің себебі, эритроциттердегі гемоглобинге 
оттегінің берілуі және көмір қышқыл газының қаннан шығарылуының 
нәтижесінде жүреді. 
Қан оттегіні барлық мүшелерге тасымалдағаннан кейін, қылтамырлар 
торында газ алмасудың басқа түрі өтеді. Оттегі эритроциттердің гемоглобинінен 
дененің жасушаларына беріледі, ал олар өз кезегінде қанға көмірқышқыл газын 
береді. Бұл — ішкі газ алмасу немесе ішкі тыныс алу деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет