Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет82/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

Жауап қабылданбайды 
0 коды: басқа жауаптар 
9-Код: жауап жоқ 
 
Күрделілік деңгейі 
орташа,4 
 
Тапсырма №3
«Аспан тасы»
Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90% темір құрайды. 
Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5% темір бар. 


205 
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Деректерге сүйенсек метеорит 
құрамында 90% темір бар. 
Темір элементінің биологиялық маңызы да өте зор. Егер адам организмінде темір 
жетіспесе баршаға белгілі қан аздық ауыруы пайда болады. 
 
1-Сұрақ :Таза темірді алу үшін қандай әдістер қолданылады?
Әрбір пайымдауда «иә» немесе «жоқ» жауаптарының бірін көрсетіңіз. 
Таза темірді алу үшін қандай әдістер
қолданылады?
«иә» немесе «жоқ»
Оксидтерінен темірді тотықсыздандыру арқылы 
Иә/жоқ 
Темір гидроксидтерінен тотықсыздандыру арқылы 
Иә/жоқ 
Темір (ІІ) тұздарынан , судағы ертінділерінен электролиздеу арқылы Иә/жоқ 
Жауап: 
Дұрыс-1жауап иә Оксидерінен темірді тотықсыздандыру арқылы; 
Дұрыс -3 жауап иәТемір (ІІ) тұздарынан судағы ертінділерінен 
электролиздеу арқылы 
 
2-Сұрақ:
Темір табиғатта минералдар түрінде кездеседі.Темірдің 
маңызды минералдарының химиялық формулаларын сәйкестендіріңіз 
Минералдардың атауы 
Химиялық формуласы 
Магнетит 
Fe
2
O
3
Гематит 
Fe
3
O
4
Лимонит 
FeS
2
Пирит 
Fe
2
O
3
*nH
2

Жауап: 
Магнетит Fe3O4 
Гематит 
Fe2O3 
Лимонит Fe2O3*nH2O 
Пирит 
FeS2 
 
3-Сұрақ:
Темір оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттері болады. Олардың 
тотығу дәрежесі артқан сайын негздік қасиеттері әлсізденіп қышқылдық 
қасиеттері күшейеді. 
Fe
2+
ионына тән қасиет ол ауада тез тотығады.Осы процесс қан 
плазмасының қызыл түсті болуын көрсетеді. Осы рекцияның жүзеге 
асырылуын өрнектеп, түсіндіріңіз. 
Жауап: 


206 
2Fe (OH)2+O0+HOH
2Fe+3 (OH)3 
Темір 2+ иондары ауадағы оттек және су молекулаларыментотығып, 
темір 3+ ионына айналады,тотығу процесі жоғарылаған сайын жасыл тат 
қызылға айнала бастағаны байқалады. 
4-Сұрақ:
Темірдің негізгі құймалары шойын мен болат. Суретте шойынды 
өндіретін домна пеші көрсетілген. Домна пешінің жоғары жағынан біртіндеп 
шахта : балқытқыш араластырылған темір кенін, соңынан кокс және қайтадан 
темір кенін салады.Төменгі жағынан оттегімен байытылған ыстық ауа 
үрленеді,кокс жанады.Экзотермиялық реакция нәтижесінде температура 
1850
0
С-қа дейін жетеді.Егер шикізат ретінде қызыл теміртас алынған болса 
онда, осы процесте жүретін рекция теңдеулерін талдаңыз. 
Жауап: 
1) 
C+O2 = CO2+402 кДж 
2) 
СO2+ C = 2CO 
3) 
3Fe2O3+CO =2Fe3O4+ CO2 
4) 
Fe3O4+CO = 3FeO + CO2 
5) 
FeO+CO = Fe + CO2 
Көміртек ІІ оксиді осы процесте кокстағы қатты көміртегінің қатысуына 
қарамастан темірді оксидтерінен тотықсыздандыратын негізгі 
тотықсыздандырғыш болып табылады.Көміртегі ІІ оксиді темірді біртіндеп 
тотықсыздандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет