5.1.5.1.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру . (Т/А5) 5.3.6.1. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау. (Ж6)
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Құндылыққа баулу.
Өз отбасының, сыныбының,мектебінің,қоғамның,Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
Ойтүрткі 1-тапсырма Хобби , Сүйікті іс Мәтін: Хобби («hobby» -ағылшын тілінен алғанда –«сүйікті ісіңмен айналысу» дегенді білдіреді.Бұл – ләззат алу үшін орындалатын адам әрекетінің бір түрі, яғни адам өзінің бос уақытында қуана-қуана айналысатын ісі. Адамның сүйікті ісі оны күйзелістен, ашу-ызадан құтқарады. Оның үстіне, ол адамның жан-жақты болуына көмектеседі. Хоббидің негізгі мақсаты- өзін-өзі дамытуға көмектесу. Microsoft (Майкрософт) компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс теннис және бридж ойнауды жақсы көреді. Әсіресе оның кітап оқуға деген құмарлығы кішкентай күнінен басталған. Ол кітапханасын сирек кездесетін кітаптармен толықтыруға арнайы адам жалдаған. Телеграф, телефон, киноаппарат, фонограф тәрізді дүниелерді өмірге алып келген ХХ ғасырдың басындағы ұлы адам- Томас Эдисон түрлі диетаның адам ағзасына әсерін зерттеумен айналысқан. Facebook (Фейсбук) әлеуметтік желісін құрушы Марк Цукерберг жыл сайын өзінің хоббиін өзгертіп, әлем туралы түсінігін кеңейту үшін бос уақытын түрлі пәндерді оқуға арнаған. Хобби осылайша адамдардың негізгі кәсібіне кедергі жасамайды, керісінше оның жан-жақты болуына және өмірінің мағыналы өтуіне көмектеседі екен.