2009 жылдан бері өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттардың саны қысқартылды.
Министрлікте 26 рұқсат беру құжаты мен 5 хабарлама сипатындағы құжат қалды.
Әр рұқсат беру құжатына бизнес-процестерді автоматтандыру, өтініштерді қарау мерзімін және мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді.