Сабақ жоспары пән аты: информатика Тексерілді



Дата29.03.2017
өлшемі49,97 Kb.
#12552
түріПрезентация
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: информатика                                   Тексерілді: ______________

Сыныбы/мерзімі:                                                   « __ »   ____   2015 жыл

 

Сабақтың аты

Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі.

Сілтеме

Жоспар, ғаламтор материалдары (www.google.kzwww.sabak.kzwww.45minut.kz,т.б )

Жалпы мақсаы

 Программа құрылымымен,  кесте ішіндегілерге   мәтін енгізу және пішімдеу  арқылы жұмыс   жасауға   үйрету.  Жұппен, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу



Күтілетін нәтижесі

  • Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруде,  презентация құрып жұмыс жасай алатын болады

  • Дербес компьютерде жұмыс жасау барысында белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады

Негізгі идеялар

  • Мәтіндік редактор жайындағы  мағлұматтар

  • Презентация құрылымы

  • Кесте құра білу

/іздену, мағлұмат жинау, тапсырма орындау/

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  2. Үйтапсырмасын сұрау

  3. Топқа бөлу

ІІ. Топтық  жұмыс (  8 минут  )  Ишара арқылы бағаланады

Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.

Графикалық ақпарат туралы түсінік.

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320; тігінен-200 нүкте)болады.

Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.Мысалы,егер еомпьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.Фотосуреттерде  де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді,  қажет болмаған жағдайда ішінра алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысылы,  кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан)Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады.)Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.Компьютерлік  графиканың қолданылу салалары.Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және  т.с.с түрінде қолданылады. Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.

Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді-міне, осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма ) жасалады.

Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.         .

ІІІ. Жеке  жұмыс ( Мәтінмен жұмыс жасау)  

Бұл тапсырма бағдаршам  арқылы бағаланады.

ІV.  Сергіту сәті  2 минут


  1. Жұптық жұмыс 14 минут

  2. ( 1- 4 тапсырмалар )

  смайлик көрсету арқылы баға береміз

   Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі,                      сынып журналын толтыру.  (3 минут)



Кейінгі тапсырмалар

Жаттығу орындау.

Кейінгі оқу

 Компьютерлік графика түрлері



РЕФЛЕКСИЯ
Каталог: uploads -> doc -> 0a11
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a11 -> Сабақ Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім Өткізген: Медиева П. Н
0a11 -> «Бағалау» мамандығы 2 курс күндізгі бөлім оқушыларына «Қаржы» пәнінен емтихан тест сұрақтары
0a11 -> Сабақтың тақырыбы Ауыл байлығы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет