Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



бет5/7
Дата17.02.2017
өлшемі1,48 Mb.
#9735
1   2   3   4   5   6   7

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы

2015 жылғы есепке

талдамалық жазба
1-бөлім. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Нысаналы индикатор: Инфляция (5-8%)

2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық Банк белгілеген 6-8% нысаналы дәлізден асты. Инфляцияның жеделдеуі 2015 жылғы қазан-желтоқсанда (4-тоқсанда 10,4%) теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуі және мұнай бағамының төмендеуі жағдайында болды.

2015 жылы инфляция 13,6%-ды құрады (2014 жылы – 7,4%). Бұл ретте азық-түлік тауарлары 10,9%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 22,6%-ға (7,8%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсетулер бір жылда 8,1%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім мен аяқ киімнің бағасы 32,9%-ға, дәрі-дәрмектің бағасы 30,7%-ға, тұрмыстық заттардың бағасы 24,7%-ға көтерілді. Бензиннің құны 4,6%-ға өсті, дизель отынының құны 9,6%-ға арзандады.


1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 36)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) 2015-2016 жылдар үшін жарияланған ақпаратына сәйкес Қазақстан «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша 31 орында болды, бұл жоспарда белгіленген нысаналы деңгейге сәйкес келеді.


Экономиканы монеталандыру деңгейі (30%-дан төмен емес)

ІЖӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша 42,2%-ды құрады.


Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі (25%-дан төмен емес)

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2015 жылы 15 970,5 млрд. теңгеге дейін 36,6%-ға көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 177,8 млрд. теңгеге дейін 25,8%, жеке тұлғалардың депозиттері 6 792,7 млрд. теңгеге дейін 54,5% өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір жылда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 4,8% төмендеді, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 69,6% өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2015 жылғы желтоқсанда 44,5%-дан 31,0%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы бір жылда 32,7%-дан 21,1%-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 20,1% (2014 жылғы желтоқсанда 8,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,5% (8,1%) құрады.


Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері (15% көп емес)

2015 жылғы наурызда ең төменгі резервтік талаптардың тетігіне өзгерістер енгізілді. Резервтік міндеттемелердің теңгедегі және шетел валютасындағы міндеттемелерді резиденттік қағидатын және мерзімділігін сақтай отырып бөлу көзделетін неғұрлым жан-жақты құрылымы енгізілді. Банктердің өтімділікті басқару мүмкіндігін жақсарту мақсатында орташа алу қағидаты сақтала отырып, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тәртібі өзгерді. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік талаптарды айқындау және резервтік активтерді қалыптастыру кезеңдері күнтізбелік 28 күнді құрайды және тікелей бір бірінен кейін жүреді. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау шеңберінде банктер тарапынан өтімділікке сұраныстың қажетті көлемін айқындау мақсатында Ұлттық Банк резервтік активтер құрылымындағы қолма-қол ақшаның үлесін шектеді. Банктердің кассаларындағы ең төменгі резервтік талаптарды орындауға арналған қолма-қол ақша көлемі ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңінде ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 70%-нан аспайды.

2016 жылғы 28 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің Басқармасы ең төменгі резервтік талаптарды орындау кезінде қолма-қол ақша кассасын пайдалану бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдады. Тиісінше, ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін банктер резервтік активтерді (ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және корреспонденттік шот) толық көлемде пайдалана алады. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау кезінде қолма-қол ақша кассасын пайдалану бойынша шектеулерді жою Қаулы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Резервтік міндеттемелердің әрбір түрі бойынша 2015 жылғы 12 мамырдан бастап ең төменгі резервтік талаптардың мынадай бөлек нормативі белгіленді:

1) банктердің ұлттық валютадағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0%;

2) банктердің ұлттық валютадағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 4,0%;

3) банктердің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0%;

4) банктердің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0%;

5) банктердің шетел валютасындағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0%;

6) банктердің шетел валютасындағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 6,0%;

7) банктердің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0%;

8) банктердің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0%.


З1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің мөлшерлемелер дәлізінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді ұстап тұру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (5-8%)

2015 жылы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өзгеріссіз, жылдық 5,5% деңгейде қалды.


1.2-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру

Нысаналы индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің көлемі (тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының кемінде 3 айы)

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының 6.8 айын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.


1.2.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы (кемінде 1)

Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау жеткілікті көлемде жүргізілді.

Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Нысаналы көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас шамамен 25,88 болды.
1.2.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі (кемінде 80%)

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өтеуге дейін қалған қысқамерзімді сыртқы борыштың халықаралық резервтерге арақатысы нысаналы көрсеткіш кемінде 80% болған кезде 120,33% құрады. Осы көрсеткіш тоқсан сайын, 1-тоқсанда кешіктірілумен есептеледі.


1.2.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінің АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінен асып кетуі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижесі бойынша, соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен (-) 0,89% мөлшеріндегі теріс кірістілікке қол жеткізілді.

ҚРҰҚ басқару кезінде қолданылатын индекстік қағидатты ескере отырып, тұрақтандыру және жинақ портфельдерінен тұратын ҚРҰҚ теріс кірістілігінің негізінен эталондық портфельдердің теріс кірістілігінен туындағанын атап өтеміз.

ҚРҰБ ағымдағы кезеңдегі кірістілігін әртараптандыру және арттыру мақсатында ҚРҰБ активтерді басқаруға мамандандырылған бірқатар ірі ұйымдармен бірлесіп ҚРҰҚ активтерін стратегиялық бөлудің неғұрлым оңтайлы моделін әзірлейді.

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық қордың активтерін басқаруды одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: ҚР Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының ерекше жағдайларының саны (кемінде 1)

Акциялар бойынша активтік позицияны жабу және ҚРҰҚ активтерін эталондық бөлуге сәйкес келтіру туралы шешім шеңберінде ҚРҰБ Инвестициялық комитетінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 54 хаттамасына сәйкес Ғаламдық пассивтік акциялар мандаты бойынша жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушыларды жұмыстан босату және басқаруындағы активтердің мөлшерін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде есепті жылдың қыркүйегінде басқарудың қанағаттандырылмаған нәтижесі салдарынан ҚР ҰБ Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысымен бекітілген ҚРҰҚ сыртқы басқарушыларын таңдау қағидаларына сәйкес ҚРҰҚ екі сыртқы басқарушысы жұмыстан босатылды және Ғаламдық пассивтік акциялар мандаты бойынша басқарушылар бөлігінде басқарудағы активтердің мөлшері қысқартылды.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру

2.1-мақсат. Республиканың әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуына ықпал ететін және сыртқы экономикалық конъюнктура және елдің валюта нарығындағы жағдай күрт өзгерген жағдайда барабар шешімдер қабылдау және шұғыл ден қою үшін валюталық операциялар мониторингінің тиімді жүйесін қамтамасыз ететін ырықтандырылған валюталық режим

Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауда үшін бөгет жасайтын және капитал қозғалысы операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін валюталық шектеулердің саны (0)

Осы нысаналы индикатор бойынша саны – 0


2.1.1-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағыны бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

2.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады (50 мың АҚШ долл.).

ҚРҰБ көрсетілген міндетке қол жеткізу мақсатында сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мәнді, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа қолданылатын есептік тіркеу талабын Стратегиялық жоспардың тікелей нәтижесінің тиісті көрсеткіштерінде белгіленгендей, баламасы 50 мың АҚШ долларынан төмен емес деңгейде сақтауды қамтамасыз етті.


2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру.

2.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%-ы).

Ырықтандырылған валюталық режім жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылады, ал қаржылық тұрақтылықты қамтамсыз ету жөнінде шаралар қабылдау мақсатында валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оны сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту қажет. ҚРҰБ міндеттерінің бірі валюталар айырбастаудың ұйымдасқан нарығын реттеуді жетілдіру және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу арқылы тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу шеңберінде ҚРҰБ ҚР аумағындағы уәкілетті ұйымдардың жалпы санының 58%-ын (тікелей нәтиже көрсеткіші – кемінде 30%) қамтыды.
3-стратегиялық бағыт.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ұлттық Банк 2015 жылы төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын, оның ішінде трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдарының тетігі бөлігінде одан әрі дамыту, төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.



Төлем жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізу және қызмет көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылды, резервтік орталықты «әскери» режімде ұстап тұру үшін төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару жұмысы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша пайдаланушылар үшін төлем жүйелерінің үздіксіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.
Нысаналы индикатор: Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті (кемінде 95%).

2015 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 100%-ды құрады, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін көрсетеді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төтенше жағдайлар туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты (бір төтенше жағдай бойынша 24 сағаттан аспайды)

2015 жылы төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру талап етілетін төтенше жағдайлар байқалған жоқ.

Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу коэффициенттері

Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің мәнін ай сайын есептеді. 2015 жылы БААЖ және БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 100%-ды құрады.



Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу

2015 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша 3 іс-шара жүргізілді:

1) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне алғашқы көшіру 2015 жылғы 16 мамырда жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 22 мамырда жүргізілді;

2) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне екінші көшіру 2015 жылғы 31 шілдеде жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 14 тамызда жүргізілді;

3) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне үшінші көшіру 2015 жылғы 20 қарашада жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 27 қарашада жүргізілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі (кемінде 37%)

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2015 жылы 98 720,6 мың транзакцияны құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 2,1 есе немесе 111,7%-ға (2012 жылы осы төлемдердің саны 46 630,6 мың транзакция) өсті.



Іс-шара: Халық арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлеу тәсілдерін пайдаланудың артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Халықтың төлем карточкалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық Банк және оның облыстардағы аумақтық филиалдары халық арасында және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысының әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылығын насихаттау және түсіндіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары халық арасында төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылықтары туралы хабардар болуы жөнінде пікіртерім ұйымдастырып, жүргізді. Сонымен қатар тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жазу, телевидение мен радиода сөйлеу арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылықтары, төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу жөніндегі қағидалар, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты төлем карточкаларын пайдалану арқылы ақы төлеуден бас тартқаны үшін жауапкершілік және т.б. туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар жекелеген аумақтық филиалдар электрондық ақшаны пайдалану, төлемдерді Интернет-банкинг, мобильді төлемдер арқылы жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер ақысын «электрондық үкімет» порталы арқылы төлеу мүмкіндігі және т.б. мәселелер бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту жөніндегі негізгі іс-шара ҚР Үкіметінің №114713 қаулысын іске асыру болып табылады, Ұлттық Банк және оның аумақтық филиалдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ахуалға мониторинг жүргізу және қажетті іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы алғанда, 2015 жылы «Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамсыз ету 3-стартегиялық бағыты бойынша» қойылған нысаналы индикатордың және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орындалғаны байқалды. Мәселен, кемінде 95% қойылған жоспарлы мәні кезінде БААЖ және БКЖ-нің жұмыс істеу қабілеттілігінің коэффициенті 100%, болды. Төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын, оның ішінде трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдарының тетігі бөлігінде жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг және бақылау жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің үздіксіздігі коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу жүргізілді.

Резервтік орталықтың жұмысын қолдау мақсатында жыл бойы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне және керісінше негізгі серверге көшіру жұмыстары 3 рет (2015 жылғы 6 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 мамыр аралығында, 2015 жылғы 31 шілдеден бастап 2015 жылғы 14 тамыз аралығында және 2015 жылғы 20 қарашадан бастап 2015 жылғы 27 қараша аралығында) жүргізілді. Жылдың қорытындысы бойынша төлем жүйелерін резервтік орталықтың негізгі серверіне көшіруді талап еткен төтенше жағдайлар (іркілістер) байқалған жоқ.

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі 111,7%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш кемінде 40%.

2016 жылы қойылған нысаналы индикаторға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған тән тәуекелдерді, оның ішінде операциялық тәуекелді барынша азайту, төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін бөлшек қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жалғастырылады.


4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Нысаналы индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 95)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2015-2016 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша жыл қорытындысы бойынша 2014-2015 жылдардағымен салыстырғанда 2 орынға төмендеп, 110-орынды иеленді. Осылайша, нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ. Осы индикатор бойынша позицияның жалпы рейтингтегі нашарлауы көбіне компаниялар басшыларының банк секторындағы ахуалды бұрынғысынша қабылдау жағдайында басқа елдердің рейтингтегі өз позицияларын жақсартуымен байланысты болды (компаниялар басшыларының арасында жүргізілген пікіртерім қорытындылары бойынша ҚР-ға берілген орташа балл 2014 жылдағыдай 4,2-ні құрады).

«Сенімділікті қабылдау» индикаторы банк жүйесі клиенттерінің (кәсіпорын басшылары) ақпаратқа және оны талдау үшін ресурстарға рұқсаты шектеулі пікіртеріміне негізделген. Түбегейлі факторлардан басқа, ол сыртқы ақпараттық шудың, қоғамдық көңіл-күйлердің әсерін көрсетеді және біршама екпінділіктен зардап шегеді. Мәселен, макроэкономикалық қордың нашарлауына және қолайсыз сыртқы күйзелістердің іске асырылуына қарамастан, қазақстандық банктердің сенімділікті қабылдауы 2015 жылы нашарлаған жоқ. Біз банктердің 2014-2015 жылдары айырбастау бағамын қорғау кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығының әлсіреуін 2016 жылдың нәтижелері бойынша «сенімділікті қабылдау» нашарлағанда және одан кешірек байқалады деп күтеміз.

Бұл «сенімділікті қабылдау» индикаторының кемшіліктерін көрсетеді. Ол халықаралық инвесторлар үшін пайдалы бола алады, бірақ оның қаржы саясатын және нарықты дамыту бағыттарын әзірлеуге пайдасы шамалы. Бұдан басқа, көп жылдық лагтарға, сондай-ақ туындайтын проблемалар диагностикасының болмауына орай осы индикаторды қаржы саясатын және қаржы нарығының даму стратегияларын әзірлеу мақсаты үшін пайдалану оншалықты тиімді емес.

Халықаралық қаржы мониторлары мен реттеушілері – ХВҚ-тың және Халықаралық төлемдер банкінің, сондай-ақ халықаралық рейтинг агенттіктерінің пікірі барынша кәсіби болып табылады. Бірақ бұл бағалар қаржы жүйесінің жай-күйіне диагноз қоюға және мемлекеттік өктемдік тетіктерін әзірлеуге жеткілікті ақпарат емес. Осы мақсаттар үшін қаржы жүйесінің және қаржы институттарының даму деңгейінің барынша көп жақты индикаторларын құру қажет деп санаймыз.
4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (26%-дан төмен емес)

Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2015 жылы 12 674,2 млрд. теңге болып, 4,7%-ға артты.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі 8 401,1 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен 4 273,1 млрд. теңгеге дейін 20,7%-ға өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 70,8%-дан 66,3%-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы ұзақмерзімді кредиттеу 10 518,1 млрд. теңге болып, 9,5%-ға өсті, қысқамерзімді – 2 156,2 млрд. теңгеге дейін 13,7%-ға төмендеді. Нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 79,4%-дан 83,0%-ға дейін өсті.

Заңды тұлғаларға кредиттер 2015 жылы 8 510,7 млрд. теңге болып 5,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға 4 163,6 млрд. теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 33,2%-дан 32,9%-ға дейін төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2015 жылы 2 060,5 млрд. теңгеге дейін 15,2%-ға ұлғайды, бұл экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 16,3%-ын құрайды (2014 жылғы желтоқсанда – 14,8%).

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда – 20,9% (2014 жылғы желтоқсанда – 20,0%), өнеркәсіп – 13,4% (11,3%), құрылыс – 7,8% (9,4%), ауыл шаруашылығы – 5,2% (4,0%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,0% (2014 жылғы желтоқсанда – 14,4%), жеке тұлғалардікі – 17,3% (18,7%) болды.



Іс-шара: Кредит нарығының өлшемдеріне зерделеуді жүргізу

2015 жылдың қорытындылары бойынша банктің өкілдерінен кейіннен сұхбат ала отырып, сауалнама нысанында банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» 4 зерттеу жүргізілді. 2015 жылғы ақпанда, мамырда, тамызда және қарашада ҚРҰБ интернет – ресурсына 4 жарияланым орналастырылды.

Банктердің пікірі бойынша, мұнайға баға белгілеудің құлдырауы, теңгелік өтімділіктің тапшылығы, сондай-ақ теңгенің валюталық бағамын түзету банктердің 2015 жылы қарыз алушыларды кредиттеу ниетінің төмендеуіне себепші болды. Осының салдарынан банктер кредиттік саясатты қатаңдатты. Нәтижесінде, қарыз алушылар тарапынан сұраныс 2015 жылы кредиттеудің барлық бөліктерінде төмендеді. Тұтастай алғанда банктер кредиттік тәуекелдің өспелі деңгейіне қарамастан қатаң кредит саясаты есебінен кредиттік портфель сапасының біршама нашарлауына жол бермеуді көздейді. Банктер проблемалық қарыздармен жұмыс жүргізу кезінде үмітсіз берешекті коллекторлық компанияларға сатуды, есептен шығаруды, кредиттің жалпы мерзімін ұзартуды, төлемдер кестесін өзгертуді, борышты қайта қаржыландыруды барынша басым шаралар ретінде атап өтті.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі (12%-дан төмен емес)

2015 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыздар несие портфелінің 27,3% үлесімен 4 242,2 млрд. теңге (2015 жылдың басында – 3 248,1 млрд. теңге немесе несие портфелінің 22,9%), 2015 жылғы ұлғаюы – 30,6% болды.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: ЕДБ-нің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі (кемінде 25%)

2015 жылдың қорытындылары бойынша ЕДБ-нің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі жылдың басында 23,5%-ға төмендеп, 8% болды.

Жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің біршама төмендеуіне банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін қарыздар деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені есебінен қол жеткізілді, атап айтқанда:


  • Проблемалық кредиттер қорының ірі жүйе құраушы банкке шартты қаржыландыруды беруі;

  • банктік емес ұйым ретінде жұмыс істемейтін активтерді кейіннен басқара отырып «БТА Банк» АҚ лицензиясының қолданылуын тоқтату;

  • банктердің жұмыс істемейтін қарыздар деңгейін төмендету (есептен шығару/кешіру және т.б) бойынша дербес жұмыс істеуі.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа, оның ішінде техникалық дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2015 жыл бойы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.



Іс-шара: Банк секторына стресс-тестілеу жүргізу

2015 жылғы қорытындылар бойынша 01.01.2015 жағдай бойынша қорытынды айналымдармен және 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша «top-down» форматындағы 2 стресс-тестілеу жүргізілді.

Өз кезегінде, стресс-тестілеу сценарийлері мынадай болжамдарға негізделген:

- Қазақстанның сауда әріптестерінің, атап айтқанда Ресейде ІЖӨ-нің өсу қарқынының төмендеуі.

- 01.01.2015 жылғы қорытындылар бойынша стресс-тестілеу кезінде ұзақтығы 3 тоқсанда мұнай бағасының 34 АҚШ долл./баррелге дейін төмендеуі және ұзақтығы 4 тоқсанда мұнай бағасының 26 АҚШ долл./баррелге дейін төмендеуі.

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша стресс-тестілеу тәуекелдің мынадай екі түрі бойынша жүргізілді: кредиттік және нарықтық. 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша стресс-тестілеу тәуекелдің мынадай үш түрі бойынша жүргізілді: кредиттік, нарықтық және өтімділік тәуекелі. Стресс-тестілеу жүргізілген банктердің тізбесіне стресс-тестілеу кезінде 01.01.2015 жылғы қорытындылар бойынша 27 банк және 01.10.2015 жылғы қорытындылар бойынша 28 банк енгізілді.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Банктік емес қаржы ұйымдары секторының шоғырлануы» көрсеткіші 14

Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде «басқа қаржы корпорациясы активтерінің қаржы жүйесінің жиынтық активтеріне қатынасы» көрсеткішіне есеп жүргізілді, ол 01.01.2015 жылы 26,5% болды. 2015 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша осы көрсеткіш банктік емес қаржы ұйымдары секторы активтерінің банк секторының активтерінен басым өсуіне байланысты 27,4%-ға15 дейін ұлғайды.

Осылайша, 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бес ірі банктің банк секторының активтеріндегі үлесі (54%)

01.01.2016ж. жағдай бойынша бес ірі банктің («КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) банк секторының жиынтық активтеріндегі үлесі 59,2%16 болды. Осы көрсеткіш нарықтың конъюнктурасына байланысты. Бұл көрсеткішке ықпал ету Ұлттық Банктің құзыретіне жатпайды.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (10%)

ҚРҰБ-тың 2014-2018 жылдарға арналған стартегиялық жоспарына сәйкес 2015 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» (бұдан әрі – Қор) АҚ-тың жарғылық капиталын 10%-ға ұлғайту жоспарланды.

Тармақ «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 29 қаулысымен орындалды.

Қордың жарғылық капиталы он жеті миллиард жеті жүз он бес миллион алты жүз мың теңге (Қордың жарғылық капиталының 10%-ы) сомаға толықтырылды.

Қордың жарғылық капиталын ұлғайту қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін

арттыру, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпыәлемдік

қадағалау стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Дағдарысты жағдайларды болдырмауға ықпал ететін тәуекелдерді бағалауға негізделген банктердің қаржылық орнықтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін банк секторын реттеу жүйесін жетілдіру

Нысаналы индикатор: Банк жүйесіндегі CAELS ≤3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі (кемінде 30%)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 31.12.2014ж. № 600 бұйрығымен бекітілген CAMELОS жүйесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің рейтингін айқындау жөніндегі нұсқаулықта CAELS бойынша жиынтық рейтингті тағайындау көзделмеген.



Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұлттық Банктің өткен есепті жылдың қорытындылары бойынша ескертуін назарға ала отырып ҚРҰБ осы нысаналы көрсеткішті «Банк жүйесіндегі CAELS жүйесінің әрбір құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі» нысаналы көрсеткішіне ауыстыруды ұсынады. Бұл ретте осы көрсеткіштің жыл сайынғы негізде есептелетіндігін атап өткен жөн.


5.1.1.

Банк жүйесіндегі CAELS жүйесінің әрбір құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017ж.

2018ж.

5.1.1.1.

«С» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.2.

«A» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.3.

«E» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.4.

«L» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.5.

«S» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет