Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



бет7/7
Дата17.02.2017
өлшемі1,48 Mb.
#9735
1   2   3   4   5   6   7

2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
4-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтығын

қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру

4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сеніміне қолдау көрсету

Іс-шара. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларды, тағылымдамаларды, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыруы мен қатысуы

Орталық банктердің қаржылық тұрақтылықты және тиімді қызметті қамтамасыз етудегі әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында 2015 жылы ҚРҰБ-тың 22 қызметкері қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелі тәуекелдерді талдау, экономикалық және макроэкономикалық саясат, орталық банктердің тәуекелдерді басқарудың халықаралық тәжірибесі мәселелері қаралған шетелдік орталық банктердің өкілдерімен өткізілген шетелдік семинарларға, жұмыс кездесулерге қатысты. Қызметкерлер Біріккен Вена Институты ХВҚ-мен, Дойче Бундесбанкпен, Англия Банкімен, Корей Банкімен, Чех Ұлттық Банкімен, Италия Банкімен, Нидерланд Банкімен, Польшаның Ұлттық Банкімен, Корея активтерді басқару корпорациясымен бірлесе отырып ұйымдастырған шетелдік семинарларға қатысты.


Оқуға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқыту жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Міндет. Ұлттық Банк жүйесінде үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Іс-шара: Ұлттық Банк қызметкерлерінің оқытылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру қағидаларымен жүзеге асырылды.

2015 жылы Ұлттық Банктің 794 қызметкері оқытудан өтті. Ұлттық Банктің қызметкерлерін лекторлар ретінде тарта отырып мыналар: «Ақша белгілерінің тұпнұсқалығын және төлемге жарамдылығын анықтау бойынша сараптама жүргізу негіздері» тақырыбы бойынша тағлымдама, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Жамбыл филиалдарының қызметкерлері үшін «Сарапшы» автоматты ақпараттық шағын жүйесімен жұмыс істеуге оқыту, сондай-ақ Ұлттық Банктің жекелеген филиалдарының қызметкерлері үшін мемлекеттік құпияны қорғау басқармасында тағлымдама; «ҚРҰБ аумақтық филиалдарының валюталық бақылауды жүзеге асыруы», «Ақша белгілері сараптамасының өзекті мәселелері және тұпнұсқалығын анықтау әдістері» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

Үздіксіз оқыту жүйесін дамыту шегінде Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізу жалғастырылады.
«Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ-тағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы арқылы Ұлттық Банктің мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысуы

Міндет. «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы арқылы Ұлттық Банктің мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысуы

Іс-шара: Қазақстанның қаржы жүйесін Ұлттық Банктің жоғары білімді кадрларымен қамтамасыз ету үшін «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ-тағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы арқылы мемлекеттік органдар және қаржы ұйымдары үшін кадрларды дайындауға қатысу жалғастырылды.

Ұлттық Банктің қызметкерлері лекцияларды, мастер-кластарды өткізуге, Магистратурадағы түрлі комиссиялардың жұмысына, магистранттарды жұмысқа орналастыруға, оқуға түсу емтихандарын ұйымдастыруға қатысты.

2014-2015 оқу жылында «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ-тағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасындағы оқыту процесіне Ұлттық Банктің 34 білікті қызметкер тартылды, 2015-2016 жылдары Ұлттық Банктің 26 білікті қызметкері, сондай-ақ ҚРҰБ Төрағасы орынбасарларының бірі тартылды.

Оқу жоспарына сәйкес магистранттар Ұлттық Банктің бөлімшелерінде практикадан өтті.

Сондай-ақ, Магистратура өкілдері «The value of CFA Institute certificates for development of financial sector in Kazakhstan» тақырыбы бойынша семинарға қатысты.

Жалпы, Ұлттық Банктің Магистратура арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар дайындауға қатысу нәтижелері, бұл жобаның оң нәтиже беретінін көрсетті. Магистратура түлектері оқу барысында тұрақты негізде Ұлттық Банктен және басқа қаржы ұйымдарынан практиктер сабақ бергендіктен тәжірибелік тұрғыдағы дайындықтарын біріктіре отырып теориялық білім алды, практика тікелей Ұлттық Банкте өткізіледі, Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері практика және магистрлық диссертациялардың жетекшілері болып табылады. Мұның барлығы Магистратура түлектеріне Ұлттық Банкке, не басқа қаржы ұйымдарына жұмысқа орналасқан кезде оңай бейімделіп кетуге мүмкіндік береді.

Мамандарды даярлаудың оң тәжірибесін дамыту шеңберінде тәжірибе мен теория синергиясымен Ұлттық Банк Магистратурасы арқылы кадрларды даярлауға қатысу бойынша жұмысты Ұлттық Банк жалғастыратын болады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту

Іс-шара. Ұлттық Банктің өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерінің көрсетілуін қамтамасыз етуі.

а) автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтер бойынша

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау туралы» ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі қаулысын орындау үшін, ҚРҰБ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) 6 көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесін тұрақты қолдануға енгізу актілері бекітілді:

1) «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» 2015 жылғы 27 сәуір;

2) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу» 2015 жылғы
29 сәуір;

3) «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» 2015 жылғы 29 сәуір;

4) «Мемлекеттiк емес облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу»
2015 жылғы 30 сәуір;

5) «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» 2015 жылғы 30 сәуір;

6) «Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру» 2015 жылғы 30 сәуір.

б) көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін бекіту бойынша жұмыстар

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 шілдеде тіркелді және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 енгізілді;

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 шілдеде тіркелді және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11665 енгізілді;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесін пысықтау мақсатында 2015 жылғы маусымда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ИДМ), ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (бұдан әрі – ҚР ИДМ БААК) және «ҰАТ» АҚ атына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары жіберілді.

в) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу және оларды автоматтандыру бойынша жұмыстар

2015 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Үкіметінің №756 қаулысымен Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер қабылданды, ол ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілді.

Сонымен, қағаз нысанда көрсетілетін 4 жаңа көрсетілетін мемлекеттік қызмет қосылды, электрондық/қағаз нысанда көрсетілетін 2 көрсетілетін мемлекеттік қызмет алынып тасталды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі 57 көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 43-і электрондық/қағаз нысанда, тек 14-і ғана қағаз нысанда көрсетіледі.

2015 жылғы 4 қарашада ҚР ИДМ және ҚР ИДМ БААК атына ҚР Ұлттық Банкінің автоматтандыру мерзімдері 2016-2017 жж. болатын 10 көрсетілетін мемлекеттік қызметін оңтайландыру және автоматтандыруға жататын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне қосу жөнінде ұсыныстар және оларды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген электрондық нысанға ауыстыру мерзімдері жіберілді. 4 көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша автоматтандырудың мақсатқа сай екендігі туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 9 қыркүйекте ҚР ИДМ БААК өкілдерімен ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Оның нәтижесі бойынша тек 1 санатты рұқсаттар болып табылатын 13 көрсетілетін мемлекеттік қызметті (лицензияларды) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық нысанда ғана көрсету туралы шешім қабылданды.

2015 жылдың ішінде ҚРҰБ орталық аппаратының бөлімшелері және аумақтық филиалдары 5 365 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде:

- мемлекеттің органның өзінде қағаз нысанда – 4 132 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мүмкін болған, бірақ қағаз нысанда - 141 мемлекеттік қызмет;

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде - 172;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» АЖ арқылы – 920.



г) ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін қызметтерін алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс

ҚРҰБ-тың мемлекеттік қызметтерді көрсететін аумақтық филиалдары және бөлімшелері хат жолдау, БАҚ, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.с.с арқылы тұрақты негізде Ұлттық Банктің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы көрсетілетін қызметтерді алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

ҚР Ұлттық Банкінің интернет-ресурсының «Ұлттық Банктің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері» бөлімінде Ұлттық Банктің көрсетілетін қызметтерін алушыларға арналған ақпарат орналастырылған.

2015 жылғы қыркүйек ішінде аумақтық филиалдар «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып «Электрондық Үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алу бойынша ҚР Ұлттық Банкінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алушылар болып табылатын ұйымдардың басшылары, қызметкерлері үшін 19 оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді.

2 Аумақтық филиалдардың электрондық/қағаз нысанда көрсетілетін көрсетілетін мемлекеттік қызметтері толығымен «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.
3-бөлім. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Сыртқы тәуекелдер

Энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының құлдырауы

Әлемдік қаржы дағдарысы

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттілігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы.

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы

1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын, активтердің жоғары өтімділігін және инвестициялық кіріс өсімін қамтамасыз ететіндей, тиімді басқару.

2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу

Іс-шаралар:

1. Есепті кезеңнің үшінші және төртінші тоқсандарында өтімділіктің жеткілікті деңгейін қолдау үшін өтімділік портфелін қажетті толтыру жүзеге асырылды.

2. Ықтимал алуды қамтамасыз ету мақсатында қысқамерзімді өтімділікті қолдау үшін ҰҚ-тың тұрақтандырылған портфелінің барынша жоғары деңгейі сақталады.
Ықтимал тәуекел. Қаржылық тұрақтылыққа төнуі мүмкін қауіп-қатер

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Қаржы нарығында жүйелік дағдарыстың дамуы.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстанда макропруденциялық реттеуді енгізу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Тәуекелдерді нақты басқару

1. Тәуекел жүзеге аспағандықтан 2015 жылы шараларды қабылдау қажеттілігі болған жоқ.

2. 2015 жылы Қаржылық тұрақтылық және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:


  • «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметі;

  • кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесін дамыту;

  • ЕАЭО туралы шарт шеңберінде қаржы секторындағы заңнаманы үйлестіруді жүргізу;

  • ағымдағы мәртебе және 2014 жылғы Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау графигі;

  • Қазақстан Республикасы қаржы нарығының ықпалдастығы;

  • «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту;

  • Төлемдер мен төлем жүйелері туралы Қазақстан Республикасының Заңының жобасы;

  • екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу;

  • Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі қаржылық қызметтер секторы бойынша міндеттемесі;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келіп түсетін қаржы ұйымдарының есептілігін оңтайландыру;

  • банк секторындағы ағымдағы ахуал;

  • банк секторын реттеудің жекелеген тәсілдері:

- капиталдың жеткіліктілігі бойынша;

- жұмыс істемейтін активтер бойынша;

- тұтынушылық кредиттеу бойынша;

- қорландыру көздерін әртараптандыру бойынша.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге кепілге нарықтық емес активтерді қоя отырып өтімділік беруі.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Капиталдың тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға жүргізілген статистикалық мониторинг деректері негізінде қолданылатын жедел ден қою шаралары

Іс-шара:

Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекел туындаған жоқ).



Ислам әлеміндегі геосаяси тұрақсыздық және террорлық топтардың қызметі

Тәуекелдерді басқару шаралары қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:
Ислам қаржы жүйесінің ислам экстремизміне және террорлық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысы бар деген қалыптасқан пікірдің болуына байланысты исламды, оның ішінде исламдық қаржыландыруды теріс қабылдаудың күшеюі. Бұл жағдай елдегі исламдық қаржыландыру секторының өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.

Ықтимал тәуекелді басқару тетіктері мен шаралары

Исламдық қаржы туралы хабардар болуды одан әрі жылжытуға және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру.

Тәуекел туындаған жоқ, бұл ретте Қазақстан Республикасында исламдық қаржы туралы хабардар болуды арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2015 жылғы 4-5 маусымда Ұлттық Банк Islamic Research and Training Institute бірлесе отырып мемлекеттік қызметшілер және ұлттық компаниялардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Islamic Finance Primer» тақырыбына семинар ұйымдастырды. Семинар барысында исламдық қаржыландыру негіздері, оның ішінде исламдық банкинг, сақтандыру, лизинг, капитал нарығы, исламдық қаржыландыру нарығының жұмыс істеу қағидаттары және т.б. туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ 2015 жылғы 17 – 22 тамыз аралығындағы кезеңде Ұлттық Банк «Исламдық қаржыларды дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен (бұдан әрі – ИҚДҚ) және «Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесе отырып «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінің базасында исламдық қаржы бойынша Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрам және Ұлттық Банктің өкілдері (филиалдар) үшін семинар өткізді. Семинар бағдарламасы қағидаттардың, өнімдер ерекшеліктерінің, исламдық банкинг, сақтандыру схемасының, бағалы қағаздардың, әлемдегі исламдық қаржыландыруды дамытудың және Қазақстанда имплементациясы бойынша бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселелерін қамтыды. Семинарлардың лекторлары ИҚДҚ мүшелері – Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің практиктері мен оқытушылары болды.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 24 және 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ИҚДҚ-мен бірлесе отырып мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Алматы және Астана қалаларындағы қаржы нарығына қатысушылар үшін практикалық семинарлар ұйымдастырды. Семинарлардың лекторлары ретінде семинарларға Исламдық қаржы институттарына арналған бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі халықаралық ұйымның (бұдан әрі – AAOIFI) Бас хатшысы – доктор Хамед Хасан Мерах және AAOIFI Шариғат кеңесінің Төрағасы – шейх Мухаммед Таки Усмани қатысты. Семинарлар барысында исламдық қаржыландыру өнімдері мен қызметтері, оның ішінде исламдық банкинг, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы, халықаралық тәжірибе және т.б. бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Осылайша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы исламдық қаржы туралы хабардар болуды арттыру жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ұлттық Банк 4 семинар өткізді.
Ішкі тәуекелдер

Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы.

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Өтімділік дағдарысы кезінде бос қаражаттың (АВА-ның инвестициялық портфелінен активтерді аудару үшін және қолма-қол қаражатты босату үшін оларды сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін.

Күнтізбелік тоқсанда бір рет тексеріледі (әрбір тоқсанның оныншы жұмыс күнінде). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелі толықтырылады.

АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болған жоқ. Сонымен бірге, өтімділіктің қажетті деңгейін бақылау және ұстап тұру бойынша жұмыстардың аясында есепті кезеңде өтімділік портфелін қажетті толықтырулар жүргізілді.

Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген өңірлерде қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және, соның салдарынан, әлеуметтік шиеленістің туындауы.



Басқару тетіктері мен шаралары

Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық өңірлеріне қолма-қол ақша жеткізу шараларын әзірлеу.

ҚР ҰБ-ның жалпы резервтік қорларында (сақтау орны), сондай-ақ аумақтық филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаның жетіспеу жағдайында шаралар қабылдау және ықтимал тәуекелдерді барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлары кеңесінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету ережесіне сәйкес Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорларындағы қалған ұсынылатын қоры әзірленіп, ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары бекітті.

Ұлттық Банктің филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға қажеттіліктің кез-келген кенеттен күрт өсуін қанағаттандыру үшін қажетті қаржы шоғырландырылған. Аталған іс-шаралар, бір жағынан, аймақтарда қолма-қол ақшаға қажеттіліктің кез-келген кенеттен күрт өсуін жабуға жеткілікті қаржы көлемдерімен қамтамасыз ету үшін, және екінші жағынан, Ұлттық Банктің резервтерін аймақтар бойынша бөлу үшін жүргізілді. Соңғысы, өз кезегінде түрлі ықтимал төтенше жағдайлардың (су басу, өрт, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан бір жерде шоғырланған қолма-қол ақшаны жоғалтудың ықтимал тәуекелін төмендетеді.

Ұлттық Банктің Басқармасы 2016 жылға банкноттар көлемі мен ұлттық валюта монеталарын бекітті:



  1. Ұлттық Банк Басқармасының «2016 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» 2015 жылғы 17 маусымдағы №118 қаулысы;

2) Ұлттық Банк Басқармасының «2016 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» 2015 жылғы 17 маусымдағы №119 қаулысы.
Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Ұлттық Банк қызметі нәтижелілігінің төмендеуі

Қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру

Ұлттық Банкте кадрлардың тұрақтамауын төмендету және жұмыстан шығу себептерін анықтау мақсатында Ұлттық Банктің 2014 жылы жұмыстан босатылған қызметкерлеріне талдау жүргізілді. 2014 жылы кадрлардың тұрақтамау деңгейі 6,1% құрады. Бұл ретте жұмыстан босатылудың негізгі себептері: Ұлттық Банк қызметкерлерінің қызметтің жаңа саласын игеруіне деген ниеті және жеке басына байланысты себептер.

ҚРҰБ-ның кадрларға деген қажеттілігін талдау және жоспарлау нәтижелері бойынша ҚРҰБ 22 қызмет орнына орналасуға 10 конкурс өткізілді. Конкурсқа қатысуға 298 үміткер құжаттарын (340 қызмет орнына, кейбір үміткерлер бірнеше қызметке өтініш берген) тапсырған. Конкурстың қорытындысы: 16 қатысушы іріктелді, 9 адам ҚРҰБ кадр резервіне алынды, 6 лауазым бойынша конкурс өтпеді. Конкурстық барлық жеңімпазы конкурстың барлық кезеңінен ҚРҰБ конкурстық комиссия өткізетін тестілеуден және әңгімелесуден сәтті өтті және ҚРҰБ қызметшілерінің лауазымына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Ұлттық Банк жаңа қабылданған қызметкерлерінде жұмысқа деген қызығушылығын тудыру, еңбек тәжірибесін жинау, әріптестерімен іскерлік және жеке байланыс қалыптастыру мақсатында қызметкерлерді бейімдеу ұйымдастырылды.

ЖОО-мен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар шеңберінде жас мамандарды тарту және оларға ақпарат беру мақсатында ҚРҰБ кадр қызметінің өкілдері Қазақстан Британ техникалық университеті - 27.03.2015ж., «Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеті» АҚ - 15.04.2015ж., Alma University - 24.04.2015ж., Халықаралық бизнес университеті – 29.04.2015ж. ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты.

Ұлттық Банкте кадрлар тұрақтамауын азайту және Ұлттық Банк қызметкерлерін кәсіби дамыту мақсатында шетелдік орталық банктер мен халықаралық ұйымдардан тәжірибелі лекторларын тартумен оқыту іс-шараларын өткізу қажеттілігін анықтау практикасы жалғастырылатын болады, сондай-ақ оқыту процесін жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.


Капиталды жұмылдыруға ықпал ететін шаралар бөлігінде мемлекеттік органдар іс-қимылдарының үйлесімсіздігі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары:

Салықтық және кедендік әкімшілік ету, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бөлігінде келісілмеген шаралар қабылдау нәтижесінде елден капиталдың бақылаусыз әкетілу тәуекелінің ұлғаюы

Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталды жұмылдыруға ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдер қабылдау

Іс-шара:

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел туындаған жоқ).
Стратегиялық жоспарды іске асыру қорытындылары туралы тұжырымдар
Жүргізілген талдаудың нәтижелері көрсеткендей, Ұлттық Банк 2015 жыл ішінде Ұлттық Банкке байланыссыз себептер бойынша толыққанды іске асыру жүзеге асырылмаған кейбір бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында баяндалған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша жоспарланған нысаналы индикаторлары мен міндеттерінің көрсеткіштерін жалпы алғанда орындады.

Ұсыныстар
2016 жылдың қорытындылары бойынша қол жеткізуге жоспарланған Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша нысаналы индикаторлары мен міндеттерінің көрсеткіштерін орындау бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру.

Ұлттық Банк

Төрағасы



Д. Ақышев


Ескертпе:

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ААШЖ - автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе

ҚРПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

СК- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

ЕДБ - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

Т24 БАЖ - Т24 Банктік ақпараттық жүйе

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

ЕЭО – Еуразиялық экономикалық одақ

АВА – алтын валюта активтері

ҚРҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҚРҰҚ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры

БААЖ- банкаралық ақша аудару жүйесі

БКЖ - Банкаралық клиринг жүйесі

ПКҚ - «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы



1 Есепте 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ІЖӨ жылдық көрсеткіш бойынша алынады

2 - жылдық есептік ІЖӨ (2015 ж. 9 ай + 2014 ж.. 1-тоқсан)

3 алдын ала деректер бойынша

4 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

5 Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша жоспарлы (тестілеу) іс-шараларды қоспағанда.

6 Белгілі бір (бір) төтенше жағдай туындаған кезде төлем жүйелерін негізгі орталықтың серверлерінен резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты 24 сағаттан аспайды. Бұл ретте төтенше оқиғалар санын болжау мүмкін емес (табиғи апаттарға және өзге де сыртқы факторларға байланысты). Осыған байланысты бір жылдағы жалпы уақытты есептеу мүмкін емес.

7 Қаржы жүйесінің жиынтық активтеріндегі басқа қаржы корпорациялары активтерінің үлесі

8 01.10.2015 ж.; 25,9% - 01.01.2016 ж. , микроқаржы ұйымдарын есептемегенде

9 CAELS рейтингі 1-ден (ең жақсы) 5-ке дейін (ең нашар) өзгереді.


10 01.01.2016 ж. алдын ала деректер бойынша

11 Төлем қабілеттілігінің нақты маржасы жеткіліктілігінің нормативі төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Төлем қабілеттілігі маржасы (1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділік активтері мен сақтандыру резервтерін қоса алғанда, міндеттемелері арасындағы айырма не (2) жарғылық капитал, есепті кезеңдегі бөлінбеген табыс, пайда есебінен қалыптастырылған қорлар мен резервтер сомасы ретінде есептеледі.

12 Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексі зейнетақы қызметтері нарығында ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын үштен артық ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын екіден артық инвестициялық портфельді басқарушы жұмыс істеген жағдайда есептеледі.


13 «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысы

14 Қаржы жүйесінің жиынтық активтеріндегі басқа қаржы корпорациялары активтерінің үлесі

15 01.10.2015 ж.; 25,9% - 01.01.2016 ж. , микроқаржы ұйымдарын есептемегенде

16 Осы деректер ай сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырылады (IX-бөлім Қазақстан Республикасы банк секторының ағымдағы жай-күйі бойынша ақпарат)

17 Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz, www.afn.kz сайттарында орналастырылған ақпаратты ескере отырып

18 «Сотқа дейінгі зерттеулердің бірыңғай тізілімі» АРМ-дағы ақпаратты ескере отырып

19 Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексінің мәні: 1-ден 1,5-ке дейін – тұрақты; 1,5-ден 2-ге дейін – қалыпты (тәуекелді қалыпты деңгейі); 2-ден 2,5-ға дейін – қанағаттанарлық (тәуекелдердің өсуі үрдісімен); 2,5-ден 3ке дейін – қанағаттанарлық (аса жоғары тәуекелдер деңгейі); 3-тен 3,5-ке дейін – тұрақты емес; 3,5 жоғары – өте жоғары.

20 Қаржылық орнықтылықтың біріктірілген индексі зейнетақы қызметтері нарығында ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын үштен артық ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын екіден артық инвестициялық портфельді басқарушы жұмыс істеген жағдайда есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет