Қазақстан Республикасы Президентінің



бет25/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.5 Деректерді басқару

Деректерді басқару – бұл деректерді жинауға, ұйымдастыруға, есте сақтауға, жаңартуға, сақтауға және қажетті ақпаратты іздеуге байланысты процесс.


Деректерді басқаруға мыналар жатады:
- Деректерді өндіру;
- Деректерді шығару, түрлендіру және жүктеу;
- Деректердің сапасын қамтамасыз ету;
- Деректер архитектурасы;
- Деректерді талдау;
- Деректерді модельдеу;
- Деректерді қорғау;
- Деректер базасын басқару;
- Деректер қоймаларымен жұмыс;
- Мәліметтерді шифрлеу;
- Метадеректерді басқару (деректер репозиторийлері).
KPMG компаниясының қорытындысына сәйкес, олар сұраған деректерді талдау жасайтын компаниялардың 81 % клиенттердің сұраныстарын жақсы түсіне бастағанын, бірақ олардың тек жартысы ғана тиісті өнімдер/қызметтер әзірлей алғанын атап өтті. Әсіресе, бюрократиялық аппараттың баяулауы және оның өзгерістерге қарсылығы, ескірген немесе күрделі синхрондалатын ақпараттық жүйелер (legacy systems), міндеттерге сәйкес келмейтін адами капитал сияқты себептерге байланысты мемлекеттік секторда цифрлық деректер негізінде көрсетілетін қызметтерді/өнімдерді пайдалану және одан әрі әзірлеу проблемасы өзекті болып тұр.
Сонымен қатар, осы құжаттағы барлық ұсынылған цифрлық бастамалар қандай-да бір түрде деректермен байланысты, сондықтан қойылған міндеттердің әрқайсысының түпкілікті жетістігі олармен жұмыс қалай сапалы жүргізілетініне байланысты болады. Осыған байланысты деректерді басқару саласына жауапты немесе құзыретті қарау мәселесі туындайды.
Деректердің ашықтығын, қол жетімділікті, сенімділікті, қайта пайдалану мүмкіндігін, жеткіліктілікті, салыстырмалылықты және интероперабельділікті қамтамасыз ету қажет. Бұл міндеттер ОМО жетекшілік ететін вице-министрлері CDO (Chief Data Officer) басқаратын цифрлық трансформация орталықтарының тікелей құзыретіне кіреді.
CDO құзыреттері аясына цифрлық технологиялар, цифрлық инфрақұрылым, деректерді басқару, деректерді талдау, ашық деректер мен ақылды технологиялар және цифрлық оқыту мәселелері кіруі тиіс.
Осының барлығы мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа бизнес моделін және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға жол ашады.
Осы Ұлттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша адам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының сипаты өзгереді. Адам мемлекеттік платформада сәйкестендіріле отырып, өзінің «Цифрлық ұқсастық» көмегімен цифрлық экожүйемен өзара іс-қимыл жасайтын және одан өз қажеттіліктеріне сәйкес цифрлық сервистерді алатын болады.
Платформа классикалық органдар арқылы емес, көптеген басқару функцияларын орындауға көмектеседі.
Сондай-ақ, сәйкестендіру тетіктерін ғана емес, сондай-ақ деректерді басқару тетіктерін де дамыту қажет:
- Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарға анықтамалар мен үзінділер және басқа да растайтын құжаттарды беру қажеттілігін жою.
- Дербестендірілген қолжетімділіктің қауіпсіз және қарапайым тәсілін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін бар және перспективалы платформаларды біріздендіру.
- Алаяқтық тәуекелдерін азайту немесе жою.
- Жеке тұлғаны растаудың қолданыстағы тетіктерін, оның ішінде жеке биометриялық сипаттамаларға негізделген жаңа цифрлық жеке куәліктерді толықтыру.
- Бұдан басқа, қызметтерді алудың барлық процестерін заңдастыру үшін биометриялық параметрлерге байланыстырылған «Бұлтты ЭЦҚ» іске асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет