Қазақстан Республикасы Президентінің



бет26/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.6 Теңгерімді аумақтық даму


Міндет. « Smart City» («Ақылды қала») тұжырымдамасын іске асыру)

«Ақылды» қалалар бастамасы-бұл қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ мәдени аспектілерге қатысты қажеттіліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, өмір сүру сапасын, қалалық қызмет көрсету және қызмет көрсету тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін АКТ пайдалану шарттарын және басқа да құралдарды іске асыру.


Стратегиялық бағыт-урбандалған аумақты құру, онда қалалық қызметтердің ресурстары мен жеке бастамалар қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін нақты уақыт режимінде цифрлық технологияларды енгізу және ақпаратты талдау арқылы өзара іс-қимыл жасайды және ынтымақтасады.
Қалаларда ресурстарды ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдана отырып, Нұр-сұлтан мен басқа да қалалардың тәжірибесін ескеретін «эталонды» стандарт негізінде «Smart City» тұжырымдамасын іске асыруды жалғастырады.
Цифрлық технологиялар білім беруді, көлікті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, денсаулық сақтауды, қауіпсіздікті, әлеуметтік саланы, қаланы басқаруды, құрылысты, бизнесті дамытуды, туризм мен экологияны қоса алғанда, қалалардың тыныс-тіршілігі салаларына енгізілетін болады.
Сәулет-құрылыс бақылау саласын цифрландыру құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, салынып жатқан объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған процестерді оңтайландыру үшін қажет. Бақылаудың негізгі қатысушыларын біріктіретін цифрлық платформаларды енгізу мемлекеттік және жеке ұйымдардың шығындарын оңтайландыруға, коммуникациялардың сапасын жақсартуға, бақылау-қадағалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, құрылыстағы ауытқуларды уақтылы белгілеуге және оның сапасына әсер етуге мүмкіндік береді, жобалаудың қазіргі заманғы процестерін енгізу құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізуді оңайлатуға тиіс. Бұл Қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттырады және қолданылуы халыққа әлеуметтік пайда беруге көмектесетін «ақылды» технологияларға көшу үшін жағдай жасайды.
«Ақылды» қалалар элементтерін енгізу кезінде бірінші кезекте қала тұрғындарын толғандыратын проблемалар ескерілуі тиіс. Сондай-ақ әкімдіктер ЖАО архитектураларын бекітуі тиіс. ЖАО архитектурасы АКТ-инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйіне байланысты қаланың басымдықтары мен жобаларына эталондық стандарт талаптарын оқшаулау үшін «ақылды» қалалардың компоненттерін іске асыру үшін қажетті міндетті шешімдерді айқындайтын болады. Бағытты іске асыру «collaborative innovation» - мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ат-нарықпен өзара іс-қимыл форматы қағидаты бойынша жалғастырылатын болады, бұл ретте НҚА-ға жаңа жетілдірілген шешімдер, тәсілдер мен өзгерістер әзірлеу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет