Дәріс №1. География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы. Сұрақтар: Экономикалық географияға анықтама. - Зерттеу нысанасы және тақырыбы.- Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы.-Коммерциялық география.-Камералдық статистика.- Аймақтық парадигма. - Салалық парадигма. - Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның теориялық негізі.- Экономикалық-географиялық орын концепциясы.- Экономикалық аудандастыру теориясы.-Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және аймақтық даму.-Шаруашылықтың аумақтық құрылымы.- Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның ғылыми әдістемесі.- Географиялық зерттеулер әдісі.
Экономикалық географияға анықтама. Зерттеу нысанасы және тақырыбы. Экономикалық, әлеуметтік және саяси география – геокеңістікте табиғат жағдайы мен ресурстары, халық және шаруашылықтың өзара байланыста орналасуы мен таралуын ( Жер шары бетінде және Дүние жүзі мұхиттары аквоториясында) шаруашылықтың табиғатқа әсері және табиғаттың қоғам өміріне әсерін зерттейтін ғылым. Қолданбалылық тұрғыда қарағанда бұл ғылымға мынандай анықтама беруге болады : ЭӘ ж С география нақты географиялық кеңістікте экономикалық, әлеуметтік және саяси нысаналардың орналасуы мен аумақтық ұйымдастыру ерекшіліктерін зерттейтін ғылым. Шаруашылықтың дамуы мен орналасуы геокеңістіктің барлық көлемінде таралмаған, сондықтан ЭӘ ж С географияның зерттеу нысанасы антропосфера (экосфера), яғни, шаруашылық дамыған және орналасқан геокеңістік болып есептеледі. Антропосфераның көлемі Жер планетасы аумағының 20 км биіктікке дейін (510 млн. кв.км), Дүние жүзі мұхитының деңгейімен тереңдігі 11 км.- ге дейін тау биіктігімен алғанда 10,2 млрд. куб.км. болып есептеледі.
Кеңістік кезеңде Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский мынандай анықтама берді – « қоғамдық өндірістің орналасу заңдылықтары мен экономикалық аудандардың құрылуын зерттейтін ғылым». Ю.Г.Саушкин – « аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттейтін ғылым». Кәзіргі ғалымдардың анықтамасына жүгінсек А.Ю.Скопин – «антропосфераның трансормациялануын және ақпараттық пен жүйелік бағыттары негізінде геоэкономикалық проблемаларды шешу жолдарын іздеу арқылы қоғамды аумақтық ұйымдастыруды зерттейтін ғылым. Мұнда, геоэкономикалық проблеммалар деп табиғат пен қоғамның өзара байланысы әсерінен болатын жүйелі өзгерістер немесе негативтік әлеуметтік, саясаттық, экономикалық, экологиялық, технологиялық өзгерістерді айтамыз.