Экономикалық аудандастыру теориясы. Экономикалық аудандастыру дегеніміз – белгілі бір елдің өзара қатынастығы маманданған тұтас шаруашылық бөлігінің кеңістік жүйесін анықтау арқылы, белгілі бір елдің өндіргіш кұштерінің аумақтық құрылымын бөліп шығару. (Саушкин Ю.Г.) Аудандастыруға әсер ететін факторлар: аумақтық еңбек бөлінісі, техникалық база (өндіріс) , шаруашылықтың техникалық деңгейі, еңбек ресурстары, табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары (табиғи-ресурстық потенциал).
Экономикалық аудандастыру принципі: экономикалық, энергетикалық, ұлттық, кешендік даму, болашақтық, әкімшілік.
Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және аймақтық даму. Аумақ (территория) – белгілі бір табиғаттық және антропогендік құрылымдар мен қасиеттері бір бөлігі. Аумақтық-географиялық орнымен, өзіне тән табиғи ресурстық, әлеумет- демографиялық және шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық)потенциалдан тұрады, яғни геожүйенің үш компонентінен тұрады: табиғат-халық-шаруашылық. Аумақты экономикалық-географиялық зерттеу – оның физико-географиялық ерекшіліктерін, экономикалық-географиялық ерекшіліктерін анықтау арқылы өндіргіш күштерінің белгілі бір салаларын орналастыруға керекті ресурстар базасын сараптап, сандық жіне сапалық баға беріледі.
Аумақтың басты қасиеттері:
а) географиялық орны;
б) көлемі;
в) табиғат жағдайы мен ресурстары, олардың табиғат
кешенін және өзара қатынасын құрау;
г) шаруашылық және оның дамуы, өзгеру динамикасы;
д) атқаратын функциялары.
Аумақтың ресурсы: отын-энергетикалық, минералдық-шикізат, биологиялық, агроклиматтық, су, топырақ, жер ресурстары, рекреациялық,өндірістік, инфрақұрылым.
Аумақтық ресурстардың элементтері:
а) аумақтың көлемі;
б) аумақтың байлығы;
в) ландшафтың тұрақтылығы.
Аумақтың көлемі, оның материалдық байлығымен қосып экономикалық сиымдылықты құрайды, ал тұрақтылығы экологиялық сиымдылықты құрайды.