Дәріс №1. География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы. Сұрақтар


Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы



бет2/21
Дата19.09.2022
өлшемі152,5 Kb.
#149907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дәріс География

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы

Әр ғылымның элементарлық зерттеу нысанасы болады. Мысалы , физикада – суперструна, математикада – сан, ал


ЭӘ ж СГ- да – локалитет (ағылшынша Locaity – белгілі бір үлкенді – кішілі жергілікті жер), немесе «территория» (аумақ).
Мысалы, химиялық заттың молекуласы табиғат атомынан тұрса, географияда – жергілікті жер (аумақ) табиғаты , халық атомы –
елді-мекендер, шаруашылық атомы – кәсіпорын (фирма, компания).
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ішкі құрылымы 4 сипаттан тұрады: кеңістік, уақытшылық, материалдық, ұйымдастырушылық (5 сурет, Ю.Г.Скопин қараңыз).


Коммерциялық география.
Ұлы географиялық ашылулар (XV-XVI ғғ), одан кейін теңіз саудасы мен әлемдік рыноктың дамуы коммерциялық географияның дамуына әсер етті. (Италия және Голландия көпестері). Коммерциялық география сауданың дамуы үшін әртүрлі мағлұматтар мен мәліметтер жинаумен айналысты (маусымдық сұраныс және ұсыныс, сауда маршруттарының қауыпсіздігі, теңіз порттарының сипаттамасы, жаңа рынок орталықтары тұралы сипаттама, шикізат ресурстары т. б.)


Камералдық статистика.
Kamera – неміс сөзі, үй деген мағна береді. Яғни, камералдық статистика дегеніміз – сауда және географиялық экспедиция арқылы көптеген мәліметтер мен мағлұматтарды жинау, талдау мен сараптау және тұжырымдау арқылы үй (мемлекет) тұралы статистикалық мәліметтер жинау. Камералдық статистиканың негізін салған неміс географы Ахенваль (Н.Н. Баранскийдің айтуы бойынша), мынандай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынады: 1) мемлекеттің аумағы, шегарасы, әкімшілік бөлінуі; 2) мемлекеттік құрылысы және мемлекет аппараты (басқару жүйесі); 3) қаржы және бюджет; 4) табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық салалары; 5) әскери күші, флот; 6) басқа елдермен қарым-қатынасы.


Аймақтық парадигма.
XX ғасырдың басында эконом-географтар көптеген географиялық мәліметтер мен мағлұматтарды жинақтау және бір жүйеге келтіруге ұмтылды. Осының нәтижесінде экономикалық аудандардың құрылуын, дамуын зерттеу қалыптасты.
Экономикалық ауданды экономикалық- география ғылымының зерттеу нысанасы және тақырыбы деп есептеді.Экономикалық аудан деп жер бетінің бір бөлігінде географиялық нысаналардың (құбылыстардың) бір бірімен өзара байланысуы арқылы дамыған әлеуметтік-экономикалық кешен деп есептеледі.
Бұл бағытта американдық географ Р.Хартшорн, Н.Н.Баранский, И.Г.Александров, Н.Н.Колосовский және басқа еңбектерін қарауға болады (оқулықтар тізімін қараңыз)
Мысалы, Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский экономикалық аудандастыру теориясы негізін салды. Экономикалық аудандастырудың негізіне географиялық еңбек бөлінісі, яғни белгілі бір аумақтың арнайы өнім шығаруға мамандануы болады деп тұжырымдады. Энергиялық-өндірістік циклдың – дамуы арқылы (өндірістің технологиялық кезеңдері), экономикалық аудандардың салалық және аумақтық құрылымының дамуын негіздеді.
Қорытындай келе, Экономикалық аудан деп табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық жүйесі біртұтас, кешенді дамуы арқылы ұлттық экономикалық деңгейде белгілі бір өнім өндіруге маманданған мемлекеттің бір аумағын айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет