1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Хабарламахат қандай жағдайда жазылады?
2.Оның құрылымы қандай?
2-жаттығу. Хабарламахатты оқыңыз.
Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі,
5-үй, 45 пәтерде тұратын Д. Қайратұлына
Хабарламахат
2006 жылдың 20 наурызында жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі сіздің қарызыңыз 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.
Егер осы жылдың 15 сәуіріне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.
Сондай – ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.
«Астана-энерго» ААҚ президентінің
орынбасары Б.Жұманов
2006 жыл 20 наурыз.
3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімге сәйкес, ай сайын, төлеп тұруға, міндеттену, келісімнің талаптары, сіздің тарапыңыздан, сіздің қарызыңыз, қарызыңыздың көлемі, өз тарапымыздан, іс қозғау, сот ісіне қатысты шығын.
4-жаттығу. Тиісті сөздерді жазыңыз.
1. Хабарламахат С.Сейфуллин көшесі, 7-үй, 15-пәтерде тұратын ...... жіберілген.
2. Өзара келісімшарт 2003 …. 14 ..... жасалған.
3. Келісімнің .........А. Жақыпұлы орындамай отыр.
4. Оның ........... көлемі 120 000 теңге.
5. Қарыз төленбеген жағдайда А. Жақыпұлына қатысты іс..........
6. Сот ісіне қатысты ....... А. Жақыпұлы төлейді.
7.Сондай-ақ, кәсіпорын ............. электр энергиясы тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |