7-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.
Үлгі: А.Жандосов 2006 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.
Аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.
1. А.Жандосов 21.02.2006ж. отбасы жағдайы, инженер
2. Е.Омарова 10.11.1995ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы
3. Б.Сағатов 15.01.2007ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші
4. Қ.Боранбаева 13.06. 2007ж. себепсіз жұмыстан қалу, есепші
8-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.
"Қайсар" ЖШС
№ 19 БҰЙРЫҚ жұмысқа қабылдау 12. 03. 2007 ж.
Омарова Әсел 2007 жыл 12 наурыз бастап штаттық кестеге сәйкес көлемінде 1 айлық сынақпен бас инженер қызметіне кабылдыуыңызды сұраймын.
«Қайсар»ЖШС-ның директоры А.Оспанов
9-жаттығу. Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.
А.Асановты «Қуат» құрылыс фирмасына инженер қызметіне қабылдау туралы.
Ж.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін инженер қызметінен босату туралы.
Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым
салу туралы.
X Нұсқа
1- тапсырма
а) Стиль оның түрлеріне тоқталыңыз
ә) Сенімхат оның жазылу ерекшеліктері.
б) Талап арыз қандай жағдайда жазылады.
2 – тапсырма.
а) Автокөлік және үй жиһаздарын сату туралы хабарландыру жазыңыз.
ә) Қолхат қандай жағдайда жазылады, оған түсінік беріңіз
б) Түсініктеме қандай жағдайда жазылады.
3 – тапсырма
а) Қарауыл бастығы лауазымы қызметіне тағайындау туралы бұйрықтың үлгісі жазу.
ә) Жұмыс мәжілісінің хаттамасы.
б) Акттың қандай түрлері болады. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).
КЕЛІСІМШАРТ
Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.
Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Келісімшарт — қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?
Достарыңызбен бөлісу: |