Қазақстан Республикасы



бет5/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#11770
1   2   3   4   5   6

Ананас -трпикалық елдерде өседі. Негізгі отаны Бразиля. Ананас жемісінің құрамында 15% дейін қанттар, 0,5-0,7% органикалық қышқылдар көбіне лимон қышқылы, азотты қышқылдар, калий, мыс тұздары және аскорбин қышқылдары, пепсим мен попоин ферментерінен тұратын бромилин бар. Бромилин затты ферментер қызметін күшейтетін қасиеті болғандықтан ананас шырыны ас қортуды жақсарту, ішек һқарын жұмысын реттеуге өте әсерлі. Ананас бүйрек ауруларын, құр құлақты емдеуге пайдалы.


Алма-еліміздің көптеген жерлерінде өседі. Жеміс құрамында қант, клетчатка, пектин органикалық қышқылдар, эфир майы болады. Организмнен холестиринді шығаруға алма жемісі өте пайдалы. Өт жолдарын ішек асқазан жолдарын емдеуге де тиімді.

Ақ тұт-Орта Азия, Кавказ, Украйнаның оңтүстігінде өседі. Жидегінің құрамында 10% дейін қант, пектин, белок бояу заттары органикалық қышқылдар бар. Өт жолдарын дизентерияны, дисбоктериозды емдеуге пайдалы.

Арахис немесе жержанғақ-бұл өсімдіктің отаны Оңтүстік Америка, ең бірінші арахисті өсірушілер жергілікті үндістер болған. ХVIғ ішінде Оңтүстік Шығыс азияға арахисті португалдықтар жеткізген. Европаға ең бірінші рет Қытайдан әкелінген ал россияға аразис ХVIIIғ аяғында жеткізіліп , Оддесса түбінде плантацияда өсіріле бастаған . Қазіргі кезде Украинаның

Оһңтүстік аудандарында , Кавказда Орта жерлерінде өсіріледжі. Арахис өте майлы және дәмді.Жаңғағының дәнінде 60% қант , май , белок ,25%, болады. Дән қабығынан арахидозидгликозидин , ал күнжарасынан – арахин алкалойдын алуға болады.



Арпа - елімізде өсетін астық тұқымдастарының бірі , біраз жерлерде егіледі. Толық пісіп жетілген дәнінде белок 15,8% , көміртек 76% клетчатка 9,6% май ферменттер және витаминздер бар . Арпадан әзірленген тағамдар пиодермия , псориоз , қышыма және ішек асқазан ауруларына да пайдалы әсер етеді.

Баклажанның отаны-Индия . Еліміздің Оңтүстік аудандарында өседі. Бұл өсімдіктердің жемісінде 2-3 %қант , 1,5 % клетчатка , аскорбин қышқылы , В витамині А ипровитамині , калий тұзы бар .Қандағы холестирин мөлшерін азайтуға, жүрек қан тамырын жақсартуға әсер етеді

Банан - жемісінің құрамында 15-25 % қант көбіне сахороза , крахмал, белок 0,3-0,6 % , эфир майы ферменттер алма , қышқылы, ферменттер, пектин заттары, калий тұзы, аскорбин қышқылы мен В2 РР, Е витаминдері, А провитамині бар Өте дәмді, нәрлі.Банан жемісінде физиологиялық әсерлі катехоламиндер (серотонин, допаминт.б) бар. Сондықтан диеталық тағам ретінде асқазанда жара пайда болғанда, дизентериямен ауырғанда, ішек-асқазаның созымалы аурулары қайталаған кезде, қантты диабет, атеросклероз, гипертониялық аурулармен ауырғанда жеуге болады. Бүйрек, бауыр ауруларына да шипалы.

Анар табиғатта Орта Азия, Закавказье, Индия, Иран, Ауғаныстанның таулы жерлерінде кездеседі. Еліміздің оңтүстігінде Әзербайжанда, Қырымда, Орта Азия республикаларында өсіріледі. Анар жемісінің құрамында 20 процентке дейін қанттар, көбіне глюкоза, лимон қышқылы (9 процент), С витамині болады. Жеміс шырынының салқын тиіп жөтелгенде, ішек-асқазан ауырғанда, безгек болғанда шипалық қасиеті бар.

Грейпфрут –тропикалық елдерде өседі. Біздің елімізде Кавказдың Қара теңіз жағалауында өсіріледі. Грейпфрут жемісінің құрамында лимон қышқылы, ащы нарингин гликозиді, пектин мен бояу заттары, қант, эфир майы, минералды заттар, микро- элементтер бар. Аскорбин қышқылы ( 40-50 мг/100 г ) , В, Д, Р витаминдеріне бай. Бұл өсімдік жемісі ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет арттырады.

5 – апта

ОБСӨЖ № 14

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері.

ОБСӨЖ жоспары:

1. Кориандр.

2. Зире.

3.Фенхель.

4. Анис.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні:

Фенхель. Кәдімгі фенхель немесе дәріхана аскөгі, белгілі татымды және шипалы өсімдік. Сырт көрінісі аскөкке ұқсас. Бұл биіктігі 1-2 метрдей, бір, екі және көп жылдық өсімдік. Жапырақ-сағақтары кең, таспаланып тар жарнақтарға тілімделген. Мәуесі сопақша, цилиндр тәрізді.

Фенхельдің көкөніс және тәтті түрі болады, соңғысы шырынды, жуандық, еті, жапырақ-сағақтарының түбі кең, ащы бұрыш дәмдес “қауданшаларды” түзейді.

Фенхельді көктемде, әлде жаздың аяғында құнарлы, жақсы өңделген жерге себеді. Күзде өсімдікті көңмен немесе шіріндімен жабады. Фенхельді тұқым себу арқылы немесе вегетативтік әдіс – бұталарды бөлу арқылы өсіреді. Тұқымды кең қатарлы әдіспен егеді. Отағаннан кейін өсімдікті араларынан 15-20 см етіп сиретеді. Шырынды, қалың жапырақ-сағақтары биязы болуы үшін сабағы жуандағанда өсімдікті түптейді. Ерте өнім алу үшін фенхельді көшет арқылы өсіреді.

Анис. Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі: тұқымдары, тіпті, тас дәуірдегі тіреулі үйлерден табылған.

Анистің шыққан жері – Кіші Азия. Көне Египет пент Үндістанда егіп өсіріледі, Гиппократтың жазбаларында айтылады. Мәуесі үшін өсіреді, онда негізінен анетолдан (80-90%) тұратын 2-3% эфир майлары бар.

Бір жылдық өсімдік, биіктігі 30-50 см. Жапырақтары үш түрлі: тамыр жапырақтары ұзын сағақты, тұтас жүрек тәріздес, тілік-тісті, бұлардан кейінгі жапырақтар да ұзын сағақты және ірі үш жарнаққа бөлінген, шеттері ара тістес, жоғарғы жағы – отырмалы күйде дәрілік, 3-5 қысаң жарнақшаларға тілінген. Мәуенің сыртқы кедір-бұлдыр, формасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 4 мм, сүйкімді хош иісті, тәтті-татымды дәмі бар.

Оңтүстік өсімдігі ретінде анисті жылы климатты аудандарда, салқын жерлерден сақтандыратын күн шуақты жерлерде өсіреді. Ал солай болса да көктері суық ұрудан қорықпайды. Топырақ қопсытылған, құнарлы, әкті немесе сазды құмдақ болғаны жөн. Ауыспалы егісте тамыржемістерден не бұршақ тұқымдастардан кейін орналасады. Тұқымды алдын ала (күзде) терең жыртылған жерге 8-100С-де ерте көктемде (наурыздың аяғы – мсәуірдің басында) себеді және шашып немесе қатарарлық әдіспен себеді. Себілгеннен кейін 18-20 тәулікте көктейді, оған күшті қуаңшылық, аңызақ желдер мен арам шөптер зиянын тигізеді, олар өнуіне кедергі жасап, көктерді өсірмейді.

Зире. Зирені хош иісті мәуесі үшін қашаннан бері өсіреді, онда 3-5% дейін эфир майлары бар, эфир майлары өсімдіктің басқа бөліктерінде де кездеседі. Зире екі жылдық өсімдік, яғни мәуесі екінші жылы ғана құралады, ал бірінші жылы жапырақ дегелектері мен тамыр жемісі өседі. Жапырақтары екі түрлі-үш қат-үлпілдек. Екінші жылы гүлді, бұтақты биіктігі 60-80см келетін сабақ өседі. Мәуесі шілде айында піседі және құрғаған кезде үгітіліп түседі. Мәуесі – сопақша-жұмыртқа тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы 3-5 мм, күңгірт-қызыл-қоңыр, қабысқан.

Зирені тұқымнан өсіреді. Ерте көктемде немесе күздің аяғында, тұқым пісіп жетіле бастағанда (себуге жас тұқымды, өткен жылғыдан ескі емес тұқымды алады) себеді. Оны қатарлы әдіспен тамыржемістілерден немесе бұршақ тұқымдастардан (азотты тыңайтқыштарына бай дақылдардан) кейін себеді. Дәндері 7-80С 18-25 тәулікте өседі. Зире топырақ таңдамайды, сонда да ылғалды, құнарлы, терең өңделген құмайлы немесе әкті саздақ жерде жақсы шығады. Бірінші жылы баяу өнеді, сондықтан жиірек егу керек. 2-3 жапырақ шыққаннан кейін жас көктерді сиретеді. Екінші жылы мәуелері әбден пісіп жетпей тұрып, оларды жинайды. Зирені ертемен шық кетпей тұрып немесе түнделетіп жинаған жөн. Пісіп жетілген және кептірілген дәндерді жақсы жабылған ағаш ыдыста сақтайды.



Кориандрды біздің заманымыздан мың жыл бұрын Египетте, Палестинада, Үндістанда және басқа елдерде татымды әрі дәрілік өсімдік ретінде өсірген. Египеттіктер, гректер, арабтар кориандарды қақырық түсіру дәуірі ретінде, Орта Азия елдерінің халықтары көкөніс ретінде пайдаланған.

Кориандр биіктігі 30-70 см, кезекті, тез солатын жапырақтары бар бір жылдық өсімдік. Мәуесі – шар тәріздес, ұзындығы 5 мм дейін, жарты мәуешіктерге тез жарыла қоймайды.

Тұқым арқылы өсіріледі.ерте көктемде себеді, оңтүстік аудандарда күзде де себеді, қатарлап сепкен жақсы. 2-3 аптадан кейін көктейді. өсімдік топырақты (жеңіл құрамды топырақта тәуір өседі), күтімді онша талғамайды, еккен кезде (көктемде) ылғалды топырақты ұнатады, ылғалы жеткіліксіз болса, өсімдік тез сабақтанады, гүлдейді. Көкті үздіксіз алып тұру үшін себу мерзімін ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін (аралығы 2-3 апта) созуға болады.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат тақырыптары:


1.Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері. Аскөк, Ақжелкен, Балдыркөк

2.Қазақстанның витаминді өсімдіктері.

3.Қазақстанның қызыл кітабқа енген өсімдіктері.

4.Түрлі ауруларға пайдаланылатын қоспалар:Қызыл немесе алтайлық долана, Қырықбуынды қылша, Маралқурай, Маралшөп тамыры, Мойыл.



5. Қазақстанның эфир майлы өсімдіктері: Әсем шөлмасақ, Сақалсыз жыланбас, Мускат шалфейі.

6.Порей – пиязы, Батун пиязы, Шнитт-пиязы, Жұпар-пияз,Қабатты пияздардың емдік мақсаты және қолдану тәсілдері.



5 – апта

ОБСӨЖ № 15


ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның витаминді өсімдіктері.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Шырғанақ.

2.Итшомырт шырғанақ.

ОБСӨЖ мақсаты: Витаминді өсімдіктер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Көктемде биіктігі 4-5 метрге жететін қыңыр- қисық ретсіз орналасқан бұтақтары жіңішке, жапырақтары ұзын, сояулары бар бұталы өсімдік. Апрель, май айларында әлгі реңсіз бұтақтардың арасынан шығып тұрған жасылш сары гүлдері аса көз тартпайды. Оның есесіне жаздың аяғында оның бір жылдық бұтақтарын қызғылт сары жылтыр жемістер басып кетеді.Ол қыстың ортасындағы қатты аязға дейін өңін бермей тұрады. Бұл- шырғанақ (облепиха) өсімдігі. Шырғанақтың «облепиха » деген орысша аты да бұтақты қоршап алуынан (облепляет) шыққан.

Шырғанақтың жемісін қырғауылдар өте жақсы көреді. Бұл кездерде шырғанақ гүліне жоқ қасиеттер жапсырылып жүрді. Оның «реңсіз гүлінің хош иісі болады, бал шырын жинап жәндіктер арқылы тозаңданады». Шырғанақ бір жылда жарты метрге дейін өседі. Бес жылда биіктігі бір жарым екі метрге жетіп алса, одан әрі өсуі баяулайды, алты метрден биіктері өте аз кездеседі. Тек Памирде онбір метрге жететін түптері табылады. Шырғанақпен бірге тал, терек, қайың өседі. Егер ол ағаштар кесіліп алынатын болса шырғанақ қаулап өсіп, ит тұмсығы өтпейтін қалың тоғайға айналады. Жемісі өте шырынды және жұмсақ , қолға ұстаса езіліп кетеді. Сібірліктер шырғанақ жемісін бұрыннан бағалаған, оны мақтанышпен «сібір ананасы» деп атайдщы. Шырғанақ жемісі қазір тағамдық шипалшық мәні жағынан өте жоғары бағаланады.

ХХ ғасырдың басынан халық шырғанаққа жемісті өсімдік ретінде қарап, қызыға бастады. 40- шы жылдары шырғанақ жемісінде поливитаминдер барлығы ашылғаннан кейін бұл өсімдік тек жемісті емес, витаминдік шикізат ретінде жоғары бағалана бастады.

Итшомырт шырғанақ (облепиха крушиновидная). Бұл түр әлі одақтық «Қызыл кітапқа» ене қойған жоқ. Шырғанақ туысының ішінде шипалық, тағамдық мәні зоры итшомырт шырғанақ . Бұл шырғанақтың жемістері ащылау, оның есесіне алғашқы аязға ұрғаннан кейін жағымды қышқыл дәмге ауысады. Шырғанақтың жемісі нағыз витамин қоймасы. Жемісінің жұмсағында С витамині өте көп. Оның мөлшері 900мг\ процент. Одан кейін каротин немесе А витамині- 60мг\процент. Бұлардан басқа 0,035 мг\ процент В1, 0,066мг\ процент В2 витаминдері бар. Шырғанақтан өсімдіктерде өте аз кездесетін, адам организмнің ішкі секреция бездерінің қызметін күшейтіп, зат алмасуды реттейтін Е витамині (145мг\процент) табылды. Бұлардан басқа В6 Ғ,Р витаминдері, фоли қышқылдары барлығы анықталды. Жемісінен 8 процентке дейін май, 3,6 процентке дейін қант және 2,6 процент инозит, органикалық қышқылдар, илік заттар, темір, бор, марганец сияқты микроэлементтер де алынады. Жеміс құрамында болатын майдың шипалық қасиеті өте жоғары бағаланады. Оның жағымды дәмі, ашық түсі осы 8процент майға байланысты. Шырғанақ майымен операциядан кейінгі жараны, тері туберкулезін, экземаны, күйікті, үсікті, А витаминозды, тамақтың, мұрынның қабынуын, көз ауруларын т. б. көптеген ауруларды емдеуге болатындығын анықтап отыр. Асқазан ракгвн сәуле арқылы емдеген кезде шырғанақ майын ішуді ұсынады. Шырғанақ майын ауруды бәсеңдету үшін, балалар көбіне ішуден бас тартатын балық майының орнына пайдаланады. Алайда бұл барлық адамға бірдей пайдалы емес. Мысалы, холецистит және қарын асты безлерінің ауруы бар қартаң адамдарға ішуге болмайды.

Жемісі мен жапырағын асқазан, тері және ревматизм ауруларға қарсы пайдаланған. Ертедегі гректер өркенінің қайнатпасымен адамды және малды емдеген. Сонымен бірге іш ауруында емдеуге болады. Жапырағымен жемісінің қайнатпасынан буынның сырқырап ауруына бірден-бір дауа. Косметикада жеміс қайнатпасын шаш түсу қаупі туса ішуге немесе сырттан жағуға пайдаланады. Итшомырт шырғанақ Шығыс пен Батыс Сібірде тараған, аздап Орта Азияда кездеседі. Бұдан біраз уақыт бұрын Кавказдағы Балқар, Баксон, Чегем аңғарларында, Азербайжанда Самур өзенінің аңғарындағы шырғанақ күтімсіздіктің салдарынан құрып кеткен. Алматы облысының Ұйғыр, Нарынқол аудандарына қарайтын Кетпен қыратында да, Нарынқол ауданының Текес, Байынқол өзендерінің аңғарларында, Көмірші, Шибут, Қошқар сайларында әжептәуір шырғанақ қоры болған. Шырғанақ әр гектарына 2-5 тонна өнім береді. Ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтар 21-50 тоннаға дейін өнім жинайды. Шырғанақтың баяу өсетіндігін ескеру керек. Аталық гүлі бір т өсімдікте болса, аналық гүлі екінші өсімдікғте болады. Сондықтан қатарда 1-5 түп аналық өсімдіктен кейін бір түп аталық болу керек. Бұл аналық өсімдіктердің тозаңдануын қамтамасыз етеді. Өсірген жерде тек аналық өсімдік болған жағдайда шырғанақ гүлдегенмен тозаңдана алмайтындықтан жеміс бермейді. Есейген кезде көрші тұрған түптер бір-біріне жақындап тиісіп тұруы және жерде қалың қарашірік пайда болуы тиіс. Бұл болашақта шырғанақтың жауы шырғанақ шыбынының көбеюінен сақтайды. Топырақ қопсытылып, арамшөптен тазартылып, өсімдікке жел жақсы тиетіндей болғаны жөн. Жел шырғанақтың тозаңдануын қамтамасыз етеді. Бұтақтың бетінде қотыр пайда бола бастаса, оны кесіп алып өртеп жіберу керек. Шырғанақ суыққа төзімді. Оңтүстіктің құрғақ ауасына да шамасы келгенше шыдап барады. Топырақты көп талғамайды, тіпті құмда да өсе береді. Тамыр атпалары арқылы жан- жағына өсіп кететіндіктен құлама жарларда, тас және темір жолдарда қазылған олардың топырағын бекіте алады, құмдардың қозғалуына тосқауыл болады.

Шырғанақтың тоғайда басқа өсімдіктердің арасынан айыру қиын емес. Жас бұтақтары жылтыр болса кейін қызылқоңыр т түске енеді. Бұтағының ұшында ұзындығы 7см-ге жететін тікені бар. Қандауыр тәрісдес жіңішке жзапырақтарының түбі қысқа сағақ арқылы сабаққа бекінеді, үстіңгі жағы күңгірт жасыл да, астыңғы жағы жылтыр және ақ түсті. Гүлдері ұсақ . Аталық гүлдері қысқа масақ тәрізді гүлшоғырына біріккен, аналық гүлдері қысқа гүлсағақтары арқылы бұтақтардың қолтығынан шығады. Ұсақ күлгін қызыл жемістерінің ішінде жұмыртқа тәрізді сопақша, сырты жылтыр және сайлы, қоңыр түсті сүйектері бар. Апрель-май айларында гүлдеп, август- сентябрь айларында жемісі піседі. Көбіне өзен-көлдерінің, тау өзендерінің жағасында, тауда жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың шекарасында өседі. Бұл 30 жылдай тіршілік ететін өсімдік, 11-15 жылда жемісті көп бере бастайды. Одан әрі біртіндеп өнімі төмендей бастайды. Шипалық мақсатта жемістерін сентябрь-декабрь айларында жинайды.

Алыс жерге тасымалдау үшін шырғанақ жемісі сыйымдылығы 150 литрлік ағаш күбіге салынады. Шығыс Қазақстан, Семей және Талдықорған облыстарында кездеседі.



6 – апта

ОБСӨЖ №16

ОБСӨЖ тақырыбы: Витаминді өсімдіктер. Қызылша.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Витаминді өсімдіктер.

2.Қызылша.

ОБСӨЖ мақсаты: Қант қызылшасы.

ОБСӨЖ мәтіні: Қызылша – алабота тұқымдас екі жылдық өсімдік . Бірінші жылы жапырақ сағақтардың қуатты дегелегі және тамыржемісі өседі.

Бірқатар биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қажеттігіне қарай қызылшаның тамыржемісі үш топқа бөлінеді.; тағамдық , қантты , жемдік . Осылардың бәрінің ішінен ең көп тарағандары қызыл және жапырақты монгольт түрлері.

Қызылша суыққа орташа төзімді өсімдік- дәндері –3-4 С көктейді , көктері –3-4 С суыққа төзеді. Тамыржемісінің өсуіне қолайлы температура 18-20С . Қатты ыстық 35-30 С өсімдіктің өсуін тоқтатады да тамыржемісін қатайтып жібереді. . Құнарлы топырақты қажет етеді , бірақ қызылшаға жас қи төксе , тамыржемісінің түрі өзгереді. Қызылша сортаң жерде жақсы өседі, бұл оның теңіз жағалауларында өскен жабайы тегінен қалған қасиеті болса керек . Қызылшаға жарық көп түсетін ашық учаске бөген жөн.

Қазақстанда тағамдық қызылшаның Бордо 237, Грибовская плоская В 473, Холодотойкая 19, Одноростковая сорттары өсіріледі.

Қызылша тамыржемісі ұзақ сақталған күнде де өзінің пайдалы қасиетін жоғалтпайды, сондықтан оны жыл бойы дәрілік тағам қатарына қосуға болады.

Қант қызылшасы – бойы түгел түк басқан , екі жылдық шөп тектес өсімдік . Тамыры жуан , қызыл ақ немесе сары түсті тамыр түйнек . Тамыр жапырақтары сопақша келген жұмыртқа тәрізді сопақша келген жұмыртқа тәрізді сағақтары ұзын , сабақ жапырақтары кезектесіп кезектесіп жарыса орналасқан , майда сопақ әрі жіңішке . Гүлдері майда жасыл түсті , масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Гүл жапырақшалары бесеу. Шілдеден қыркүйек айына дейін гүлдейді. Қант қызылшасы қолдан егілетін мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамыры мен түйнегін және жапырағын пайдаланады, Құрамында қант С витамині , пигменттер органилкалық қышқылдар , микроэлементтер бар.

Қант қызылшасының тамыр түйнегінен жасалған дәрілердің несеп айдайтын , іш жүргізетін құрқұлаққа шипа болатын , қабынуға қарсы әсер ететін , ауырғанды басатын қасиеттері бар . Осыған байланысты халық медицинасында өсімдік тамыр түйнегінің жаңадан алынған жас сөлімен өкпе ауруларын , сондай- ақ оны өзімен теңдей етіп алынған ара балымен қосып , гипертония ауруын емдейді. Қайнатылған тамыр түйнегін іш жүрмей қалғанда пайдаланылады. Қан азаюға және құрғұлаққа қант қызылшасы таптырмайтын ем. Ал дене сыртына шыққан іріңді жараларда, шиқанды тамыр түйнегінің сулы тұнбасымен немесе жас жапырақтарымен емдейді . Мұрынның іші қабынып , ұзақ уақыттар бойы жазылмай жүрсе қызылшаның тамыр түйнегін қайнатып , сонан соң сөлін сығып алады да мұрынға тамызады.

Қызылша танымал өсімдіктің бірі онда көміртегі белоктар , пектин заттары клеччаткалар органикалық қышқылдар көп . Жемістері әсіресе балауса жапырақтары С витаминіне 50 мг % дейін каротинге бай сол себепті де жапырақ сабақтарын қосып жас қызылшадан жасалған свекольниктер мен борщтар аса бағалы саналады . Тамыр жемістерінде әралуан витаминдер жиынтығы С витаминінен басқа витаминдерді В тобындағы витаминдер ,РР корониц - әсіресе өсіп келе жатқан жас организиге өте қажет Калий темір ., кальций , кобальт тұздары өте көп . Ол бойындағы иодтың көтігінен көкеністер ішінен бірінші орын алады.

Қызылша тағамдары бірқатар асқазан ішек ауруларына әсіресе іш қатқан кезде ем ретінде қолданады. Өйткені клечатка мен органикалық қышқылдар ішектің перистальтикасын күшейтеді сөйтіп іш босатуға әсер етеді. Аш қарынға 100-200 г піскен қызылша жеген жөн . Тамыр жемісінің түсі қою қызыл болуы клетка шырынында онтоциан бетайнның молдығына байланысты , мұның зат алмасуға маңызы зор белоктарды ажыратып бойға сіңіруге әсер етеді , холиннің құралуына қатысты ал холин бауырдың қызметін кұшейтеді оның жұмысын жақсартады сондықтан қызылша тағамдары бауыро мен өт жолдары ауруларына аса пайдалы. Сондай- ақ оны атеросклероз бен қан аздыққа қарсы қолдануға болады.

Ашытқан қызылша құрқұлақпен қан аздыққа қарсы жақсы дәру саналады .

Халық медицинасында қызылшаны не қызылша шырынын гипертония ауруларына қолданылады. Қызылшаның жақсы әсер ететін себебі магний көп болуына бйланысты болады. Ал шикі қызылша шырынын зат алмасуды жақсартатын және организмді нығайтатын дәру ретінде де ішуге болады.

Қызылшаның таза шырынын басқа ашлма жүзім , шие шырындарымен қосып ішкен де пайдалы . Мұндай ара қатысы қызылша шырыны 3-4 стакан басқа шырын 1-4 стакан болу керек . Қызылшаның жапырақтары балалар тағамына аса бағалы көкеніс олада жоғарыда айтылған витаминдеге қоса қанның жасалуына қажет фолий қышқылы бар . Мангольтың балауса жапырақтары шырынды етті және өте тәтті келедәі оларды шпинат несалат ретінэде пайдалануға болады .Қызылшаның тамыр жемісін сыртқы ауруларға дәру ретінде кеңінен пайдаланылады оны үгілген күйінде ісіктерге немесе денедегі жараға басады . Шикі қызылша тіс ауруын бәсеғңдетеді ал жаңа пісірілген қызылшаның шырынын тұмау кезде дәру ретінде пайдаланады яғни мұрынға тамызады.



Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау сұрақтары:


1.Белокты өсімдіктердің емдік мақсаты.

2.Бадана қандай бұршақ тұқымдас.

3.Асбұршақтың шыққан орталығы.

4.Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері:Томат, Баклажан, Қарбыз.

5. Қазақстанның улы өсімдіктері. Көкнәр.

6. Тағамдық өсімдіктер Грек жаңғағы және оларда кездесетін витаминдер.



6 – апта

ОБСӨЖ №17

ОБСӨЖ тақырыбы: Белокты өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Бұршақ.

2.Бадана.

ОБСӨЖ мақсаты: Белокты өсімдіктермен таныстыру.

ОБСӨӨЖ жоспары: Белокты өсімдіктер – бұршақ тұқымдас көкеністердің емдік дақылдар атызында болғаны өте қажет бұлардың пайдасы өте көп . Біріншіден олардың дәндері тағамдық жағынан аса бағалы , олар мал белоктарына жақын жоғары сапалы белоктарға бай . Екіншіден бұршақ дақылдарының бірден – бір қасиеті олардың өздерінің тамырларындағы түйнектерге орналасқан бахктериялар арқылы ауадан азотты сіңіріп , біздің бақшамыздың құнарлылығын арттыра алады және оны белокты заттарға айналдырады сондықтан болар , көне Үндістан мен көне Қытайға бұршақ құнарлылық пен байлықтың символы саналады

Бірақ көкеніс бұршақтары азыққа қана емес,олар бойындағы өте көп азот, калий, натрий әр алуан витаминдер жиынтығы ( С , В тобы, каротин , Е, К ) және әртүрлі ( темір, фосфор , магнии , иод ) тұздары арқылы да емдейді. Олардың көбі жүрек тамыр жүйесіне жақсы әсер етеді , организмнен басы артық сұйықтықты шығарады , басқалары авитоминоздарға шипасын тигізеді, диеталық азық болып саналады.



Асбұршақ- өте ежелгі белоктарға бай дақыл (бұршақтар тұқымдасы). Шыққан орталығы –Алдыңғы Азия , онда тас және қола дәуірінде –ақ бидаймен арпамен белгілі болған .

Бұршақ бір жылдық өсімдік , қуатты тамыр жүйесі терең бойлай , сабағы көлбей өседі. Жапырақтары күрделі үлпілдек , ол ұш жағы мұртшаларменжәне ірі бөлшектермен аяқталатын 1-3 қос жапырақшалардан тұрады . Осы мұртшалары арқылы жабысып , өзінің тік қалпын сақтайды .

Бұршаққаптар –цилиндрше,қантты сорттары жарғақ қатты болады, не болмайды. Дәндері дөңгелек жатық немесе мыжырайған.Дәндерінің түсі гүлдерінің түсіне байланысты келеді.

Бұршақ тез пісетін өсімдік. Ол сепкеннен кейін5-7 тәулікте көктейді . Бұршақты учаскеге көң төгілгеннен кейін себеді. Жердің шымды , күлгін және қара топырақты , қарашірікке бай болғаны жөн Бұршақ жылылық пен құнарлылықты аса қажет етсе де оны фосфорлы- калии тыңайтқыштарымен тыңайған және нәтиже береді . Өніп -өсуі үшін жылылық –16+17 С . Бұршақ басқа бұршақ тұқымдастар сияқты азотты тамырларында болатын түйнек бактериялары арқылы тікелей ауадан алады .Азотзалғыш бактериялардың даму шапшаңдығы температураға байланысты:10С төмен емес температурада азотта сіңіре бастайды . Оның үстіне топырақ қопсытылған болуы керек өйткені топырақ бетінің қатпары ауаның кіруіне кедергі жасайды да бактериялардың дамуын тоқтатады. Себерден бір апта бұрын дәндерді аурудан сақтандыру үшін ТМТД ( 1 кг тұқымға 4 г ) тозаңдатады және 40-50 С 3 сағат бойы қыздырады. Брухуспен ( дәнқұртпен ) зақымданған жеңі дәндерді айыру үшін тұқымды ас тұзының 3 пайыз ерітіндісіне салады: бетіне шыққан дәндерді мал азығына пайдаланады,ал түбіне батқандарын сумен мұқият жауып(сыртындағы тұз қалдықтарын кетіру үшін ) , содан кейін седбеді . Тұқым сіңіретін жердің тереңдігі жеңіл топырақта – 5-7 сантиметр , ауыр топырақта 4-5 сантиметр болуы керек .

Бұршақ дәндері мен жармаларының балауса кезінде, тегіс дәнді сорты дәнінің диаметрі 5-6мм, қантты соттынікі 7-9 мм болғанда қант мөлшері көп болады . Сондықтан қантты сорттарын гүлдегеннен соң 7-10 тәуліәктен кейін жинай бастайды . Бұршақты әрбір 2-4 тәулікте жинайды . Ал аршылған сорттарын гүлденгеннен соң 12-15 тәуліктен кейін жинайды.

Бұршақтың көкөніс сорттары – қантты және аршылған сорттар болып бөлінеді. Қантты сорттарының мәуесі биязы , тәтті , жармаларында жарыққабат болмайды.Қантты (мозговой) сортының мәуесі ірі , жуан, етті келеді. Дәндеріндегі қанттың мөлшері 8,7 пайызға жетеді. Бұл топтардың аудандастырылған сорттарының ішінде көп таралғаны ; Карагандинскии 1053, Жегалова 112. Олардың барлығы биік (100-180см) , кеш пісетіндер (көктегеннен жинауға дейін 60-80 тәулік ) . Аршылған сорттар бұршақтарының екі қабаты болады ; сыртқысы – етті , ішкісі -қабықты не жарғақты. Жарпғақты қабаттан жарма талшықөтанып қатаяды , жеуге жарамсыз болып қалады. Дәндер балауса кезінде тәтті болады , оларды консервілеуге , кептіруге пайдаланады. Піскенде дәндердегі қант крахмалға айналады. Аршылған бұршақтың Победитель Г –33 , Овошной –76 , Превосходный –240 сорттары 60-70 тәулікте піседі . Бұршақтың аршылған сорты 1-2 С- да , қантты сорты – 4-6 С-да көктейді, сондықтан оларды 8-10 тәулік кеш себеді . Бұршақтың сағақ – жапырағы бағалы мал азығы . Бұршақты жерді өңдеу үшін де себеді , ол топырақты азотпен байытады бойына фосфаттарды сіңіре алады.



Бадана –бұршақ сияқты , бұршақ тұқымдастарға жатады . Үндістанда Орта Азидяда , Қытай мен Жапонияда көп өсіріледі . Бадана еттің орнына жүретін белоктық азық ретінде диета сақтайтын ерекше маңызы бар . Шыққан жері Латын Америка . Дәндерінде белок 27 %, көміртегі 6 %, витаминдер В, С, Р Р, К, каротин және минералды тұздар бар немесе калий және фосфор тұздары мол.

Емдік мақсаты бадананы езіп пісіріп , қарын сөлінің секрециясын күшейтетін диеталық ас ретінде, сондай – ақ бауыр мен өт қабы ауруларына қолданады. Халық медицинасында бадана мәуесінің жармасын қайнатпа сұйық тұндырма күйінде гипертония , жүректің ишемия ауруларына несеп жүргізетін шемен ауруына сарып пен подаграға қарсы пайдаланады. Бадана – бір жылдық өсімдлік сабағы мен алуан формада өседі. Бадананың сабағы бүйірінде шағын шырмауықтанған сабақ бұтақшалары бар бұталы , жартылай бұталы күйінде болады, олар гүлдейді және ұзын буын аралық шырмауықтары бар сабақ бұтақшалар шығады. Жапырақтары ұзын сағақтарда үш-үштен қосақталып тұрады.

Бұршаққабы түзу немесе бүгілген 2-8 дәні болады . Дәндерінің боялуы әр түрлі біртүсті немесе өрнекті болады. Бадана өсімдігі жылыны сүйеді. Дәндері 10-12 С көктей бастайды. Көктері қолайсыз температураны сезгіш келеді. 9-10 С себеді Қазақстанның Оңтүстік аймағында – сәуір айының екінші жартыдсында , Солүстіктеу аудандарында кешірек мамыр айында себеді . Себердің алдында тұқымды жібітеді . Бадана Оңтүстік аудандарында аңызақтан зардап шегеді , сондықтан оны көбіне жүгерімен бірге егеді, ол сондай- ақ шырмауықтанған сорттары үшін де сүйеу болады.

Бадананы қызанақ , картоп , баклажан , бұрыш , шалғам, қызылша , сәбіз егілген жерге еккен тәуір . Бадана органикалық және минералдық , сондай- ақ бор марганец, қалайы , молибден , мыс бар микротыңайтқыштарды қажет етеді.



6 – апта

ОБСӨЖ № 18


ОБСӨЖ тақырыбы: Жабайы өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Кәдімгі адыраспан.

2.Бетпақдала түйетабаны.

3.Үшдана түйетабан.



ОБСӨЖ мақсаты: Жабайы өсімдіктер түрлерімен таныстыру.

ОБСӨЖ жоспары: Кәдімгі адыраспан –Биіктігі 60 см / ге жететін сүріктеніп кеткен мықты және көпжылдық тамыры бар шөптесін өсімдік ол тамырда жер үстіне тиүксіз ұзына бойына созылған сайлары бар тармақты сабақтар шығарады . Сабаққа ұзындығы 3-6 см / ге жететін сағақсыз жапырақтар орналасады. Ол жапырақтары тілімделіп қандауыр және лента тәрізді жапырақ бөлімдеріне тармақталып кеткен . Мұндай шоқталып орналасқан жапырақтар сабақ бойында көп болады . Көптеген ақ сары түсті ірі гүлдері әр сабақтың ұшындағы ұзын гүлсағағанан шығады . Ұзындығы 15-20 мм жететіән тостағаншаларыда тілімделіп икеткендіктен бірнеше таспа тәрізді бөліктерге бөлінеді. Оның әрбөлігінің ұшы үшкірленіп бітеді. Күлтелері 5 бөлмді. Жемістері үш жақтаулы шар тәрізді немесе аздап қусырылып кеткен қорапшадан тұрады. Әр қорапшада көптеген тұқымдары бар . Сырттай әдемәілігіне қарамастан адыраспанның жағымсыз иісі бар май айынан бастап шілдеге дейін гүлдейді негізінен шөлдегі мал жайылымдарында құдықтың айналасында ескі қоныстарды көп кездеседе, таулы жерлерде өсе алмайды.

Бұрынғы кезде шипалық мақсатта адыраспанның тек тұқымы ғана пайдаланатын одан гормин алколойдын алатын . Ол алхколойдтың тұз қышқылы тұзын қалтырауық сал ауруымен емдеуге пайдаланған . Қазіргі медицина жер үсті бөлімінде шипалық мақсатқа пайдаланады. Бұл үшін өркендерін гүлдеу басталған кезде кесіп алады да , жайып кептіреді.

Кәдімгі адыраспанның табиғи қоры қазыргі кезде негізінен мал таптаудан және өскен жерлерін шаруашылық мақсатта игеріден күрт төмендеп кеткені байқалып отыр. Сонедықтан көп өскен жерін қамқорлыққа алып игерілмейтін басқа жерлерге тұқымын қолдан сеуіп көбейту қажет.

Балқаш түйетабаны биіктігі 1,5-2,5 см жететін жартылай шөптесін өсімдік . Өте ұзын және мықты тамырлары тармақталып кеткен.Бір тамырдан тобымен шыққан тік сабақтарының бетінде сайлары бар . Кірігіп кеткен жартылай шао немесе жұмыртқа пішіндес жапырақ серіктері . Жапырақтарының қалдығынан бір немесе екі ден ақ түсті күлтелері бар гүл шығарады . Тостағаншалары жұмыртқа , шар тәрізді қорапша жемісінің ұзындығы 10-14 мм көлденеңі 8-10 мм бес қырлы.



Бетпақдала түйетабаны –көп белгілері жағынан балқаш түйетабанына ұқсас . Тармақты сабақтары ироектеліп кетеді. Өткен жылғы өркенінің түп жағы ағаш сияқты қатаяды . Кірікпеген жапырақ серіктерінің ұзындығы 2,5 –3 мм . 1-2 және 3 жұп болып орналасатын қауырсын тәрізді жапырақтарының домалақ немесе элипс тәріді пішіні бар . Әр жапырақшасының ұзындығы 8-14 см болатын , көлденеңі 7-10мм гүлдері ұзынджығы 5-6 мм болатын гү сағақтарына орналасқан . Жеке күлтелерінің ұзындығы 7-8 мм түп жағы сыналанып жіңішкеріп кеткен . Ол басты бөктерлержде өсетін түр . Бетпақдала эндемі.

Қаратау түйетабаны –ұзындығы 8-14 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік . Басқа түрлерге қарағанда сабағындағы сайлар тар . Ұзындығы 2-4 см жапырақтарының қысқа сағағы болады. Жапырақ қолтығына 1-2 ден сағақты гүлдер орналасады. Ұзындығы 6-7 см болатын тостағанша жапырағы ұшеуі жұмыртқа тәрізді екуі сопақша . Бұл түрдің таралған жері өте тар Сырдария Қаратауыдың тасты беткейлерінде ғана кездеседі.

Үшдана түйетабан –ұзындығы 20-25 см жететін жартылай шөптесін өсімдік . Мықты тамырынан шыққан топ сабақтары әлсіздеу беті тегіс . Қанат тәрізденген жіңішке сағақты

қауырсын күрделі жапырақтарының ұзындығы 2,5-3 см әр жапырақшасы ұсақ ұзындығы 10-18 мм көлденеңі 2-4 мм бір қауырсын сағақта 2-4 жұп осындай ұсақ жапырақшалар орналасады. Жапырақтарының қолтығынан ұзындығы 10-15 мм болатын гүл сағағының ұшынан түп жағы күлгін қалған бөлігі ақ түсті күлтелері бар 1-2 гүл шығады мамыр – маусым ацйларында гүлдеп шілде тамыз айларында жеміс береді.

Оңтүстік Америкадаға Түйетабан көп өсетін бір аралға кейінгі жылдары үй қояндарын әкеп жіберген Аралда басқа дәмді сабақты өсімдіктер жіктеледі . Алайда үй қояндарына азық ретінде осы түйетабан ғана ұнайды басқа өсімдікке қарамай тек түйетабанды ғана жей бастады.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат тақырыптары:

1. Бақбақты қандай емдік ауруларға пайдаланады.

2.Жабайы өсімдіктер. Үшдана түйетабан туралы түсінік.

3. Қазақстандағы крахмал өсімдіктер.Қантты жүгері.

4.Дәрілік өсімдік. Дөңгелек жапырақты алмұртшөп.

5. Улы өсімдіктер. Аласа құртқашаш.


6. Улы өсімдік. Жалаңсабақ көкнәр.

7. Витаминді өсімдіктер: Колхозница, Асқабақ.

7 – апта

ОБСӨЖ №19

ОБСӨЖ тақырыбы: Арам шөтер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Бақбақ - Одуванчик обыкновнный ( арамшөп).

2. Бақбақты қолданылуы.

ОБСӨЖ мақсаты: Бақбақ - Одуванчик обыкновнный ( арамшөп).

ОБСӨЖ мәтіні: Арамшөптер шипалы екпе өсаімдіктерге қарағанда өніп- өсу жағдайына жақсы икемделгіш болғандықтан олар бойларына топырақтан қоректік заттар мен суды көбірек тарта алады. Арамшөптердің көбісі дәрілік өсімдік болып табылады. Олардың біразында каротин , витаминдер бар тез сіңетін минералды тұзда көкеніс дақылдарынан көп Арамшөптерден илік заттар органикңалық қышқылдар көптеген ауцруларды емдеуде бұлшық еттердің қызметіне дем беруде басты роль атқаратын гликозидтер табылған . Сондықтан үй маңында өсетін арамшөһптердің бәрін түгел құртуға асықпаған жөн . Саралап қараңыз . Бәлкім олардың көбін дәрілік өсімдік ретінде пайдалануға болар.

Бақбақ- биіктігі жарты метрге жуық , тамыры жуан көпжылдық , шөп тектес өсімдік . Тамыр жапырақтары өсімдіктің қысқа сабағының түп жағына топтала орналасқан . Жапырақтарының түрі мен көлемі әр түрлі болып келеді. Кейбіреулері солпақша , әрі жіңішке болса , тағы біреулерінің ені жалпақтау , біраз көпшілігі құстың қанаты сияқтанып , тілімденген , шеттерінде ойықтары бар. Өсімдіктің өн бойынан сүт сияқты сөлі шығып тұрады. . Сары түстері гүлдері сабақтың ең ұшында тостағанша тәрізденіп шоғырлана орналасады .Сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді.

Бақбақ шабындықтарда, тау етектерінде , тұрғын үйлердің маңайында , өзендердің жағалауларында орманды жерлерде өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде жинап алады. Құрамында стигмастирин , тараксастерол, инулин каучук майлар бар .

Халық медицинасында сабақтың тамыры да, шөбі де тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан бездерінің жұмысын күшейтетен дәрі ретінде пайдаланылады. Сондай- ақ өт айдайтын , іш жүргізетін , қақырық түсіретін , орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде де қолданылады. Осы қасиеттеріне байланысты оны іш жүрмей қалғрамында стигмастирин тараксастерол, инулин каучук майлар бар .

Халық медицинасында сабақтың тамырын да, шөбі де тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан бездерінің жұмысын күшейтетен дәрі ретінде пайдаланылады. Сондай- ақ өт айдайтын , іш жүргізетін , қақырық түсіретін , орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде де қолданылады. Осы қасиеттеріне байланысты оны іш жүрмей қалғанда , бүйрекке , қуыққа өт қалтасында тас болғанда , асқазан қабынғанда және түйіліп ауырғанда емге пайдаланылады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, есек жемді , күйікті жараларды емдейді. Соңғы кездерде басқа дәрілермен қосып пайдалану арқылы атеросклерозды емдейтін болды. Халық медицинасында кәдімгі бақбақты бауыр , ішек ауруларын емдеу үшін де қолданылады. Орта Азияда бақбақтың жас жапырақтарының сөлін қан азайғанда, тамырынан сүтті сөлдерін денедегі сүйелдерді емдеу үшін пайдаланылады.

7 – апта

ОБСӨЖ № 20

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қызғылт семізот.

2.Сиверс алмасы.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктері.

ОБСӨЖ мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның



Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді.Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т.б.

Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) – Алтай өсімдіктерінің ішіндегі ең танымалысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді. Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау. Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке құлшынысын жақсартуға т.с.с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.

Сиверс алмасы (раушангүлділір тұқымдасы) – Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі ( шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан) облыстары тауларда кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаштың биіктігі 8 м, қоңырлау, сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі, диаметрі 6 см-ге дейін жетеді, ақшыл, күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың 5-2 тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түрі үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді, бір гектар алма орнгынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқымы вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды. Тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени сорттардың туыс басы болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Мушкетов түйесіңірі (тарандар тұқымдасы) – Қазақстандық 14 түрдің ішіндегі ең сирек кездесетіні, тек Іле Алатауының орталық бөлігінде (Алматы қаласының маңында) таралған. Қазіргі кезде тау етегіндегі шалғынды беткейлерде, жапырақты ормандарда және бұта шіліктерінде өседі. Биіктігі 1,5 м бұта, ағаштанған қызғылт-қоңыр бұтақтарымен, туыстың көптеген басқа өкілдерінен тікенектерінің болмауымен және ірі (ұзындығы 6 см-ге дейін, ені 2 см) созыңқы сопақша ақшыл-жасыл жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері қос жынысты, бозғылт күлгін немесе ақ, қысқа бүйір шашақ, гүлшоғырына жиналған. Гүлсерігі жәй 5 мүшелі. Оның жапырақтары екі шеңберге орныққан сыртқы екеуі ішкілерінен ұсақтау және жеміс салу кезінде төмен еңкейеді, ішкі үшеуі (дөңгелек пішінді) үлкейіп өседі, жемісті қоршап тұрады. Аталығы 6-ау түйіні бір ұялы, үш бағанасымен. Түйесіңір мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі (тарамдар тұқымдасына тән үшқырлы жаңғақты) шілдеде піседі. Оның жасы 10 миллион жылдан кем емес. Қазақстанның Қызыл кітабына ендірілген.



Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Кооллоквиум сұрақтары:


1.Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.Махаон.

2. Қызыл кітабқа енгізілген өсімдіктер: Кауфман қызғалдағы,Регель қызғалдағы, Островский қызғалдағы.

3. Қазақстандағы су жануары. Итбалық.

4.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар. Жекдуадақ немесе жорға дуадақ.


5.Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар .Азия және үлкентұмсықты шүрілдек.

6. Өсімдіктер ресурстарын қорғау шаралары.Алматы қорығы.



7 – апта

ОБСӨЖ № 21

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Балташы түкті ара.

2.Апполон.

3.Махаон.



ОБСӨЖ мақсаты: Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Балташы түкті ара – аралардың ішіндегі ең ірісі. Сыртқы пішіні түкті араға ұқсас және ағашты кеміріп тесетіндігіне байланысты осылай аталған. әдетте бұл аралар қара немесе көк түске боялған. Көк балташы түкті ара көпке таныс, ол ағашты тесіп, ұяшықтарға бөлінген ұя жасайды. Әрбір ұяшыққа жұмыртқа салады. Жұмыртқадан дернәсіл шығып, олар аналықтың жинаған гүл тозаңдары және тәтті шірнесімен қоректенеді. Ересекке айналған дернәсілдер ұяшықтарында қыстауға қалады. Көктемде әрбір балташы түкті ара жеке тесік жасап сыртқа шығады. Балташы түкті ара жаз бойы гүлдерде қоректеніп, келешек дернәсілдерге қор жинайды.

Апполон - әдемі көбелек, желкенділер тұқымдасына жатады. Қанатының құлашы 7-9 см, ақ қанаттарының шеті мөлдір, оған қара дақтар түскен. Артқы ақ қанаттарындағы қарамен көмкерілген екі қызыл көзшесінің ортасында ақ дақтары бар. Құстар апполонның қанатындағы қызыл дақтары, ызыңдаған дауысы және үркітетін иісі үшін оған тиіспейді. Ызыңдаған дыбысты қанаттарының төменгі жағын аяқтарымен тырналап шығарады. Бозкілем өсімдігімен қоректенеді, таралуы да осыған байланысты. Тауда теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте және одан да жоғары да кездеседі.

Махаон – желкенділер тұқымдасының көбелегі. Сары түсті қанаттарында қара сурет және көкшіл, қызғылт сары дақтары болады. Қанатының құлашы 8,5 см, артқы қанаттарында ұзындығы 1 см қара құйрығы болады. Жылына екі рет көбейеді, жұлдыз құрттары шатырлы тұқымдасты өсімдіктерді болады. Жасыл түсті жұлдыз құрттарының жыртқыштарды үркітетін арнайы құралы бар. Ол басының артындағы сыртқа айналып шығатын ұзын қызыл айыртәрізді, екі ұзын қап сияқты бездері. Бұл бездері өткір жағымсыз иіс шығарады. Махаон еуразияда ең көп таралған көбелектердің бірі, бірақ баолық жерде сирек, сондықтан көптеген елдің Қызыл кітабына енгізілген.

Дәуіттер – денесі ұзыншақ, үлкен тасырайған көздері мен жетілген алдыңғы ұстағыш аяқтары бар ірі жәндіктер. Дәуіттер – күдікпен қарайтын жыртқыштар. Қалың шөп және бұталар арасында, кеудесі мен алдыңғы ұстағыш аяқтарын жоғары көтеріп, жемтігін аулайды. Жемтігін көре салып, оған байқатпай ұрланып жақындайды да, алдын-ала жиналған ұстағыш аяқтарын алдына тастап, жемтігін саны мен сирағының ортасына қысып ұстап алады. Әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Дәуіттердің ішіндегі ең таралғаны – кәдімгі дәуіт.




Екінші аралық бақылау


Екінші рейтинг бақылау




Тақырыптар

Апта

Бағасы

Бақылау түрі

1

Су омыртқасыздар.Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.

8 апта


2 балл

Бақылау сқұрақтар

2

Су омыртқасыздар. Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.





Сұрақ-жауап

3

Су омыртқасыздар. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар.

2 балл

Реферат

4

Су омыртқасыздар.Қызыл кітапқа енген балықтар.

9 апта





Сұрақ-жауап

5

Балықтар. Майшабақ тәрізділер.

2 балл

Бақылау сұрақтар

6

Қазақстанның су жануарлары.




Сұрақ-жауап

7

Қазақстанның су жануарлары.Жанат.

10 апта


2 балл

Реферат

8

Қосмекенділер.




Сұрақ-жауап

9

Қазақстандағы жер бетіндегі негізгі биоресурстар. Жер бетіндегі омыртқасыздар.

2 балл

Бақылау сұрақтар

10

Тянь – Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

11 апта






Сұрақ-жауап

11

Бауырмен жорғалаушылар. Сары жылан.

2 балл

Глосарий

12

Тауларда кездесетін құстар.




Сұрақ-жауап

13

Тянь – Шаньда кездесетін құстар.

12 апта



2 балл

Глосарий

14

Алтай тауларда кездесетін құстар.




Сұрақ-жауап

15

Су қоймаларда кездесетін сүтқоректілер.

2 балл

Бақылау сұрақтар

16

Тянь – Шаньда кездесетін сүтқоректілер.

13 апта





Сұрақ-жауап

17

Алтай тауларда кездесетін сүтқоректілер.

2 балл


Бақылау сұрақтар

18

Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.Азия жалпақ құлақты жарқанаты.




Сұрақ-жауап

19

Қазақстанның терісі бағалы және аңшылыққа жарайтын аңдар.Жабайы мысықтар.

14 апта


2 балл

Реферат

20

Терісі бағалы аңдар.Қояндар.




Сұрақ-жауап

21

Терісі бағалы аңдар. Кемірушілер.

3 балл

Коллоквиум

22

Терісі бағалы аңдар.Сарышұнақтар

15

апта








23

Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар.










24

Наурызым мемлекеттік қорығы.











8 – апта

ОБСӨЖ № 22

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Масалар

2.Су өлшегіш қандала.

3.Су өрмекшісі.



ОБСӨЖ мақсаты: Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Масалар – қосқанатты жәндіктер отрядына жатады. Нағыз масалар тұқымдасының өкілдері, көпке танымал, жер шарының барлық жерінде кең таралған. Адамдар мен жануарларды шағып, мазасын алады. Аналықтары ғана қанмен, аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Масалар ұсақ таспа суларда, шалшық, тіпті консервлі ыдысындағы суда да көбейе береді. Дернәсілдері суда органикалық қалдықтар мен ұсақ су ағзаларымен қоректенеді. Қан соруға тек ұрықталған аналық қана қабілетті, жылы қанды жануарлар тобын 3 км қашықтықтан сезеді. Аналығы өз салмағынан артық қан сорады. Осы қанның арқасында, аналықтың ағзасында 150-200 жұмыртқа пайда болады. Қансорғыш аналық жазда екі ай тіршілік етеді. Маса жағымсыз қышитын шаққан орнынан басқа неше түрлі ауруларды мысалы, әр түрлі безгек ауруларын таратады.

Су өлшегіш қандала – нағыз су өлшегіштер тұқымдасына жатады, су үстінде тіршілік етеді, су бетін ұзын аяқтарымен итере, су үстінде жүреді. Ең көп, әрі ірі қандала. Үлкен су өлшегіштің денесі ұзын, сарғыш түсті ұзындығы 13-17 мм, денесі барқыт тәрізді түкшелермен жабылған. Су бетіне құлайтын ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ересектерімен бірге дернәсілдері де жиі кездеседі, себебі аналығы жаз бойы су өсімдіктеріне жұмыртқаларын салады. Су өлшегіш қандалалар күзде жағадағы әр түрлі паналарға тығылады.

Су өрмекшісі – кең тараған өрмекшінің түрі. Тоқтау су түбінде тіршілік етеді. Бұл орта пішінді өрмекшінің бас кеудесі ұзындығы 1,5 см жалаңаш, ал құрсағы жұмсақ, ашық түсті, су жұқпайтын түкпен жабылған. Су астында түктері ауаны ұстап тұрады, ал құрсағы жалтырап тұрады. Құрсағын айнала қоршаған ауа тыныс алу үшін пайдаланылады. Өрмекші ауық-ауық су бетіне шығып, құрсағының ұшын судан шығарып, ауа қорын жинайды. Бұл өрмекші су астында өрмек жібінен тор құрып, сөйтіп оймақтай ауа кеңістігі пайда болады. Осы жерде жұмыртқа пілләсін салады. Мұнда ұрпағын ұстайды және өздері қыстайды. Негізінен омыртқасыздар дернәсілдермен қоректенеді.

Сүңгуір қоңыз- денесі сопақша, ұзындығы 25-35 см, денесінің жоғарғы жағы сары түспен көмкерілген, қоңыр немесе жасыл қара түсті. Артқы аяқтары жүзуге икемделген ұзын, жалпайған, табаны ұзын қылшықты, аяқтары мен бір мезгілде еседі. Бұлар баяу ағатын су қоймаларында тіршілік етеді. Тыныс алу үшін құрсағының ұшын судан шығарып қояды да, сөйтіп қанатының астына ауа жинайды, оны су астында пайдаланады. Әр түрлі су омыртқасыздарымен қоректенеді.

Инеліктер – созылған сымбатты денелі, үлкен басында үлкен көздері орналасқан, екі жұп ұсақ тор болып жүйкеленген мөлдір қанаты бар. Аналығы жұмыртқаларын суға немесе өсімдіктің су асты бөлімдеріне қоймалжың пілләлар салады. Жұмыртқаларынан ересектеріне тіпті ұқсамайтын ерні үлкен дернәсілдер шығады. Жыртқыш дернәсіл төменгі ернімен қорегін ұстап, жоғарғы жағына әкеліп жейді. Әдетте масаның, біркүндіктің дернәсілдерімен және басқа да омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. өсе келе дернәсілде қанаттың бастамасы пайда болады, содан кейін судан тыс, өсімдік сабағына бекініп соңғы түлеуі өтеді. Жаңа пайда болған инелікке қанаттарын керіп, қатаюына 6 сағат уақыт керек. Инеліктер ұсақ ұшып жүрген жәндіктермен, негізінен масалармен, шіркейлермен қоректенеді.

Сүліктер – буылтық құрттар типіне жатады. Сүліктің жер бетінде 400 түрі белгілі. Жақты сүліктер көбірек таныс, оларға медициналық, жылқы және үлкен жалған жылқы сүліктер жатады. Медициналық сүліктің денесі сарғыш жасыл, сарғыш қара, үзік сарғыш қызғылт жолақтарымен ерекшеленеді. Сүліктің денесі ұзыншақ, 90-100 сақинадан тұрады. Басының ұшы дөңгелек тәрізді, оған сорғыштар орналасқан. Сорғыштарында 180 ұсақ тісшелер бар, 3 жақ төмпешігі болады, жағы қозғалғанда жемтігін шаншып, ұлпаларын жыртады. Медициналық сүлік теріні оңай тесіп, қанмен қоектенеді. Алғашқыда сорғыштарымен жабысып, жақтарын ұсақ тістерімен жылжытып теріні жаралайды сөйтіп созылмалы асқазанын қанға толтырады. 30 мл қан сорады, аз мөлшерінен 3-4 есе өседі. Сүліктер тоспа суларда, көбіне лай суларда тіршілік етеді. Осы жерде өз жемтігін омыртқалы жануарларды күтеді. Медициналық сүлік 3000 жылдан артық медициналық мақсатта қоланылып келеді.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау сұрақтары:

1.Улы жәндік. Қара құрт.

2.Шөл мен шөлейт омыртқасыздар. Киелі қоңыз.

3.Су омыртқалылар. Торта балық, Табан балық.

4.Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығының жануарлар дүниесі.

5. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар. Кіші және сары аққұтан.

6. Қазақстанда ауланатын балықтар: Бекірелер, Шортан, Сазан.

8 – апта

ОБСӨЖ № 23

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Сарышаян.

2.Құмырсқа арыстаны.

3.Киелі қоңыз.



ОБСӨЖ мақсаты: Шөлейт жерлерінде кездесетін омыртқасыздармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Сарышаян – жердегі буынаяқтылардың ежелгі отрядының өкілі. Қазақстанда екі түрі: Кавказ және шұбар сарышаяны тіршілік етеді. Саны көп. Сарышаянның түрі елдің бәріне таныс. Бұл аяқтарында үлкен қысқыштары бар, құйрығы тік көтерілген. Оның ұшында бүгілген іспегі бар ұзыншақ буынаяқты. Денесінің ұзындығы 20 см. Сарышаянның шағуы – шабуылы немесе қорғанысы кезінде құйрығындағы улы іспегімен қорқытады. Тірі жемтікпен қоректенеді, егер ірі белсенді жәндікті ұстаса, алдымен улы іспегімен жансыздандырады. Әдетте, жәндіктерді, ұсақ сүтқоректілерді және құстарды сарышаян уы өлтіреді. Бұлар құрғақ шөлді аймақтарда кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді.

Құмырсқа арыстаны – тор қанаттылар отрядының әдемі жәндігі, далалы және шөлді аймақтарда кездеседі. Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпартәрізді мұршаларымен оңай ерекшеленеді. Бұл жәндіктердің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршілігіне байланысты. Олар шұңқыр қазып, құрғақ жерде тіршілік етеді. Дернәсілдері шұңқыр түбіндегі топыраққа көміліп, тек жақсы жетілген жақтарын сәл қалқалап, шұңқыр үстінде қалдырады. Ұсақ жәндіктер қасынан өтіп бара жатып, қабырғасы құлап тұрған шұңқырға түсіп, шыға алмай қалады. Осы жерде олар өзгеше “арыстан” жемтігіне айналады.

Киелі қоңыз – тақтамұртты қоңыздар тұқымдасының өкілі. Бұл ұзындығы 2,5-4 см қара қоңыз, алдыңғы аяқтарының қазуға бейімделген тісшелері бар. Мұртшалары шоқпартәрізді, ұшы жіңішкерген немесе тарқатылған әдемі желпеуіш сияқты.киелі қоңыз өзіне жақын басқа да қи қоңыздары сияқты, қи шарын жапсырып, дайындаған жерінен 10 м қашықтыққа дейін домалатады. Қоңыздар жаңа қидың иісін алыстан сезіп, қи шарын жасау үшін ұшып келеді. Қи үйіндісінен шарды домалатып бір шетіне алып кетіп, жерге көмеді. Жиі өздері осы шармен бірге көміледі, сөйтіп шарды бірнеше күнде толық жеп бітіреді. Аналықтары топырақта шарлардан өздеріне тән “алмұрт” жасайды, сөйтіп оның жіңішке жеріне жұмыртқа салады. Дернәсілдері “алмұртты” жеп қоректенеді. Осыдан кейін дернәсіл қуыршаққа ауысып, бір айдан кейін ересек қоңызға айналады, жер бетіне келер жылы ғана шығады. Қоңыздың бұлай аталуы ертедегі египеттіктердің сенушілігінен туған. Ол бойынша шарды домалатуы – Күннің аспанда қозғалуы, ал аяқтарындағы тісшелері – Күн сәулелері деген ұғым.

Қарақұрт – орташа мөлшерлі улы өрмекші (аналығы 10-20 см, аталығы 4-7 м). Қазақстанның шөлді және далалы аймақтарын мекендейді. Құрсағында қызыл дақтары бар қара түсті өрмекші. Апандарда тіршілік етеді, оның маңына жәндіктерді ұстау үшін тор құрады. Аналығы осындай апандарда 100-ден 700-ге дейін жұмыртқа салады, оның сыртын өрмекпен тоқып, піллә түзеді. Келер жылы пайда болған жас өрмекшілер өздері тоқыған өрмектерімен желмеп ұшып кетеді. Осындай өсімталдығының нәтижесінде, кейде қарақұрт саны күрт көбейіп, адамдар мен жануарлар оның шағуынан зардап шегеді. Қарақұрт уы сылдырмақ жыланның уынан 15 есе күшті, әсіресе ересек аналығы өте улы.

Термиттер – жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамды тіршілік етуіне байланысты және әр түрлі құрылыстар салуға қабілетті болғандықтан “ақ құмырсқалар” деп атайды. Жанұяларында ерекше топтар – жынысты даралар (топ ұйытқысы – аналық пен жынысты жетілген аталықтар), жұмысшылар, солдаттар.

8 – апта

ОБСӨЖ №24

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Еділ майшабағы.

2.Каспий албырты.

3.Арал албырты.



ОБСӨЖ мақсаты: Жойылып бара жатқан балықтармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Еділ майшабағы - Қазақстанда Каспий теңізімен Жайық өзенінің төменгі жағында саны өте жылдам азаейып бара жатқан түрше. 30-жылдардан бастап 70-жылдарға дейін жылына ауланатын балық үлесі 70 тоннадан 10 тоннаға дейін кеміді. Негізгі себеп өсу жағдайының нашарлауы және шектен тыс аулауы. Аулауға толық тыйым салып, уылдырық шашатын балықтарды уақытында су құрылыстары арқылы өткізу ұдайы өсіруді қолға алу керек.

Каспий албырты – жойылып кету қарсаңында тұр.Каспий теңізі мен оған құйылатын өзендердің сағаларында кездеседі. Соңғы 15 жылда Жайық өзені мен Каспий теңізінің қазақстанда қарасты бөлігінде кездескен жоқ. 1939 жылға дейін жылына 620 тонна жуық балық ауланса, ал 1970 жылы 5 тоннадан асқан жоқ. Негізгі себебі-өзен бойында су құрылыстарын салумен байланысты оның табиғи өсуінің төмендеуі және шектен тыс аулауы. Қолдан ұдайы өсіру шараларын жолға қою қажет.

Арал албырты – республикамызда бұл балықтың жойылып кетуі де мүмкін. Арал теңізі мен Амудария өзенін мекендеген. 30 –шы жылдары, теңізде 1961 жылы дейін Амударияның жоғарға ағысында бірен сараны ұсталған еді. Қолдан өсіруді ұйымдастыру қажет.

Таймень – қазақстанда тек ертіс өзенімен оның салаларында сонымен қатар суы салқын алтай көлдерінеде және жасанда су қоймаларында кездеседі. Санының көбеюінің негізгі себебі- өзендерде су құрылыстарын салуға байланысты өніп -өсу жағдайының нашарлау және шектен тыс аулау. Бұл балықтардың өніп -өсуін қаматамасыз ету үшін су құрылыстары жұмыстарының режимі оған сәйкестендіру керек.

Ақбалық – нельма – қазақстанда ертіс өзенінің бассейінде бұқтырма жасанды су қоймасы және қара ертісте тараған. Соңғы 40 –жылда аулау үлесі 10 есеге кеміді. Негізгі себебі – аулауды тыйымсыз ұйымдастыру барысында балықтың өніп -өсу қабілетінің кемуі. Қазақстаннан тыс су қоймаларында көбейетін нельмаларды аулауды реттеу. Қолдан өсіруді және қасақылықпен күресуді жолға қою қажет.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат тақырыптары:

1.Қызыл кітапқа енген балықтар. Бұйра және қызғылт бірқазандар.

2.Бағалы балықтарды қолдан өсіру жолдары.

3.Қазақстанда ауланатын балықтар. Каспий тілтісті.

4. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар.Еділ майшабағы.

5. Қызыл кітапқа енген құстар. Кіші және сары аққұтан.

6. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар. Сұр кесел. Дала ешкіемері.

9 – апта

ОБСӨЖ № 25

ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Қызыл кітапқа енген балықтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ақбалық.

2.Шортан тәрізді ақмарқа.

3.Түркістан қиязы (теңге балығы).



ОБСӨЖ мәтіні: Қызыл кітапқа енген балықтар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Ақбалық – қазақстанда солтүстік каспий мен оған құйылатын өзендердің атырауларында кездеседі. 1960 ж бері Жайық өзенінде ұсталғаны жайында деректер жоқ. 30 –жылдардан 1959 ж-ға дейін бұл балықтың жылдық аулау үлесі 1460 тоннадан 400 кг дейін азайды. Соңғы 20 жылда еділдің атырауынан 70 млн аса қолдан өсірілген шабақтар жіберілді.Қолдан өсіру алқыбымен кеңейтіп табиғи өніп өсу жағдайын одан әрі жақсарту керек.

Күтім -өте сирек тараған түр. Бірен сарандары каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігі мен жайық өзенінің атырауында кездеседі. Санының аз болуының басты себебі; гидрологиялық режимнің бұзылуына байланысты өніп -өсу жағдайының нашарлауы және есебсіз аулау. Республикада оны қолдан өсіруді жүзеге асыру қажет.

Шортан тәрізді ақмарқа – бұл балықтың республикамызда жойылып кетуі де мүмкін. Қазақстанға соңғы рет 1953 жылы ұсталған. Сырдария өзенімен оның салаларында өніп өскен. Шортан тәрізді ақмарқаның жойылып кетуінің себебі; су құрылыстарын салу, суды ауылшаруашылық дақылдарын суғару үшін көптеп алу және оның ластануы бұл балықты сақтау үшін жер суару құрылыстарын салу кезінде балық қорғау жұмыстарын жетілдіру және бұл түрді өсіру әдістерін ұйымдастыру қажет.

Арал қаязы немесе теңге балығы – Сырдария өзенінің су ағысын реттегенге дейін бұл балық арал теңізінен нарыннның сағасына кездескен. Шу өзенінің төменгі ағысында да өніп-өскен. Қазіргі кезде Сырдария мен оның кейбір салаларын, көлдер мен жасанды су қоймаларын мекендейді. Шу өзенінде кезедеспейді, ал 1930-1931 жылдары жерсіндірілген Балқаш-Іле бассейнінде өніп-өсе бастады. Оның қорын көбейту үшін қолдан өсіру шараларын жүзеге асыру керек.

Түркістан қиязы (теңге балығы) – Қазақстанда Сырдария өзені мен оның салаларын қоса, Арал теңізі және Шу өзенінің бассейіндерінде өніп-өседі. Бірақ соңғысында 90-жылдардан бастап кездеспеген. Су қоймаларының гидрологиялық режимінің нашарлауына байланысты саны кемуде. Аулауға тыйым салып, әуесқойлық жолмен ұстауды шектеп, барлық қорғау құрылыстарын жетілдіру керек.

Көкбас немесе осман (Іле популяциясы) – Іле популяциясы жойылып кету алдында тұр (жойылып кетуі де ықтимал). Іле өзені мен Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі ең терең және тынық суларда мекендеген. Бұл мекендерде көкбас еш уақытта көп болған емес, ал 1977 жылдан бастап Қапшағай су қоймасын салғаннан бері кездескені жайында анық деректер жоқ. Көкбастың жойылып кетуінің себептері – тек Іле өзенінің ағысын реттеу ғана емес, оған қосымша қасақылық және осында жерсіндірілген жыртқыштар – көксерке мен жайынның – жемқорлығы. Қайтадан жерсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Шу сүйрікқанаты – (мүмкін жойылыпта кеткен шығар). Бұрын аздаған балық тек Шу өзенініде кездескен, ал 1960 жылдан бері бұл түрше жайында анық деректер жоқ. 1990-1993 жылдары арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары да нәтиже бермеді. Кейбір жасанды су қоймалары мен Шу бассейнінің көлдерінде сақталып қалуы да мүмкін. Жойылып кету себептері анықталмаған. Іздеу жұмыстарын жалғастыру және жойылып кетуіне себепші болған фактілерді анықтау керек.

Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясы) – Балқаш-Алакөл бассейнінен Солтүстік Қазақстан мен Өзбекстан суларына кездейсоқ әкелінген. Балқашта алабұғаны жылына аулау үлесі 1961 ж 1966 ж дейін 2300 тоннадан бірнеше тоннаға дейін төмендеп, кейіннен аулау мүлдем тоқтатылған.

9 – апта

ОБСӨЖ № 26

ОБСӨЖ тақырыбы: Балықтар. Майшабақ тәрізділер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Балықтыр.

2.Майшабақ.

ОБСӨЖ мақсаты: Майшабақ тәрізділер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Осы кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі ең қарапайым құрылысы, басқа балықтармен салыстырғанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойы өңешпен байланысты болатын балықтардың тобы майшабақ тәрізділер. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады.Негізгі тұқымдастары майшабақтар және лосось тәрізділер.

Майшабақтар тұқымдасына – негізінен теңіздерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады.Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майшабағы – Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңізіне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырығын шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтары ауыр сондықтан су түбіне шөгіп , оның түбіндегі заттарға көбінесе балдырларға береді. Әрқайсысы 40 мың - нан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң солтүстікке ауысады.



Майшабақтар - Каспий мен Қара теңізде өте көп болады.Бұл теңіздердегі майшабақтардың тіршілік ету тәсілі де түрліше . Мысалы : Еділ майшабағы және қаражанды майшабақ тыныс алу органдарының жетілу немесе семіру кезінде теңізде болады да . Ал көбеюі үшін өзенге шығып , өзен бойымен жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділмайшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше.Барлық өмірін теңізде өткізетін Каспий пузанкасы дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді.

Балтық теңізі Қара теңізде килька ал Каспиий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ шабақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын балықтар. Лосось тұқымдасына – майшабақтар отрядына үлкенді – кішілі бірнеше түрлері жатады. Оларға тән ерекшелік арқасында жұмсақ тері қатпары болады оны майлы қанат деп атайды. Балықтардың бұл тобы қоңыржай және солтүстік ендіктерде тараған. Лососьтар көбінесе өсіп – жетілуі теңізде өтіп, ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері ерекше бай келеді. Мұнда Лосось тәрізділерден кета, горбушка , нерка және басқалары тіршілік етеді. Бұл балықтар өзендердің бас жағына уылдырық шашады. Ал оның ішіндегі нерка деген түрі уылдырық шашу үшін көлдерге барады. Уылдырық шашу кезінде миграциясы(қоныс аудару) бірнеше мың киломметрге дейін жетеді. Мысалы кета Амур бойымен екі мың км жоғары көтеріледі. Уылдырықтарын өздері қазған арнайы су түбіндегі шұңқырға тастап,оны арнайы уақ тастармен,немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзендерде қыстап шығады да , көктемде теңізге келеді . Ересек балықтар уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтіп олар бүкіл өмірінің ішінде бірақ рет көбейеді. Кетелар 3 мың , горбушкалар 1-2 мың уылдырық шашады.


Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Бақылау жұмыстары:

1.Қазақстанның су омыртқасыздар. Былқылдақденелілер типі; Түркістан туркомилакасы, Цветков туркамиласы

2.Қызыл кітапқа енген балықтар. Арал қаязы немесе теңге балығы.

3.Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.Буылттық құрттар типі; Ерекше эйзения, Жылантәрізді перелия

4.Су омыртқалылары балық. Майшабақ, Қара балық немесе шармай.

5.Жәндіктер; Арла жіңішке құйрықты инелік; Әмірші инелік, Аға дәуіті, Әдемі қыз инелік.



9 – апта

ОБСӨЖ № 27

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жұпар.


2.Жұпардың тіршілігі.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның су жануарлары мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Бұл аң осыдан 30 млн. жыл бұрын пайда болған. Ерте заманда жер бетінде жүндес алып мамонттар тірщілік еткен дәуірде қазіргі кезде Европаның барлық су қоймаларында жұпар тіршілік еткен. Дене тұрқы егеуқұйрықтай онша үлкен емес бұл аң насеком қоректілерге жатады.

Ұзындығы 18-22 см, құйрығы 12-20,5 см, 320-480 гр ғана. Барлық дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай, түйме сияқты жылтырап тұрады. Аяқтарының башай араларында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үсті мүйіз тәрізді қабыршақтармен жабылған.

Ал енді жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, түсі сұр бурыл күміс тәрізді немесе ақшыл болады. Терісінен су өтпейді.Арқасының түсі шым қоңыр, өте жылтыр келеді. Арқасына қарағанда бүйірі ақшыл болады. Тамағы, кеудесі және құрсағының барлық жері ақшыл сары күміс реңді. Құйрығының түбінің астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден май тәрізді иісі күшті сұйық зат бөледі. Сол иіс арқылы еркегі мен ұрғашылары бір – бірін тез тауып алады.

Енді бір қызығы – мамонт сияқты ірі жануарлар табиғи өзгерістерге шыдай алмай жер бетінен құрып кеткенін білеміз. Ал жұпар болса, су астында тіршілік етуге бейімделіп, қазіргі уақытқа дейін ешбір өзгеріссіз сақталып қалған.

Біздің республикамызда жұпар негізінен Батыс Қазақстанда кездеседі. Бұл өңірде ол жайық өзенінің бойын мекендейді.

Жұпар – жартылай суда тіршілік ететін жануар. Орал өңірінде жұпар өзендердің сағасында және су айдындарында мекендейді. Су жағасынан олар қиындау жерден ұзынша етіп ін қазады, інің ауызын су астынан шығарады. Іннің ауызы әр уақытта су деңгейінен 10-40 см төмен орналасады. Ін жолы су деңгейінен жоғары көтеріліп, ұя камерасынан қосылады. Жалпы олардың індерінің ұзындығы су жағасының ерекшелігіне байланысты. Мәселен, тік жарлы жерде оның ұзындығы 2-3 метрге, ал жайпақ жағада 20 метрге дейін барады. Су ішіндегі іннің ең түпкі ұя камерасы жазда су деңгейінен 20-30см жоғары орналасады. Ал кейде жазғы ұя камерасы 5-20, қыста 50 сантиметр тереңдікте жатады.

Жұпар көбіне тереңдігі 1-2 метр суда тіршілік етеді. Бұдан тайыз өзендер қыста қатып қалатын болатындықтан жұпар тіршілік етуге қолайсыз келеді.

Қыс айларында ол жер бетіне мүлдем шықпайды: су түбінде немесе мұз астында жүзіп жүріп күнелтеді.Сол себептен де өте терең суларда тіршілік ете алмайды, өйткені мұздың астында аз да болса ауа болады.

Жұпар- семьясымен бірге тұрып тіршілік ететін аң. Жазда бір семьяда төрт-бес аңнан болса, ал қыста бір ұяда оның саны 12-13-ке дейін жетеді. Кейде жаз айларында жеке-жеке жүрген жұпарлар де көзге шалынып қалады.

Жұпар азықтануға ымыр жабыла шығады да, түні бойы қорек іздеумен болады. Оның тағы бір ерекшелігі –қорек талғамайды. Ғалымдардың есебі бойынша суда кездесетін жәндіктер және өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Оған инелік, маса, шыбынның личинкалары, көбелек құрт, сүлік, құрақ, қоға секілді өсімдіктер жатады.Жұпар сондай –ақ бақаны да жақсы жейді . Кейде ұсақ балықтармен , әсіресе судың жағасына шығып қалған өлекселермен азықтанады. Бұл аң сөйтіп күн сайын өз салмағына пара – пар , яғни 450 грамға дейін қорек жейді .

Жұпар жылына бір рет балалап, 1-ден 5-ке дейін , ал орта есеппен 3-4 –тен туады. Шілденің екінші жартысында немесе тамызда туады. Балалары жай өседі, тек бір жылдан кейін ғана ересектердің қатарына қосылады.

Ересек жұпарлардың жұптасып , жаппай шағылысу кезеңі – көктемгі су тасыған кезде басталады.Ұрғашы жұпарлар балаларын 45-50 күндей көтереді. Балаларына негізінен ұрғашы жұпарлар қамқорлық жасайды .

Жұпарлар су тасыған уақытта қорғансыз , баспанасыз қалғанда оларды түлкі , жанат тәрізді ит , ақкіс дала күзені сияқты аңдар мен басқа да жыртқыш құстар оңай – ақ олжа етеді. Көктемгі су қоймаларының суға толатын шағында жұпарлар жаңа қоныс іздеп , көрші су қоймаларына көшіп , қоныстарын кеңейтеді. Олар негізінде көше беруді ұнатпайды, сондықтан үйренген жерінен әрі кетсе 5-6 шақырым қашықтыққа ғана ұзайды.

Жұпар терісі бағалы аңдардың қатарына жатады. Жұпардың терісі аң терісінің ішінде ең таңдаулы сорттарына жатады. Оның терісінен басқа ұрық безі де пайдаға асырылады. Жұпар осы безден хош иісті зат бөледі Сондықтан бұл аң жұпар деп аталады.Ол зат парфюмерия өнеркәсібіне керекті бағалы шикізат болып есептеледі . Бұдан әр түрлі хош иісті сабын , әтір дайындалады.



10 – апта

ОБСӨЖ № 28

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары. Жанат.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жанат.

2.Шайқағыш жанат.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның су жануарларымен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстан территориясында бұл аңның екі түрі – жанат немесе жәнәті (енотовидная собака) және шайқағыш жанат (енот-полоскун) кездеседі. Бұл аңдар бір-біріне өте ұқсас келеді. Олар – терісіне бола ауланатын және жерсіндірілген жыртқыштар.

Жанат – иткеөте ұқсас аң. Сондықтан да бұл аңды кейде жанат тәрізді ит деп те атайды. Бұл аңның денесінің ұзындығы 65-80, құйрығы- 15-25 см-дей, жазда салмағы 4-6, күзде 6-10 кг-дай болады. Жүні ұзын, жұмсақ қылшықты болып келеді. Әсіресе қысқы жүні өте түбітті, түрі жылтыр қоңырқай, қылшығының ұшы қара болады.

Жанат оңтүстік – шығыс Азияда, Жапонияда, Қытайда, Кореяда және СССР-дің Уссурий өлкесі мен Амур аймағында таралған.

Жанат қазіргі Гурьев облысында Еділ атырауында, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің сағасына дейін кездеседі. Гурьев облысына көршілес Астрахань облысынан келсе, ал Орал облысына Саратов облысынан таралып отыр.

Жанат негізінен өзен-көл жағалауын, балшықты жерді мекендейді. Олар көбінде жан-жағында орман не қалың ағаш өскен ашық алаң, өзен бойы және таудың құлама беткейінде тіршілік еткенді ұнатады. Мұндай жерлерде жанат қоек ететін түрлі жеміс ағаштары мен шөптесін өсімдіктер және осы аң иеленетін борсықтың ескі індері көп болады. Кейбір жерлерде өзен аңғарларында, қалың шөпті және тоғайлы жерлерде жүреді. Әсіресе тоғайлы жерлерде оның жейтін қорегінің бірі - әр түрлі құстар жиі кездеседі.

Жанат терең інде жатады. Інді ағаштардың тамыры не түбірінің астынан немесе қамысы қалың өскен жерден қазады. Кейде олардың індері үлкен тастың асты мен тау жыраларында да кездесіп қалады.

Бұл аң қорек іздеуге ымырт жабыла шығып, түні бойы кезіп жүреді. Жаз бойы семірген жанат қалың қар жауысымен аю және борсық сияқты қысқы ұйқыға кетеді. Қысқы ұйқы оның тіршілігіндегі бір ерекше қасиеті. Жанат күн жылына, қар ери бастағанда інінен қайта шығады.

Бұл жыртқыш негізінен қосмекенділермен қоректенеді. Және де әр түрлі ұсақ кеміргіштерді, құстарды (әсіресе шіл, құр), сондай-ақ ағаш жемістерін азық етеді. Сонымен қатар ол құрт-құмырысқа, ал кейде балықты да ұстап жейді.

Жанат жылынабір рет туады. Оның буаздығы, орта есеппен, екі айға созылады. Жанат 6-дан 8-ге дейін күшік табады. Күшіктерін өсіру кезінде жанаттың сырттаны мен қаншығы бір інде жатады. Күшіктері майдың аяғында жетіліп, іннен шыға бастайды. Жас күшіктер август айында кешкі уақытта ересектерімен бірге қоек іздеуге шығады.

Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Реферат сұрақтары:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет