5. Электронды есеп айырысуда есепті ұйымдастыру.
Қазіргі кезде төлем тапсырмаларымен есеп айырысу қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формасы болып табылады, дегенмен де ол жетілдірілмеген. Басты кемшілігі төлеушіден алушыға дейін құжаттардың ұзақ жеткізілуі. Есеп айырысулар Ұлттық Банк арқылы төлем тапсырмаларын өңдеу бойынша тікелей электронды құралдарды қолданумен күнбе күн жүргізілуі мүмкін.
Электронды есеп айырысулар қағаз құжаттар ағымын қысқартуға және төлемдердің жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Электронды есеп айырысуды жүргізудің шарттары келесідей болып табылады:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағдарламалық қамтамасыз етілуінің болуы;
-банк-жөнелтушінің корреспонденттік шотында қаржының қалдығымен төлем сомасын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен банк –жіберушіге оның шотындағы қалдық туралы күнделікті хабарлама;
-стандарттарға сәйкес есеп айырысу құжаттарды пайдалану;
-нақты уақыт тәртібінде төлемді жүзеге асыру.
Банкаралық электронды есеп айырысуларды жүзеге бойынша өзара арақатынас тәртібі келісіммен реттеледі.
Электронды есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін негіз барлық реквизиттері толтырылған жаңа бейнедегі төлем тапсырмасы болып табылады.
Электронды есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі келесідей: банк-жөнелтуші өз корреспонденттік шотынан ақшаны банк алушы шотына есептеу үшін төлем тапсырманы электрон жүйесі арқылы жібереді.
Электронды есеп айырысулардың ерекшелігі төлем тапсырманы банк-алушы алғаннан кейін және сол күні ақшаларды баланста бейнеленгенін банк жіберушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілуі міндетті болып табылады.
Электронды есеп айырысулар телекоммуникация жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |