Ќазаќстан республикасы


Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі



бет24/98
Дата05.09.2020
өлшемі0,64 Mb.
#77148
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік
основы экономики .mp4, основы экономики ДО2А
3. Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі.
Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы шотына аудару туралы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

Чек кітапшасындағы ақшалай қаржылары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа субъектілерінен алынған тауарлық-материалдық қорлардың құнын төлеуге және олардың қызметтері үшін есеп айырысуларға арналған.

Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банкке өтініш жазады, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талап тапсырмасын ұсынуы керек.

Банк мекемесі чек чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілетін кәсіпорын немесе мекеменің толық аталуын, ал егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасындағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланылмаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады.

Аккредитив- сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектіге қызмет көрсететін банк мекемесіне тауардың жіберілмегендігін немесе қызмет көрсетілмегендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитив мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.

Аккредитивтердің өтелінген (депоненттелген) және өтелінбеген түрлері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар кері шақырылатын және кері шақырылмайтын болып бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өз шотындағы ақша есебінен немесе қызмет көрсететін банк берген несиесі есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім бойынша алдын- ала аударылған қаржысы “өтелінген аккредитив” болып есептелінеді.

Ал сатып алушы кәсіпорын жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсетуші банк мекемесі арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, ол ”өтелмеген аккредитив” қатарына жатады.

Есеп айырысудың аккредитивті схемасы

Төлеуші банкі Сатып алушы банкі


Төлеуші-сатып алушы Сатып алушы-жабдықтаушы
1. Жабдықтаушы және сатып алушы арасында есеп айырысудың аккредитивті формасын көрсетумен келісім-шарт жасалады.

2.Сатып алушымен өз банкіне аккредитив ашу туралы өтініш беріледі, онда жабдықтаушымен пайдалану шарты, мерзімі, сомасы көрсетіледі.

3.Төлеуші банкпен төлеушіге аккредитивті ашу туралы есеп айрысу туралы көшірме беріледі.

4.Банк- төлеушімен жабдықтаушы банкіне «Аккредитивті ашу туралы», оның шарттары туралы хабарлама жібереді.

5.Жабдықтаушы банкі жабдықтаушыға «Аккредитивтің» барлық шарттары хабарлайды.

6.Жабдықтаушы хабарлама алғаннан кейін «Аккредитив» шартттары бойынша тауардың жөнелтілуі жүзеге асырылады.

7.Жабдықтаушы тауар жөнелткеннен кейін өз банкіне «Аккредитив» есебімен төлемге төлем және басқа құжаттар көрсетеді.

8.Сатып алушы банкі барлық алынған құжаттар негізінде аккредитивті орындайды және жояды.

9.Жабдықтаушы- банкімен жабдықтаушыға төлемнің қабылдануы туралы есеп айырысу шотына көшірме жібереді.

10.Төлеуші банк сатып алушыға ашылған «Аккредитивті» пайдалану туралы «Аккредитив» шотынан көшірме жібереді.

4. Пластикалық карточкалармен есеп айырысулар есебі.

Пластикалық карталар атаулы төлем құжаттары болып табылады, ол банктермен шығарылады және клиент карточка иесі шотындағы қаржылармен қамтамасыз етілген.

Қолда бар ақшаны қабыладуда пластикалық карточкамен операцияларды жүзеге асыру үшін келесі жазба жасалады:

Дебет шот 1001 «Кассадағы ақша»

Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»

Коммерциялық банктерде пластикалық карточкалармен операциялар клиенттердің депозиттік шоттарынан жүзеге асырылса, келесідей жазба беріледі:

Дебет шот 2211-2221 «Клиент депозиттері»

Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»

Одан кейін түскен сомалар клиенттердің карточкалық шотына жіберіледі.

Өз кезегінде клиенттердің карточкалық шоты қаржылары банкке бармай-ақ кез келген сәтте ақшалай қаржыны алу үшін және әртүрлі қызметті, тауарларды төлеу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасы территориясында пластикалық карточкалар коммерциялық банктерден айырбастау бөлімдерінен және барлық бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны және АҚШ долларын алу үшін, банктік операцияны іске асыруға өкілетті ұйымдарды тауар мен қызметті төлеу үшін қолданылуы мүмкін.

Карточка бойынша әрбір операция слип көшірмесі жолымен толтырылады.

Слип – бұл карточка бойынша есеп айырысу үшін тағайындалған фирманың арнайы чегі, ол үш данада өзі қайталанады. Онда карточка иесінің аты-жөні, карточканың қызмет мерзімі, карточканы қабылдаған сауда орнының аты, операция жасалған күн көрсетіледі. Бұл мәліметтер карточкадан арнайы аппараттың көмегімен жазылады. Әрі қарай ұйым жұмысшысы қаламмен анық толтырады:

-валюта түрін көрсетумен операция сомасын;

-авторизация кодын.

Клиент толтырылған слипке карточканы қабылдаған адамның қатысуында қол қоюы керек. Мерзімі өткен карточка қайшымен магнитті жолақтан екіге қиылады. Сонымен қатар карточканы жою туралы екі данада акт жасалады.

Жұмыс күнінің соңында ұйым қызметкері жиынтық журнал толтырады, онда пластикалық карточкалар бойынша жүргізілген операциялардың барлық сомалары көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет