Ќазаќстан республикасы


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет26/98
Дата05.09.2020
өлшемі0,64 Mb.
#77148
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың қандай түрлері бар?

2. Төлем тапсырмасымен есеп айырыслардың ерекшелігі қандай?

3. Пластикалық карточкалармен есеп айырысулардың қажеттілігі туралы не айтасыз?

4. Слип деген не?


Әдебиеттер: (1) 141-212 бет, (2) 54-73 бет

Тақырып 6. Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі
Дәріс сұрақтары:

1. Банкаралық есеп айырысулар мәні және маңызы.

2. ҚР Ұлттық Банкінде корреспонденттік шотты ашу тәртібі және осы шот бойынша есеп айырысуларын жүргізу.

3. Екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру негізі.

4. “Лоро” шоты және “Ностро” шоты.
1. Банкаралық есеп айырысулар мәні және маңызы.
Көптеген коммерциялық банктердің және оның филиалдарының құрылуына байланысты еліміздің экономикасын әрі қарай дамыту мақсатында корреспондентік қатынастар жүйесі арқылы таралатын олардың арасындағы өзара байланысты орнату қажет.

Корреспондентік қатынастармен өзара банкті қызметтің үлкен жиынмен қарастырылады. Банкаралық есеп айырысулар банктер арасындағы қатынастардың бір түрі, ол басқа банктерде ашылған шоттарға ақшалай қаржыны аудару бойынша банк клиенттерінің тапсырмаларын орындаумен байланысты, сонымен қатар банктің меншікті операцияларын орындаумен байланысты.

Банк ісінде меншік формаларының өзгеруі – акционерлік және пайлық банктерді құру банктер арасында есеп айырысу сферасында және меншіктің шектеулерін талап етті. Ұлттық Банктің мекемелерінде және оның филиалдарынан ашылған коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді жүзеге асыруға негізделеді.

Ұлттық Банктің филиалдарының негізгі функциясы банктердің корреспонденттік шоттарын ашумен банкаралық есеп айырысулар жүргізу, сонымен қатар эмиссиондық – кассалық операцияларды жүргізу болып табылады. Әрбір филиалға номер беріледі.


2. ҚР Ұлттық Банкінде корреспонденттік шотты ашу тәртібі және осы шот бойынша есеп айырысуларын жүргізу.
Корреспонденттік шот ашу үшін банктер Ұлттық Банктің филиалына шотты ашуға өтініш, екі данада қолдар мен мөрдің бейнелері бар карточка көрсетеді.

Ұлттық Банк филиалы және коммерциялық банк арасындағы корреспонденттік қатынас корреспонденттік келісіммен рәсімделеді. Коммерциялық банктердің есеп айырысу қызметтеріне төлем салынбайды.

Ұлттық Банк филиалында корреспонденттік шоттағы қаржы қалдығына пайыз есептелмейді.

Ұлттық Банк филиалында коммерциялық банктердің корреспонденттік шоты 1051 “Ұлттық Банктің корреспонденттік банк шоты ” баланстық шотында ашылады.

Әрбір коммерциялық банкке және филиалға шартты номер берілді, ол сегіз разрядтан тұрады.

1-5 разрядтар – банкке немесе оның филиалы қызмет ететін Ұлттық Банк филиалының 1-5 разряд номеріне сәйкес келеді;

6-8 разрядтар – банктің немесе оның филиалының шартты номері, мұндағы 6-разряд банк белгісі.

Коммерциялық банктер бір-бірінен корреспонденттік шотын аша алады. Басқа коммерциялық банкке шот ашу үшін құрылтайшылық келісім, жарғы көшірмесін, тіркеу туралы куәлік көшірмесі, банктік лицензия көшірмесі, қолдар мен мөрлер бейнесі бар карточка, салық инспекциясынан анықтама көрсетеді және корреспонденттік шарт жасайды, сонымен қатар тарифтік келісім жасайды. Банктер арасында тура корреспонденттік қатынастар бойынша операциялар есебі 1052 “Басқа банктегі корреспонденттік шот” – “ностро” (активті) баланстағы шотта жүзеге асырылады.

“Ностро” шоты - өзара төлемдер бейнеленетін банк- корреспонденте несиелік мекемелер шоты. “Ностро” шотын жүргізу шарты корреспонденттік қатынастар белгілеуде қолданылады, көбіне шот қандай валютамен жүргізілуі керек, төлемдер шоттағы сомалар шегінде жүргізілуі керек пе немесе овердрафт тәртібінде жүргізілетіндігін қарастырады.

Овердрафт – қысқа мерзімді несие формасы, нәтижесіндедебеттік сальдо пайда болатын банк клиентінің шоты бойынша қаражаттарды есептен шығару (шоттағы қалдықтан артық мөлшерде) арқылы беріледі. Овердрафт кезінде клиенттің ағымдағы шотына түскен барлық сомалар қарызды қайтаруға жіберіледі, сондықтан несие көлемі қаражаттың түсуіне байланысты өзгеріп отырады.

“Лоро” 2013 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты” баланстық шотында ашылуы мүмкін, банк тапсырмасы бойынша алынған немесе берілген барлық сомалар енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет