Ќазаќстан республикасы


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет29/98
Дата05.09.2020
өлшемі0,64 Mb.
#77148
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Корреспонденттік шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

2. «Ностро» шоты қандай шот?

3.Овердрафт деген не?

4. «Лоро» шоты туралы не білесіз?

5.Банк-корреспонденттегі банктік шот арқылы төлем тапсырмаымен есеп айырысудың құжат айналымы қандай ?
Әдебиеттер: (1) 213-237 бет, (2) 74-83 бет

Тақырып 7. Кассалық операциялардың есебі

Дәріс сұрақтары:

1. Банк кассасымен нақты қолда бар ақшаны қабылдау және кассалық операциялар есебі.

2. Банк кассасымен нақты қолда бар ақшаны беру.

3. Инкассацияланған нақты қолда бар ақшалар.

4. Айырбастау бөліміндегі ақшалар.

1. Банк кассасымен нақты қолда бар ақшаны қабылдау және кассалық операциялар есебі




Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап- өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуларын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі – бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау.

Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі «қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізеді. Олар бойынша келесілер қарастырылған:



    • кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;

    • ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;

    • ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;

    • зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.

Банк кассасына клиенттерден қолда бар ақшаларды қабылдау оперативтік басқару менеджерлерімен “Қолда бар ақша жарнасына хабарлама” бойынша бір данада жүргізіледі.

“Қолда бар ақша жарнасына хабарлама” құжатында келесідей реквизиттер көрсетіледі:

-ақша қабылданған банк аты;

-номері және күні;

-өткізілген банкноттар, саны және сомасы;

-банкноттың жалпы сомасы және тиын сомасы (санмен және жазбаша);

-шаруашылық субъектінің аты және лицевой шотының номері.

Құжат клиентпен толтырылып, операцияларды басқару менеджерлеріне беріледі, ол құжаттағы барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғандығын тексеруі керек және кіріс бойынша журналға тіркеу жүргізіледі. Одан кейін “Қолда бар ақша жарнасына хабарлама” кассаға ақшаны қабылдау үшін беріледі.

Қабылданған құжаттар негізінде кассир “Қабылданған ақшалар сомасы туралы кіріс кассаның кассир анықтамасын” толтырады , онда қабылданған сомалар анықтамсын айналымын көрсетеді. Анықтама кассирмен бекітіледі және онда көрсетілген кассалық айналымдар менеджердің кассалық журналындағы жазбалармен салыстырылады.

Кассалық құжаттар келесі жұмыс күніне кешіктірілмей әрбір күнге жеке папкаларда жүргізілуі керек. Тігілген құжаттардың сомалық мәліметтері есептеледі, жұмысшымен қол қойылған табыс бойынша есептеу лентасы папкаға құжаттардың алдына салынады.

Банкнот және тиындар касса банкісіне клиенттермен салынғанда келесідей жазба жасалады:

Дебет шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары».

Депозиторлардан ақша қаражаттарын салымның сәйкес шотына кірістеуде келесі байланыс жасалады:

Дебет шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит шот 2211-2223 «Клиенттердің салымдары».

Чек кітапшалардың құнын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде келесі жазба беріледі:

Дебет шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит шот 4920 «Басқа да кірістер».

Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:

Дебет шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит шот 4600 «Комиссиялық кірістер».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет