Халықаралық экономиканың қалыптасу кезеңдері
Әлемдік экономика деп ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар, мемлекет аралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе, күрделі процесс. Оның өзіндік тарихы, пайда болу мен даму кезеңдері, әрекет ету заңдылықтары бар. Оның даму кезеңдерін тоқталып кетсек:
І кезең - XV-XVII ғғ. – әлемдік капиталистік нарықтың қалыптаса бастауы. Нарықтар пайда болысымен белгілі бір салаға маманданып (еңбек, капитал, сауда) және нарықтың бір бөлігі сыртқы сатып алушыға бағыт алды. ХVІ ғ-дан – ХVІІІғ. ортасына дейін мануфактура масштабты тауар өндірісіне мүмкіндік беріп, нарықтар аймақтық, мемллекеттік, мемлекет аралық және әлемдік масштабтарға дейін кеңейді. Халықаралық нарықтар пайда болып осы кезеңге тән сипаттамалар: ұлы географиялық ашылулар; отарлардың пайда болуы; бағалар революциясы; мануфактуралық кезең.
ІІ кезең - XVIII-XIX ғғ. – әлемдік қапиталистік нарықтың қалыптасуы, әлемдік еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы. Осы кезеңге тән ерекшеліктер: өндірістік төңкеріс, буржуазиялық революциялар; мануфактуралық жүйеден фабрикалық жүйеге өту. ХІХ ғ. І жартысында үлкен фабрикалық-зауыттық индустрия пайда болып, олардың тауарлары әлемдік сұранысты талап еткендіктен, мемлекетаралық сауданың кейбір орталықтары ортақ әлемдік нарықтар деңгейіне жетті.
ІІІ кезең – (ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. бірінші жартысы) әлемдік еңбек бөлінісі жүйесінің қалыптасуы және оның негізінде әлемдік шаруашылықтың дамуы. Осы кезеңге тән ерекшеліктер: электротехникалық революция; әлемді экономикалық бөлісу; монополистік капитализмге өту. ХІХ ғ.соңында әлемдік тауар нарығының дамуы халықаралық экономикалық қатынастардың интенсификациясына және халықаралық тауар нарығы шеңберінен асып кетуіне алып келді. Ал әлемдік шаруашылық әлемдік нарыққа қарағанда нарықтық экономиканың дамуының жоғары сатысы болып табылады. Осыған байланысты бөлек елдердің экономикасы біршама ашық болып, халықаралық экономикалық қатынастарға бағыт алған.
V кезең – (ХХ ғ. 50 - ж. – қазіргі уақытқа дейін) Әлемдік еңбек бөлінісі жүйесінің қызмет етуі, барлық елдердің экономикаларының өзара тәуелділігінің күшеюі. Негізгі ерекшеліктер: ғылыми-техникалық революция; интернационализация және интеграция үрдістері. ХХ ғ. 30 - ж. терең дағдарыстар, 2-ші дүниежүзілік соғыс, т.б. жағдайлар әлемдік шаруашылық барлық елдер үшін ортақ координация мен басқару механизмдерін қажет ететінің айқын көрсетті. Микродеңгейде фирмалар басқарудың вертикалды түрін белсене пайдаланып, бірте-бірте халықаралық корпорацияларға деңгейіне көтерілді. Макродеңгейде халықаралық экономикалық дамуды бақылайтын және реттейтін экономикалық және қаржылық ұйымдар жүйесі пайда болды.(мыс., ХВҚ, Әлемдік Банк, ДСҰ) ХХ ғ. 50 - ж. отарлық жүйе күйреді. Бұрыңғы отарлық және социалистік елдердің нарыққа қол жеткізуі арқасында экономикасы біршама ашық болды. Осылайша, ХХ ғ. 2 ші жартысында нарықтық экономика жаңа, әлемдік шаруашылыққа қарағанда жоғары сапаға, халықаралық сипатқа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |