3.4 Қабанбай батыр (1692- 1770 жж.) Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының Барлық тауы) – батыр. Азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл.
Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Ерасыл 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп, жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанды.
1723-1730 шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.
1751 жылы Арқадан екі түмен қолмен Оңтүстік Қазақстанға Қабанбай Ханбаба жорығы жасалған. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған екі түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалды.
1752-1754 жылдары өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері жаудан тазартуға қатысып, азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылды.
Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай 1756 жылы жоңғар билеушісіӘмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.
Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап, қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жектеҚарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырады.