8.15 Жұбан Молдағалиев (1920-1989 жж.) Жұбан Молдағалиев (05.09.1920 жылы туған, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) – қазақ ақыны.
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: «Лениншіл жас» (1948-52), «Қазақ әдебиеті» (1955-56) газеттері мен «Жұлдыз» журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі Орал «Комсомол ұрпағы» газетінде (1939) басылды. Тұнғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық көрді. «Жыр туралы» поэмасында (1963) татар ақыны, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. «Мен қазақпын» поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. «Айттым сәлем» лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. 1970 жылы Ж. Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Ж. Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монғол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.
Ж. Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.