8.6 Сәбит Дөнентаев (1894 -1933 жж.) 1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25-ндегі патша жарлығымен жасы 19 бен 43 арасындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттері майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинарияны Шәкен Айманов та оқып бітіреді. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады. Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгертеді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді.
Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді.
1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. 1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиін латын әрпінен құрастырған дұрыс деп ойлаған.
1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында С. Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқының қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды. Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесінде жетімнің тағдыры туралы.
Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырдың 23-нде қайтыс болған.