3. Шаруашылық және қаржылық процестер Кәсіпорындардың жұмысы мен қызметін дұрыс жолдармен жүзеге асыру үшін көптеген шаруашылық операциялары жүзеге асырылады. Біртекті шаруашылық операцияларының қорытындысынан шаруашылық процесі құралады. Шаруашылық процесінің қозғалысын бақылап отыру үшін көптеген сандық және сапалық көрсеткіштер қажет. Шаруашылық процесінің өзі өнім өндіру мен оның айналысқа түсіп, қаражат қамтуына сай үш кезеңнен тұрады. Қозғалыс процесі кезінде шаруашылық құралдары үсіліссіз айналым жасайды, онда үш шаруашылық процесті бөліп көрсетуге болады: жабдықтау процесі, өндіріс процесі және өткізу процесі.
Бірінші стадия- жабдықтау, дайындау процесі келесі процесті, яғни өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті машиналар мен жабдықтарды, материалдарды дайындауды білдіреді. Бұл стадияда кәсіпорынның қаражаты ақша түрінен тауар түріне ауысады.
Өндіріс процесі кезінде бухгалтерлік есеп өнім өндіруге кеткен шығындарды көрсетеді. Жұмсалған шығындар ең соңында дайын өнімге ауысады. Осы процесте дайын өнімнің өзіндік құны есептеледі.
Үшінші стадия, өткізу процесі өнімді жөнелту және өткізумен байланысты шығындардың, қаржылық нәтижелердің, бюджетпен есеп айырысулардың есебін көрсетеді.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесі кезінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен олардың көздерінің өзгерісін тудырады.
Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялары деп аталады.