Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1 . Бухгалтерлік есептің концепцияларын атаңыз.
Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
Бухгалтерлік есептің әдістерінің анықтамаларын айтыңыз.
Бухгалтерлік есептің қандай қағидары бар?
Тақырып 3. Қаржылық есеп берудің элементтері және
бухгалтерлік есеп объектілері
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
2. Қаржылық есеп берудің элементтері.
3. Шаруашылық және қаржылық процестер.
1. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі
Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объектілер:
- қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, оның ішінде арендаға алынған, сыйға алынған;
- интеллектуальді және өндірістік меншікті пайдалану құқығы, табыс әкелетін материалдық емес сипаттағы шығындар, тауарлық белгілер;
- ақша қаржылары, бағалы қағаздар заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысу, негізгі құралдарға инвестициялар салу;
- амортизациялық бөлулер және негізгі қаржылар тозуы ;
- табыстар мен шығындар, пайда, зиянды жабу, пайданы пайдалану, тарату;
- несиелер мен қарыздар бойынша міндеттемелер;
- жарғылық капитал, кәсіпорындағы қорлар.
Достарыңызбен бөлісу: |