Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бухгалтерлік есептің қандай объектілері бар?
2.Кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және меншікті капиталына не жатады?
3.Шаруашылық процесі қандай процестерден құралады?
4.Шаруашылық операциялары дегеніміз не?
Тақырып 4. Бухгалтерлік баланс
Дәріс сабағының мазмұны: 1. Баланс және оның құрылысы.
2. Баланста шаруашылық операцияларының әсерінен болатын өзгерістер.
1. Баланс және оның құрылысы Кәсіпорынды басқару шаруашылық құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.
«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қортындыланады.
Баланс екі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең