Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Есеп саясаты туралы не айтасыз.
2.Түгендеу дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
3.Есеп регистрлары қандай түрлерге бөлінеді?
4.Бухгалтерлік есепті жүргізудің қандай формалары болады?
5.Есеп регистрларындағы қателерді түзетудің қандай әдістері бар?
Тақырып 7. Есептік кезең (цикл) және қаржылық есеп берушілікті дайындау Дәріс сабағының мазмұны: Есептік кезең.
Қаржылық есеп беру.
1. Есептік кезең Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:
операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;
журналдардан Бас кітапқа көшіру , мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;
корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;
Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;
корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;
қаржылық есептерді дайындау, мақсаты- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты және бөлінбеген табыстың есептерін қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;
бас журналда шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;
шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;