Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Ақша қаражаттарына не жатады?
2.Есеп айырысулардың қандай нысандары бар?
3.Кассадағы есеп айырысулар бойынша қандай құжаттар толтырылады?
4.Есеп айырысу шотындағы ақшалардың есебі қай шотта жүргізіледі?
5.Валюталық операциялармен есеп айырысулардың есебі туралы не айтасыз.
6.Ақша қаражаттарын түгендеу жүргізудің тәртібі қандай?
Тақырып 9. Дебиторлық борыштардың есебі
Дәріс сабағының мазмұны: 1. Дебиторлық қарыздар, оның түрлері.
2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі.
3. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі.
4. Кәсіпорын жұмыскерлерінің дебиторлық қарыздар есебі.
5. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі.
6. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі.