1. Дебиторлық қарыздар, оның түрлері Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Алынуға тиісті шоттар компанияның негізгі өндірістік қызметінің ағымында өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін клиенттің қарыз сомаларын көрсетеді. Бұл шоттар, сонымен қатар саудалық дебиторлық қарыздар деп аталады. Олар шот-фактуралармен ,кейбір жағдайларда жазбаша қарыз міндеттемелермен көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттарға жыл ағымында алынған келесі балнстық күн немесе компанияның операциялық циклі ағымында алынған сомаларды қамтиды. Көбіне қарызды жою мерзімі 30 күннен 60 күнге дейінгі кезең саналады. Алынуға тиісті кредиторлық сальдомен жеке шоттар қайта жіктелуі керек және олармен міндеттеме ретінде есеп беру қажет. Бұл кредиторлық сальдо дебиторлық қарызға жатпайды.Қаржылық талдаушыларды дебиторлық қарызды инкассациялау үшін қажетті күндердің орта саны қызықтырады. Дебиторлық қарыз онымен байланысты табыс болғанда ғана мойындалады. Ол алғашқы құннан күмәнді қарызға ақша жеңілдектері сатылған тауарлардың қайтарылуына түзетуге шегеруімен бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Проценттер сату және жою арасындағы мерзім қысқалығынан қабылданбайды.