1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады.
Олардың өндірістік құралдарынан өзге заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан көбі еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттар өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есепке алудың міндеттеріне келесілер жатады:
- дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есепке алып, кірістеу немесе есептен шығару;
- қоймадағы материалдардың және жеткізу кезінде материалдардың сақталуын бақылау;
- материалдық қорлардың қалдығының дұрыс сақталуын тексеру;
- материалдардың өндірісте пайдаланылу нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;
- өндірісте материалдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтау және олардың жоспарлы бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Ұйымдардағы қорлардың есебі ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Тауарлық- материалдық қорлар түрінде көрстелген активтердің үлкен бөлігін өнімдерді дайындауда, қызметтер мен жұмыстарды орындауда пайдаланылатын материалдық бағалықтар құрайды.
Материалдар өндірісте өндіру, қайта өңдеу немесе дайындау үшін, немесе басқадай қажеттіліктер үшін арналған.
Материалдық бағалықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың қажетті алғы шарты материалдардың іс жүзіндегі жіктелуін сақтау болып табылады. Қорлар келесідей жіктеледі:
сатылып алынған тауарлар;
қайта сатуға аранлған мүлік (ғимарат, үй, транспорт және басқалары);
ұйыммен өндірілген және сатуға арналған дайын өнімдер;
Тауарлық-материалдық қорлар есебі тек қана топтары бойынша емес, сонымен қатар әрбір атауы, түрі, мөлшері, сорты және т.б. бойынша жүргізіледі.
Дайын өнімге өңдеудің барлық кезеңдерінен өткен, техникалық және сапалық сипаттамалары қойылатын талаптарға немесе қойылым келісімінің шарттарына сай келетін өнімдер жатқызылады.
Тауарларға сату үшін алынған материалдық құндылықтар жатқызылады. Сауда, жабдықтау немесе басқа да делдалдық қызметтегі ұйымдар тауарлар құрамында, сонымен қатар өніммен жабдықтаушыларға қайтарылуға тиіс төленген көп айнымалы ыдыстарды есепке алады.
Материалдар өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай келесідей бөлінеді: шикізат пен материалдар; сатылып алынған жартылай фабрикаттар; отындар; ыдыстар; қосалқы бөлшектер; құрылыс материалдары; өңдеуге берілген материалдар және т.б.
Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.
Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін.
Қорларды ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес есепте нақты өзіндік құнымен көрсетеді. Өзіндік құн тауар үшін төленген бағаны немесе оны өндіру үшін қажет соманы білдіреді.
Сатуға арналған қорлардың құны сатылған қорлардың құнының сомасына және түгендеудің үздіксіз немесе кезеңдік әдістері көмегімен кезең соңындағы қалған қорлардың құнына бөлінуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.
Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдықтарды материалдық бағалауды, одан кейін шыққан материалдық қорлардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны кезең басындағы қорлар құнының жалпы бағасынан есеп беру кезеңінде түскен құнын қорлардың ескере отырып кезең соңындағы қорлар құнын алыптастау арқылы анықталады.
Материалдарды орташа құн бойынша бағалау кезінде сол есеп беру кезінде өндірісте пайдаланылған материалдардың жалпы құны қорлардың әрбір құны бойынша орташа сатып алу бағасын материалдық сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.
Материалдарды ФИФО әдісімен бағаланған кезінде бірінші шығарылған материалдық құнын есептен шығару көзделеді.
Арнайы сәйкестендіру бойынша бағалау әдісі әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын арнайы тапсырыстар мен жобаларға арналған материалдық бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді.
Келесідей берілген мәліметтердің негізінде бағалаудың үш әдісін қарастырамыз: