Ќазаќстан республикасы


Ақшалай қаржылардың эквиваленттері



бет55/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті)бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.
Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
1010 – «Кассадағы ақшалай қаржылар»;
1020 – «Жолдағы ақшалай қаржылар»;
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1040 – «Карт- шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1050 – «Жинақ шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1060 – «Басқа да ақшалай қаржылар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет