Сыртқа материалдарбосату накладнойлары жабдықтау бөлімімен екі данада толтырылады: біріншісі қоймаға жіберіледі, екіншісі материалдар алушыға беріледі. Материалдар босатылған соң накладной алушының қолхатымен бухгалтерияға шот-фактура жазу үшін табыс етіледі.
3. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есеб. Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.
Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады.
Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.
Қоймалық операцияларға бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояды. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады.
Материалдардың қалдықтық әдісінің негізінде оперативті және бухгалтерлік әдістерінің арасындағы толық үйлесімділік алынған. Есептің қалдықтық әдісі ең прогрессивті болып табылады, өйткені есептік жұмыс көлемін қысқартуға , материалдық қалдықтардың дұрыс және дер мезгілінде кіріске алынуына күнделікті бақылау өткізуге, материалдық қорлардың қоймаларда және басқа сақтау орындарында жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын дер мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар материалдардың талдамалық есебі бойынша жұмысты жеңілдетеді және есептің сапасы айтарлықтай жақсарады. Оның негізі артықшылығы мынада – бухгалтерияда материалдық қорлардың есебі бойынша талдамалық карточкалар жүргізілмейді және талдамалық шоттар бойынша айналым тізімдемелері толтырылмайды. Қоймадағы материалдардың бүкіл талдамалық есебін материалды- жауапты тұлға сандық өлшемде карточкаларда жүргізеді. Одан басқа қалдықтық әдіс қоймалардағы материалдарға, белгілі бір айдың күнімен шектелмей, кез келген уақытта түгендеу өткізуге мүмкіндік береді. Есептің қалдықтық әдісі ағымдағы есепте тұрақты есептік бағаларды қолдануын талап етеді.
Қоймадағы материалдар қалдығының есебінің тізімдемесі әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша жеке ашылады. Олар материалдардың қоймалық есеп карточкаларының мәліметтері бойынша материалдар қалдығын айдың бірінші күніне сандық мәнде қойып отырады. Мәліметтер қоймалық есептің номенклатурасы бойынша келтіріледі. Ай соңында тізімдемелер бухгалтерияға беріліп, онда материалдардың бар болуының сандық көрсеткіштері есептік бағалар бойынша есептеліп, материалдардың әрбір тобы бойынша жиыны шығарылады.
Материалдар есебінің қалдықтық әдісі кезінде қойма есебінің мәліметтерін баланспен салыстырудың мәні сол, мұнда әрбір қойма бойынша қалдықтардың жылдық кітабы жүргізіледі, онда айдың соңында сорттық есеп карточкаларынан бірінші күнге жағдайлары бойынша материалдардың барлық сандық қалдықтары ауыстырылып отырады. Кітаптағы жазулардың дұрыстығы қойма меңгерушінің қолымен расталады. Қалдықтарды бақылап алып, бухгалтер олардағы қалдықтық кітапта әрбір номенклатуралық номерге қарсы қойылған есептік бағаларға көбейтеді. Осылайша анықталған материалдар қалдығының жалпы сомасы қалдықтық кітап қорытындысы бойынша материалдардың қозғалысы және қалдығы есебі тізімдемесі ндегі материалдар сомасы мен тобы бойынша жинақтау тізімдемесінде келтірілген қалдықтар сомасына тең болуы керек. Барлық қалдықтық кітаптар тігіледі және мөрмен бекітіледі, ал беттері номерленеді.
Қорлардың синтетикалық есебін, сатып алу бағасы мен көліктік- дайындау шығындарынан және сатып алумен байланысты басқа да шығындарынан тұратын іс жүзіндегі шығындар бойынша жүргізеді.
Ұйымға материалдар негізінен жабдықтаушылардан және есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы және басқа жолдармен келіп түседі.
Материалдар қозғалысының есебі үшін 1300 «Қорлар» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшеге келесідей шоттар топтары жатады: 1310 «Шикізат пен материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқа да қорлар», 1360 «Қорларды қажетсіздендіру бойынша резерв».
1310 «Шикізат пен материалдар», тобы келесідей шоттарды қамтиды:
1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»;
1312 «Отын»;
1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға»;
1314 «Қосалқы бөлшектер»;
1315 «Басқа материалдар;
1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;
1317 «Құрылыс материалдары».
Бұл шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді.