Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасын есепке жазу
5420
5510
4.
Жарғылық капиталды толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану
5420
5310
5. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» болып табылады.
«Бөлінбеген пайда (залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5520 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларға шоттардың байланыстары төмендегі кестеде берілген.