3. Құжаттамалар және аудит сапасын бақылау. Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады. Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.
Тікелей мәлімет көзі фактілерді тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар- бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу құжаттары және түгендеу қорытындысы, акті.
Қосалқы мәліметтер көзі олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорынның шаруашылық жұмысына қатысты мәлімет.
Бухгалтерлік есеп құжаттарын дәлел көзі мағынасы ретінде 4 топқа бөледі: алғашқы, топтаушы, ерікті, қосымша.
Алғашқы есеп құжаттары- бұл шаруашылық операциялардың нақты орындалғанын немесе оның орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама. Топтаушы құжаттар-олар шаруашылық арасындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топтастырылғандарын жинақтап, бір жүйеге кетірілген құжаттар. Ерікті құжаттар- ол құжаттарға материалды-жауапты жұмысшының немесе басқадай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Қосымша құжаттар- кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір-ойын көрсететін негізде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын аудиторлық тексеруде көптеген мәліметтер көзі болатын құжаттар.