2. Аудиторлық тәуекелділік Қандай да бір істі, жұмысты бастағанда тәукел әрқашанда болады. Сол сияқты аудитте де дұрыс емес аудиторлық қорытынды беру тәекелі бар. Есеп берушілікте және бухгалтерлік есеп беруде табылмаған қателер жоқ екеніне 100 пайыз сенімді болу мүмкін емес. Ең бастысы- тәуекелдің белгілі бір деңгейін есепке ала отырып, есеп берушіліктің дұрыстылығы туралы жеткілікті сенімді болу.
Жалпы, аудиторлық тәуекел дегеніміз экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп берушілігінде табылмаған нақты қателер. Сонымен қатар аудит тәуекелі- аудит жүргізу кезіндегі мүмкін болатын тәуекел. Аудитор аудиторлық тәуекелді бағалау кезінде және осы тәуекелді азайту үшін аудиторлық процедураларды орындаған кезде кәсіби тұжырымдарды пайдалануй керек. Аудитор тексеру жұмысын бастамас бұрын, аудиторлық жоспарлауға қажетті бухгалтерлік есеп жүйелері және ішкі бақылау жүйесі туралы жеткілікті ақпарат, мәлімет жинау керек. Аудиторлық тәуекел ешқашан жойылмайды, бірақ оның деңгейін азайту үшін іс-шаралар ұйымдастыруға болады.
Аудиторлық тәуекел үш құрамдас бөліктен тұрады: бөлінбейтін тәуекел, ішкі бақылау тәуекелі, таба алмау тәуекелі.
Ішкішаруашылық немесе бөлінбейтін тәуекел- бухгалтерлік шоттың, баланс бабының, экономикалық субъектінің есеп берушілігінің ішінде нақты қателердің бар болуы. Ішкі шаруашылық тәуекелдің деңгейін аудитор клиенттің бизнестің спецификасына қарап біледі. Бұл тәуекел түрі ішкі шаруашылық бақылау құралдары мен тексеруге келмейтін клиент ісінің ішкі мазмұнына байланысты. Бұл тәуекелден айырылу мүмкін емес. Баланс және есеп берушілікке қатысты ішкі шаруашылық тәуекелді бағалаған кезде келесідей факторларды есепке алу қажет:
экономикалық субъект қызмет жасайтын саланың ағымдағы жағдайы және қызметінің ерекшелігі;
экономикалық субъект іске асыратын қызметінің спецификалық ерекшеліктері;
экономикалық субъект жұмысшыларының адалдығы;
есеп жүргізуге, есеп дайындауға міндетті жұмысшылардың тәжірибесі және мамандығы.
Нақты шоттарға және шаруашылық операциялардың біртектес топтарына қатысты ішкі шаруашылық тәуеклді бағалаған кезде мына факторларды ескеру керек:
есептің жеке шоттарының бар болуы;
орындаушылардан жоғары мамандануды талап ететін шаруашылық операцияларды есепке алу күрделілігі;
аз кездесетін бірдей емес операциялардың бар болуы.
Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі- кәсіпорында бар және күнделікті қолданылатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары дер кезінде қателерлі тауып, түзете алмау ретінде аудиторлармен анықталатын мүмкіндік. Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі кәсіпорында қызмет ететін және күнділікті қолданылатын бухгалтерлік және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары бұзушылықтарды дер кезінде тауып, түзету мүмкіндігі. Аудитор аудит процесі барысында ішкі бақылау жүйесін зерттеп, бағалау керек. Оны екі кезеңде жасау қажет:
ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысу; 2) ішкі бақылау жүйесінің тұрақтылығын
бастапқы бағалау.
Бақылау жүйесінің тәуекелін бағалау үшін аудитор арнайы аудиторлық процедураларды қолдану керек. Ол бақылау жүйесін тестілеу деп аталады. Бақылау құралдарын тестілеуге мыналар жатады:
-құжаттарды тексеру;
-операцияларды тіркеу бойынша сұраулар және бақылау;
-басқа аудиторлық процедуралар нәтижелерін қолдану.
Аудиторға ішкі бақылау тәуекелін бағалау үшін бақылау тестілері арқылы дәлелдер жинау қажет. Аудит бойынша қорытынды жасамас бұрын аудитор ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін нақтылау қажет.
Таба алмау тәуекелі дегеніміз тексеру барысында аудитор қолданатын процедуралар нақты қателерді таба алмау мүмкіндігі. Таба алмау тәуекелі аудитор жұмысының тиімділігі мен сапасының көрсеткіші болып табылады. Аудитор ішкі шаруашылық бақылау құралдарының тәуекелін бағалау негізінде өзінің жұмысындағы таба алмау тәуекелін азайту керек. Таба алмау тәуекелі аудиторлық процедуралар операциялардың шоттары сальдосындағы қателерді таба алмау мүмкін.