|
|
бет | 13/27 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 1,97 Mb. | | #85575 |
| Байланысты: ОӘҚ-HTML тілі 3. ҚҰЖАТТЫ ФОРМАТТАУ
HTML-құжаттың үзінділерін (фрагменттерін) экранда бейнелеу тәсілдерін өзгертіп, гиперсілтемелер мен суреттерді пайдалануды меңгеру және оның қаріптерін безендіру істері оларды форматтау деп аталады.
3.1. Қаріптерді форматтау
HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін броузер өзі анықтайды.
3.1.1. Физикалық стиль
Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.
және белгілерінің арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> және І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал және белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. және белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:
|
|