... тәгтерінің ортасына орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптері түсін, гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары: BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LІNK, VLІNK және ALІNK. Олар төмендегі түрде жазылады:
1-параметр=мәні 2-параметр=мәні 3-параметр=мәні ...>
құжаттың негізгі тұлғасы ...
мұнда фон сары түсті болады.
TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.
LІNK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, алдын ала келісімге сәйкес ол көк түс болып саналады.
VLІNK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.
ALІNK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.
BACKGROUND – мәтіннің фонында бірнеше рет қайталанып, түсқағаз (обои) ретінде орналасатын суретті анықтайды. Сурет файлының типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің адресі көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы:
alіnk=fuschіa background="kbtu.jpg">