Ќазаќстан республикасы



бет10/25
Дата07.02.2022
өлшемі452,5 Kb.
#85741
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
бухг

контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

  • қосымша

    Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.
    Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.
    Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:
    Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.
    Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.
    Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.
    Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.
    Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.
    Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.
    Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.
    Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.
    Бірэлементті транзиттік шоттарға өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне кеткен шығындарды экономикалық мазмұны бойынша топтағандағы шығындар шоттары келеді. Шығын элементтерінің шоттары ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясымен бекітілген бухгалтерлік есептің Стандарттарында көрсетілген. Ол бухгалтерлік есептің басқа да концептуальді негіздерінен жоғары тұратын нормативті-құқықтық құжат.
    Негізгі өндіріс, көмекші өндіріс және үстеме шығындары элементтерінің шоттарына материалдық шығындар, еңбек ақы шығындар, еңбек ақыцдан аударымдар, негізгі құралдардың тозуы және басқа да шығындар шоттары енеді. Есептік кезең ағымында осы шоттарда жинақталған шығындар есептік кезең соңында негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, үстеме шығындар бойынша сәйкес шоттарға қажетсіздендіріледі.
    Қаржылық және басқарушылық бухгалтерияларын байланыстыратын транзиттік шоттарға негізгі аяқталмаған өндіріс, өз өндірісінің жартылай фабрикаттары, көмекші аяқталмаған өндіріс шоттары келеді. Негізгі, көмекші өндіріс өз өгдірісінің жартылай фабрикаттары шоттарында анықталған аяқталмаған өндіріспен жартылай фабрикаттар сомаларын осы шоттардың кредитінен негізгі және көмекші аяқталмаған өндіріс , өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебетіне аяқталмаған өндірістің инвентарлық тізімдеріне, бухалтерия анықтамаларына сәйкес қажетсіздендіреді. Аяқталмаған өндіріс сомаларының шоттарда бір-екі күн ағымында ғана есептейді. Мысалы, 31 желтоқсанда аяқталмаған негізгі, көмекші өндіріс өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебеті, негізгі, көмекші өндіріс шоттарының кредитті деген жазба жазылса, келесі жаңа жылдық бір немесе екінші қаңтарында осыған кері жазба жазылады. Нәтижесінде алғашқы жазба кәсіпорын балансы мен бас кітабында аяқталмаған өндіріс қалдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді, ал жаңа есептік жылда, кері жазбаның нәтижесінде аяқталмаған, өндіріс қалдықтары өндірістік есеп шоттарына қайтадан қайтарылады.
    Баланстан тыс шоттарда заңдылықтарға сәйкес заңдылықтарға сәйкес кәсіпорын балансында есептелмейтін объектілерді есепке алуға болады. Олар: осы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның иелігіндегі бағалықтар. («Жалға алынған негізгі құралдар», «Өндеуге жіберілген шикізаттар мен материалдар», «Жауапты сақтауға алынған тауарлы-материалдық бағалықтар» шоттары).
    - баланстық шотты есептелгенімен, қосымша бақылауды қажет ететін есеп объектілері. Олар: «Қатаң есеп бланкілері», «Төлем қабілетсіз дебиторлар қарызы зиянға қажетсіздендірілген».
    Бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар екі жақты жазу әдісімен көрініс табады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет