Қазақстан Республикасы



бет4/4
Дата11.01.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6875
1   2   3   4

7- апта.


14.Диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдістері.
Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогтық және монологтық сөйлеу болып екіге бөлінеді.. Диалог гректің сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінін, сөйлесуі дегенді аңғартады. Шынында диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алып отырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі. Диалогтык сөйлесуді қазақ тілін практикалық тұрғыдан үйренуде тиісті орындарда пайдаланып отырған жөн. Әсіресе, бұл қазақ тілі материалдарын оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу, жазу дағдысын арттыру мақсатында іске асырылуы қажет.Мәселен, дауысты мен дауыссыз дыбыс әріптерінің сөз басында, ортасында және аяғында келетіндігіне байланысты диалогтық сөйлеудің мынадай түрлерін пайдалануға болады: — Екі-үш түбір сөзден біріккен кісі аттарын атай отырып, олардың жазылуын дәлелдеңдер. Бұл сияқты сөздерге мыналар жатады «А» деген оқушы Аккозы, Асылбек, Айманкүл, Ақзейнеп. «Ә. деген оқушы: Әбдіхалық, Әйгерім, Әліби, Әсемкүл. «Б» деген оқушы: Байжанбай, Бақтыгүл, Бақберген, Балкүміс Балақаз, Бибігүл т. б. сияқты кісі аттары жатады де жауап береді:

— Түбір тұлғаларын сақтап біріккен сәздерді атаңдар.

— Бұларға мына сөздер енеді: әлдекім, әлдеқашан қайсыбір, әрқайсысы, әркім, ешкім, ешқайда, қайбір.

— Түбір тұлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріс ұшырай біріккен сөздерді атаңдар.

— Бүгін, биыл, әкел, әкет, жаздыгүні, кыстыгүні бүрсігүні, әнеугүні.

— Түбір түлғаларын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырай біріккен кісі аттарын атаңдар.

— Байзақ, Бегәлі, Жүмәділ, Молдахмет, Сейдахмет

— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ойын аттарын атаңдар.

— Ақсүйек, аккала, соқыртеке.

— Орыс-қазақ, қазақ-орыс сөздері аркылы түбір тұлғаларын сақтап, біріккен сөздерді атаңдар.

— Фотосурет, аэромектеп, автоқалам, қазақфильм, қазақконцерт.

— Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен ботаникалық атауларды атаңдар.

— Күнбағыс, итмұрын, қырықбуын, қозыкүйрық. Осындай әңгіме нәтижесінде оқушылардың объектіге деген белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме диалог сөйлесудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі прак-тикалық жүмыс жүйесі үшін пайдаланылады.

Оқушыларға диалогтық сөйлеуді меңгерумен қатар монологтық сөйлеуге де үйретудің мәні зор. Өтілген материалды тұтас мазмұндау, түсіндіру және оны жүйелі, айтып беру монологтық сөйлеуге тән қасиет. Монологтік гректің топоз — бір, жеке және сөз, сөйлеу деген ұғымдарынан келіп шыққан. Оның мәнісі бір сөз, жеке сөйлеу деген мағыналарды аңғартады. Мұнда бір ғана

адам сөйлейді де, басқа адамдар тыңдап отырады. Монологтық сөйлеуде грамматикалық конструкция заңдылықтары сақталып, тиянақты ой қорытындысы жасалады. Оқушының материалды түсіндіруі, мазмұндауы, оқуы, баяндамалар жасауы, жиналыста, митингіде сөз сөйлеуі, күнделікті еңбек қажетіне жұмсалатын сөйлеу түрлері монологты сөйлеудің негізгі көріністері болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой, білім дәрежесіне және оқитын класына шақталған көркем шығармалардан алынған мәтіндерді және өздері көрғен, білген оқиғалардың мазмұнын жүйелі айтып беруге сәйкес қазақ тілі материалдарын толық түсіндіруге, мазмүндауға бағытталады. Мүғалім мен оқушының тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру, ауызша мазмүндау, мәнерлі оқу түрінде іске асады. 1) Ауызша түсіндіру. Бұл ауызша мазмүндап баяндаудың бір түрі. Әрі теориялық, әрі практикалык ма-териалдардың өзара заңдылыктарына сәйкес жұмыс түрлерін іске асыру үшін жұмсалады. Қазақ тілі объектілерін түсіндіруде көрсету, көрнекілік тәрізді білім беру тәсілдері қатысады. Пікірдің дәл, анық болуында мұғалім логикалық заңдылықтарға сүйенеді. Мүғалім қазақ тіліне сәйкес таңдалған мәтіндегі сөздердің мағы-насын, үғымын түсіндіруде, көбінесе, материалдың прак-тикалық жағына назар аударады. Мәселен, сөз және оның мағыналары туралы мағлұматты түсіндіру тәртібі былайша жүргізіледі.

Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірақ олар тең дәрежеде қолданылмайды. Себебі сөз — тілдік қүбылыс та, ал ұғым — ойдың формасы. Тілсіз сөйлем болмайды. Ұғым тілде сөз арқылы аталады. Сондықтан белгілі бір ұғымға берілген атауларды сөз дейміз. Айталық, аға, іні, бала, жол, биік, аласа, бір, үш, бес, қол, аяқ т. б. 2) Ауызша мазмүндау. Монологтык сөйлеудің бұл түрі оқушының оқыған мәтінді түсінгенін және қалай меңгергенін байқап білу тәсілдеріне саналады. Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмүндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша түсіндіруде, негізінен, тыңдаушының ойын, назарын аударып, дерексізден деректіге қарай үғындыру амалы мен тәсілі басым. Сондықтан түсіндіруде объектінің өзіндік белгілеріне қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні-көркем бейнелеп беру қасиеті күшті келеді. Ауызша мазмұндаудың суырып салып айту (импровизациялық) табиғаты ауызша түсіндіруден ең басты айырмашылықтардың бірі болып табылады. Ауызша мазмұндау үшін; ешқандай дайындықты керек етпейтін түрін суырып салып айту дейді. Тыңдаушы алдында өз ойын кеқейтіп. оны жаңа фактілермен айтып отырады. Бұл қиындау болғанымен тәрбиелік рөлінің күшті екені мәлім. !

Мазмұндау оқушының тіл мәдениетін өсіруде үлкен қызмет атқарады. Көбінесе, мәнерлеп оқуға қарағанда ауызша мазмүндауда окушылардың сөздігі мен сөз құрылымы көбейіп оқушының пассив сөздігі мен актив сөздігі, яғни қолданылып жүрген сөздігі молығады. Меңгерілетін сөз көп қолданылу нәтижесінде аясы кеңейіп. актив сөзге айналады. Оқушынын, өмірден көрген, білғендерін, қоршаған табиғат пен түрмыс тіршілігінен алған әсерін айтқызып отырудың тілді іс жүзінде меқгертуде пайдасы мол.

Мүғалім оқушыларға бағыт, бағдар беріп отырады. Мазмұндаудың алғашкы сейлемдерін шамалап айтады Да, қалған жағын жалғастыруды оқушылардың өздеріне тапсырады. Олар көрген-білгендерін қысқа түрде дәптерлеріне тезис жобасын жасайды. Мәселен, «Е» деген оқушы «Механизм тетіктері» деген тақырып бойынша мазмұндай тезис жобасын қүрады:

1. Совхоз орталығы.

2. Механизатор, слесарь, шофер болу мақсаты.

3. Шеберханаға жиі баруы.

4. Механизм бөлшектерін сұрау.

5. Механизмдердің атқаратын рөлі.

6. Үш мыңнан астам термин сөздің барлығы.

7. Ол сөздердің кейбіреулеріне түсініктеме беру. Сөйтіп ауызша мазмұндауда объектінің өзіндік ішкі

белгілері түгел қамтылады, заттың ішкі, сыртқы көрінісі толық түрінде жеткізіледі. 3) Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Мәнерлеп оқу — монологтық сөйлеудің бір түрі. Ол тіл мен әдебиет пәндеріне тығыз байланысты қаралады. Оқушы көркем әдебиетті, одан алынған үзінділерді оқи отырып, қүбылыстармен жан-жақты танысады. Шығарма иелері қандай емір қүбылыстарын суреттесе де, ең алдымен сезім дүниесіне әсер етуді мақсат етеді. Саналы оқу, оқылған мәтінді жете түсіну — мәнерлеп оқудын ен басты қасиеті. Сезімге әсер ету мәтінді мәнерлі оқуға тікелей қатысты. Мәтінді мәнерлеп оқуда онын, негізгі принциптеріне сүйенген жөн: а) оқыған мәтіннің мазмұнын түсіне білу; ә) оқушының айтылған ойға сенімді әрі тцянақты қатынаста болуы; б) мәтінде айтылған ойды, дәлелдерді, мағлұматтарды талдай білу. Осындайталаптарды сақтаған кезде ғана қазақ тіліне байланысты мәтіндерді мәнерлеп оқудын, түрлері мен тәсілдерін игеруге болады. Оқу үстінде мына сияқты тілдік фактілерді ескерген жөн: а) оқу тұсында сөйлем ішінен жеке әріпті, жеке буынды, жеке сөзді қалдырып кетпеу; ә) контекстегі жеке әріпті, буынды, сезді, сөз тіркестерін қайталамау; б) жеке дыбыстардың, сөздердің және сез тіркестерінін. ауыстырылмауы; в) оқу үстінде сөз бен сөздің, сөйлем мен сейлемнің байланысу жақтарын еске түсіру; г) мәтін оқуда орфоэпиялық жақтан мінсіз болу; ғ) мәтін оқуда мәнерлеп оқу тәсілдеріне баса назар аудару. Мәнерлеп оқу сапасына қарай — түсініп оқу, дауыстап оқу, іштен оқу, шапшақ оқу болып бөлінеді. Мәтінді түсініп, дұрыс оқу I—XI класс көле-мінде былайша жүзеге асырылады: а) мәтіндегі сөздерді дыбыс пен әріптерге талдау; ә) мәтіндегі сөздерді буындарға ажырату; б) мәтіндегі сөздердің түсінікті, түсініксіз екенін сұрау; в) мәтіндегі сөздерді лексикалық жақтан түсіндіру; г) мәтіндегі сөздердін, түбір тұлғасын анықтау; ғ) мәтіндегі сөздерді сөз таптарына карай талдау; д) мәтіндегі сөз тіркестерінің түрлерін ажырату; е) мәтіндегі жай сөйлемнің түрлері мен тыныс белгілерін ажырату; ж) мәтіндегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу жолдарын ажырату; з) мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің жолдары мен сыңарларын талдау; и) кұрмалас сөйлемнің ерекшеліктерін аңғарту; й) мәтінді тақтаға жазып, дұрыс окуды талап ету; к) мәтівдегі қиын сөздер мен сейлемдерді қайталап оқыттыру; л) мәтіндегі қате оқылған объектілерді тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру; м) мәтіннің қысқаша мазмұнын айттыру; н) мәтінді дұрыс оқуға пайдасы тиетін жаңалық ха-барларды оқыту; о) түсініп дүрыс оқуға пайдасы тиетін мәтіндерді карточкаға жазып жаттықтыру.

Сөйтіп мәтінді түсініп, дұрыс оқығанда, сейлем мен сөзді дыбыс пен буынды қайталамау, жаң адан дыбыс-тар қосып, сөз, сөйлем мағынасын бұзбау талаптары қалтқысыз орындалуы тиіс. Түсініп, дұрыс оқудың мұ-нан да басқа жұмыс түрлері мен амал тәсілдері бар. Мәселен, мәтінді бір оқушы оқып тұрғанда, мұғалім мен оқушылар мәтінге қарап бақылап отырады. Дұрыс оқылмаған орындарын мұғалімнің айтуымен оқушылар түзетеді. Түсініп, дүрыс оқуға жаттықтыруда қиын сөздерді буынға немесе дыбысқа жіктеп оқытқан жөн. Мүндай сөздерді мүғалім өзі айтып беріп, бүдан кейін оқушы-ларға қайталаттырады. Сондай-ақ түсініп дүрыс оқу күнілгері мұғалімнің тапсыруы бойынша, үйде және класта дұрыстап оқуға әзірленіп келген материалдар бойынша жүргізіледі.

7- апта.

15. Монологтық сөйлеуді үйрету әдістері


Тест (1,5 балл)

1. Синтез грек тілінен алғанда қандай мағынаны білдіреді?



  • Ажырату

  • Даралық

  • Біріктіру

2. Жеке пікірлерден жалпылай ой қорытындысын шығарудың тәсілі, амалы, дарадан жалпыға қарай көшудің түрін не деп атайды?

  • Индукция

  • Дедукция

  • Анализ

  1. Түсіндірмелі талдауларға жататындар:

  • Фонетикалық, морфологиялық

  • Пунктуациялық

  • Стилистикалық

  1. Бірдеменің заттың белгісі, заттан ажырамайтын тәуелділік дегеніміз:

  • Атрибут

  • Субстанция

  • Реляция

  1. Заттар мен құбылыстардың мәні, табиғаты, түп негізі дегеніміз:

  • Субстанция

  • Реляция

  • Атрибут

6.Фонетикалық талдау көлеміне қарай нешеге бөлінеді?

  • Беске

  • Үшке

  • Екіге

  1. Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай қалай жіктеледі?

  • Ауызша және жазбаша

  • Дара және күрделі

  • Теориялық және практтикалық

8.Қайталаудың қанша түрі бар?

  • 4

  • 5

  • 6

9. Өткен бір жылдық тілдік материялдарды оқу жылы басында еске түсіру мақсатында жүргізіледі:

  • Бастапқы қайталау.

  • Күнделікті қайталау.

  • Мерзімді қайталау.

10. Жарысқа түсу ,жарыста ,жиында ,топ ішінде сынасу дегенді білдіреді:

  • Конкурс сабақ.

  • Қайталау сабақ.

  • Талдау сабағы.

11. Сынақ сабақты өткізудің неше кезеңі бар?

  • 1

  • 2

  • 3

Екінші аралық бақылау




Екінші аралық бақылау







Тақырыптар


Апта саны


Бақылау түрі

Ұпай саны

16

Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері туралы түсінік.

8 апта





17.

Талдау әдістерінің жіктелуі мен құрылымы.



Глоссарий


2,0 балл

18

Талдау әдістерінің құрылымы.

9 апта




19

Қазақ тілінен өтілетін сабақтар.



Эссе


2,0 балл

20

Қазақ тілінен өтілетін сабақтарды жіктеу.


10 апта







21

Теориялық білім меңгерту сабақтары.




Реферат

2,0 балл

22

Біріккен сабақ.

11 апта







23

Лекция сабақ.





Бақылау сұрақтары

2,0 балл

24

Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары.

12 апта








25

Семинар сабақ.




Глоссарий

2,0 балл

26

Пресс-конференция сабағы.

13 апта







27

Тексеру сабағы.




Бақылау сұрақтары

2,0 балл

28

Талдау сабағы.

14 апта




29

Сынақ- сабақ.



Тест


3,0 балл

30

Қайталау сабағы. Конкурс-сабақ.

15 апта







Барлығы: 15 балл



8– апта.

16.Қазақ тілін теориялық –жақтан үйрету туралы түсінік.

Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мүғалім белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми түрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына орай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бүл әрқашан мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр кластағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Мүғалім теориялық материалдарды үнемі өзі мазмүндап, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздеріне іздеттіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшелік-тері мен заңдылықтарын оқушыларға меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін саралап, лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген мақұл.

1. Әңгіме әдісі. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, мүғалім мен окушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі — әңгіме әдісі. Бүл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушыны жауабына қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. қазақ тілінен өтілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізген де, оқушылардың мына сияқты дағдылары калыптаса ды: оқушылардың білім алу талабына сай, белсенділі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ұстарту негізінде сөйлемді стилистикалі жақтан дұрыс құруға бейімделеді; жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бойынша көрген-білгенін дұрыс айтуға жаттығады; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді. Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында әңгіме әдісімен сабақ өткенде, төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық болуы абзал; ә) мүғалім әңгімесінде берілетін ой тиянақты, толық болғаны б) сөз саптауы, сөйлем құрауы жағынан жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем жүйесімен берілуі тиіс; в) мұғалімнің түсіндіруі жеңіл болуы қажет; г) әңгімеге шынын, өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп мұғалім жауап алу процесінде оқушы тілінің мазмұнды болуын жауап сөзінің логикалық жақтан берік болуын кадағалап отырады.

Ал жауап сөзіне де мынадай талаптар қойылады

а) оқушы сөзінің анық болуы; ә) окушының жай сөйлем немесе кұрмалас сөйлем кұрылысымен жауап берун.

б) өз түсінігін еркін айта білуі қажет. Оқушыларға қойылатын сұрақ мағынасы жағынан дәл, анық, логикалық жағынан берік болғаны абзал. Бірнеше мәселелерді басын қоспай, жеке-жеке сұрақтар берілгені жән. Сс нымен бірге окушы «бар», «жоқ», «мүмкін», «білмеймін «оқымадым» деген сияқты бір сөзбен жауап беруіне болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтарда бірде ауыр, бірде жеңіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрінің өзгеруі оқушылардың ой дәрежесі өзгертуге септігін тигізеді. Оқушы жауабы тұсында мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударған жөн: біріншісі — берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалықты ұққанын екіншісі — сол сұраққа жауап беруде, окушының өз ойын қаншалықты жетік жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет. Сабақты әңгіме әдісімен өткізуде дидактикалық материалдардың мәні күшті. Сондықтан мүғалім тілдік материалдарды түсшдіруде қажетті сөйлемдер мен мәтіндерді күнілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларын да жүйелі пайдаланады.

Оқушыларға қазақ тілінен берілетін теориялық білімді меңгертуде, әңгіме әдісінің қүрылымы да үлкен рөл атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен методикалық эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылымдық элементтерден тұратындығы анықталды:.

8 – апта.

17.Талдау әдістерінің жіктелуі мен құрылымы.

Глоссарий.( 2 балл)




  1. Анализ әдісі

  2. Синтез әдісі
  3. Индукция

  4. Дедукция

  5. Атрибут

  6. Реляция

  7. Субстанция

  8. Субъект

  9. Предикат



  1. апта.

18.Талдау әдістерінің құрылымы.
1 Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен Дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтаң мұны анализ әдісі деп те атады. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Тал-дауды ыдырату, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау — фонетикалық талдау әдісі.

мазмүнына қарай екіге бөлінеді. 1. Дыбыстар жүйесі бойынша талдау. Бүған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардын, еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай ажыралуы, тілдіқ қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар. 2. Үндестік заңы бойынша талдау. Оған мыналар кіреді; буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді және кейінді ықпал түрлері.

Фонетикалық талдау көлеміне қарай екіге бөлінеді: 1. Толық немесе жалпы талдау. Бұл көбінесе фонетиканың белгілі бір күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде және оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады. 2. Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жүмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жүмысы кезінде жүзеге асырылады. Мәселен: дауыстыларды, онын, түрлерін, буын мен оньщ түрлерін өту кезінде қолдануға болады.

Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай екіге жіктеледі. Біріншісі •— ауызша талдау; екіншісі — жазбаша талдау. Сондай-ақ бұлар орындалу орнына қарай класта және үйде талданады. Ауызша талдау, көбінесе, класта, ал жазбаша талдау үйде жүргізіледі. Фонетикалық талдауды жүргізуде оның құрылымдық элементтерін білудін, пайдасы мол. Фонетикалық талдау әдісі мына сияқты құрылымдық элементтерден түрады: а) Фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң ол сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады. Сөйлемдегі сөздер дауыстап оқытылады; ә) Сөйлемдегі бірер сөз фонетикалық талдау үшін таңдалады. Осы сөз-дердің асты сызылады да, ондағы дыбыстар бірінің астына бірі жазылады; б) Осы тақдалған сөздер дыбыс пен әріпке, дауысты д дыбыстардын, және дауыссыз дыбыстардын. түрлеріне, буын түрлеріне, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал түбір мен қосымша аралығындағы кейінді және ілгерінді ықпал, сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді және кейінді ықпалға байланысты талданады.



2 Морфологиялық талдау әдісі. Бүл әдіс орта мектептердін, IV—IX клаетарында жиі қолданылады. Өйткені бүл кластарда тікелей морфологиялык, материалдар өтіледі. Морфологиялық талдау әдісі материалдарды бекіту, жаттығу және пысықтау процесінде жиі кездеседі. Оғаң мынадай талаптар койылады: 1) талдауға алынған материалдар морфологиялық тақырыптарға сәйкес болуы тиіс; 2) мәтіндер, сейлемдер морфологиялық материалдарға тікелей қатысты болуы қажет; 3) морфологиялық талдауды жүргізуде сөз қүрамдары мен сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері жеке-жеке талдануы қажет. Сондай-ақ морфологиялық талдау әдісі жаңа ма-териалды түсіндіруде, біріккен сабақ процесінде, бекіту, кайталау, кезінде, тексеру сабақтарында қолданылып, аналитикалық-синтетикалық талдау тәсілдерімен ұштастырылады. Ол ішкі мазмұнына қарай екіге жіктеледі: 1. Сөз қүрамдары бойынша талдау. Бұл талдауға мына тақырыптар енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау, туынды сөз, түбірлес сез, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, кос сөз, қысқарған сөз; 2. Сөз таптары бойынша талдау. Бүл талдауды жүргізгенде мына тақырыптар қамтылуы тиіс: зат есім, соның түлғалык және мағыналық түрлері, сын есім, оның түлғалық және мағыналық түрлері, сан есім, оның тұлғалық және мағыналық түрлері, есімдік оның түлғалық және мағыналық түрлері, етістік, оның мағыналық және тұлғалық түрлері, үстеу, оның түлғалык және мағыналық түрлері, еліктеу сөздер, оның тұлғалық және мағыналық түрлері, шылау сөздер, оның тұлғалык, және мағыналық түрлері, одағай, түлғалық және мағыналык түрлері.

3 Синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бүл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс — осы синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистен теориялық білім мен практикалық дағды беруде іске асырылады.

Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ түсында, бекіту, кайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1. Жай сөйлем бойынша талдау. Бүл талдау барысында мына сияқты такырыптар ескеріледі. Жай сөйлемнің мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сез тіркесі және олардың күрделі сөз бен түрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері ескеріледі: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатындығы ескеріледі: Оларға енетіндер: сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш, баяндауыш және сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері — талықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш, сөйлемнің айқындауыш мүшелері, жай сөйлемнің жалаң, жайылма түрлері, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері; оқшау сөздер — қаратпа сөз, қыстарма сөз, одағай сөз. 2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау. Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде,онын құрамына мынадай тақырыптар кіреді: салалас құрмалас сөйлем — жалғаулықты, жалғаулықсыз, ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себепсалдар, талғаулы, кезектес салалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер — шартты бағыныңқылы сабақтас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер, себеп, мезгіл, қимылсын, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер және олардың тыныс белгіле рі, жарыспалы-сатылы көп бағыныңқылы сабақтас, олардың тыныс белгілері, аралас құрмалас сөйлем— шылаулы, шылаусыз аралас кұрмалас сөйлем, олардың тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзі, олардың тыныс белгілері.

9, Қазақ тілі бойынша тілдік материалдардын түрін өзгерту әдісі. Қазақ тілі материалдарынын өзіндік белгілері жаттығу жұмыстарын жүргізу аркылы дәлелденеді. Өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тандалған жаттығулардың орындалу шарты ауысып отырады. Бір жүмыс тәсілі екінші бір жүмыс тәсілімен өзгертіледі.Мұнда оқушы объектіге творчестволық белсенділікпен қатысып, қазақтіліне арналған білімін іс жүзінде жаратуға бейімделеді. Қазақ тілі бойынша тілдік материалдардың түрін өзгерту әдісін іске асыруда, оның кұрылымдық элементтері үлкен рөл атқарады. Тілдік материалдың түрін өзгерту әдісінің құрылымдық элементтері . мына-

лар: 1. Жаттығуды орындаудың шарты белгіленеді.

12. Жаттығудың шарты мен мәтін берілген сөйлемдерді оқушылар дауыстап оқып шығады. 3 Жаттығуды ауызша не жазбаша орындаудың тәсілі іске асырылады.

4. Талдау үстінде қазақ тіл материалдарының өзгерісі түсіндіріледі. Тілдік материалдардың түрін өзгерту әдісін жүргізу үшін мүғалім алдымен жаттығу мәтінін, қай материалға байланысты орындау керектігін айқындайды. Айталық, толықтауыш және оның жасалу жолдарына байланысты жаттығудың шарты белгіленеді. Мәселен, мұғалім төмендегі мақал-мәтелдерді көшіре отырып, көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, толықтауыштардың қалай жасалып түрғандығын дәлелдеуді ұсынады. Бұдан кейін оқушылар жаттығу мәтіндегі таңдалған сөйлемдерді былайша дауыстап оқып шығады: 1. Тілің... жүгірме, білім... жүгір. 2. Аузы... әзілі жоқтың қолы... қол шоқпары бар. 3. Ақымақ... айтқан сөз ағып жатқан су... тең, ақылды... айтқан сөз кол... ұстаған ту... тең. 4. Татулық... табыс мол. 5. Қорқақ көлең-кесі... де қорқады. 6. Су... шым тоқтатар, сөз... шын тоқтатар.


9 – апта.

19.Қазақ тілінен өтілетін сабақтар.

ЭССЕ (2 балл)

(студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойларымен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі.) Эсседе бірінші кезекте студенттің «Мен» деп айтуы көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.





  1. Сабақ оқу ісін ұйымдастырудың түрі.

  2. Қазақ тілінен өтілетін сабақтың өзіндік белгілері.


10 – апта.

20.Қазақ тілінен өтілетін сабақтарды жіктеу.
Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде казақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оку ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.; Мұғалімнің жүргізетін жүмыстары сабақ аркылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім мынадай мақсат кояды:. оқушыларға білім негіздерін түсіндіру, сол білімді бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған білімін тексеріп отыру және өздігінен толықтырған білімдерін күнделікті емір қажетіне пайдалана білу. Қазақ тілінен өтілетін сабақтың өзіндік белгілерін білудің мәні зор. Ол белгілер мыналар: 1) класта дайындық дәрежесі бірдей тұракты оқушылар құрамының болуы; 2) белгілі бір сабақ кестесінің болуы; 3) сабақтың белгілі бір орында (класс-кабинетте) жүргізілуі; 4) сабақ жоспары негізінде білім мен дағдының берілуі; 5) сабақта білім беру әдісінің жан-жақты қолданылуы; б) барлык және жеке класс окушыларымен жұмыстардың жүргізілуі.

Қазақ тілінен өтілетін сабақтар мазмұнына қарай мынадай тілдік материалдар негізінде іске асырылады: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация бойынша өтілетін сабақтар және тіл ұстарту бойынша өтілетін сабақ болып жіктеледі. Сонымен бірге қосымша өтілетін сабақтар да болады. Сабақ процесінде оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берумен қатар дидактикалық мысалдарды ұмытпаған жөн. Мұғалім окушылардьң барлығына қазақ тілі материалдарын толык меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асыруы тиіс. Ол үшін мүғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасағаны мақұл. Сонымен бірге мүғалім оқушының білімге деген ықласы мен қызығуын арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда, олардың өз бетінше орындалатын жүмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған дұрыс.

Қазақ тілінен өтілетін сабактарды жіктеу мәселесі қиын әрі күрделі методикалық әдіс болып саналады. Осы күнге дейін методика теориясында сабақтарды жіктеу мәселелері толық сөз етілмеген. Сабақтың білім мен дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлт шемдеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Сабақта оқушыларға казақ тілінен теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.

ә) Оқушыларға қазақ тілінен іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты дағды түрлері жаттықтырылады. Оқушыларға берілетін білім көлемі теориялық материалдардың өзіндік белгілеріне сай таңдалады. Сөйтіп оқушыларға дене дағдысы мен ой дағдысы беріледі. Дене дағдысына кинестетикалық түйсіктер: тамақ қуысы, ерін, тіс, тіл, таңдай, дауыс шымылдығы, мүрын қуысы мүшелерінің қызметі кіреді. Ал ой дағдысына материалдың өзіндік белгілері, термині, анықтамасы мен ережесі жатады.

Сонымен жоғарыда айтылған өлшемдерге негізделе отырып, қазақ тілінен өтілетін сабақтарды төмендегіге жіктеуге болады.



10 – апта.

21.Теориялық білім меңгерту сабақтары.




(2 балл)


  1. Қазақ тілінен өтілетін жаңа сабақ түрлері.

  2. Жаңа материалдарды түсіндіру.

  3. Қазақ тілінен өтілетін жаңа сабақ жүйесі.

  4. Оқушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін таныту.

  5. Жаңа сабақтың құрылымдық элементтері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.




  1. Арғынов Х.Құмалас сөйлем синтаксисініңң методикасы.Алматы .1964.

  2. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисініңң методикасы.Алматы .1967.

  3. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисініңң методикасының негіздері.Алматы .1969.

  4. Әлімжанов Д ,Маманов Ы Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы.1965.

  5. Ә.Исабаев Қазақ тілін оқытудың дидактиклық негіздері. Алматы.1993.

  6. Жиенбаев С . Қазақ тілін оқытудың методикасы .Алматы .1946.


11 – апта.

22. БІРІККЕН САБАҚ

Біріккен сабақтық термині сабақ қүрылымдарынын бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Сабақтың, қүрылымдық элементтері бірімен-бірі байланысып, бірін-бірі толықтырып отырады. Біріккен сабақта окушыларға теориялык, мәлімет берілумен қатар, өткен материалдар еске түсіріледі, яғни оқушыларға берілетін жаңа біліммең бірге өткен тақырып тағы қайталанып отырады. Сабақта жаңа білім беру элементі мен еткен сабақты бекіту элементі болғандықтан, мүны біріккен сабақ деп атайды.

Біріккен сабақта жаңа материалға да байланысты жаттығу жүмыстары жүргізіледі, осылар арқылы қайталап пысықталады. Жаттығуды біріккен сабақпен жүргізуде мынадай талаптар ескеріледі: 1) материалдар көлемін анықтаған жөн; 2) өткен материалдың ауырлғы дәрежесін ескеріп отырған мақұл; 3) жақа және өткен материалға сай дағды түрлері іріктеп алынуы тиіс. Жаңа және өткен материалға байланысты нақтылы сабак. жоспары жасалуы қажет. Алдымен мүғалім өтілетін тақырыптарды тақтаға жазады: Қимыл-сын бағныңқы сабақтас сөйлем. Бұдан кейін оған сәйкес кесі тақтаның сол жағына ілінеді:

Жалғасы

Қимыл сын Сагыныққы сабақтастың жасалу жолдары

Баяндауышы

Тұлғалық белгісі

-ЫП, -ІП, -П

Сүрауы мен мысалдары

қалай? қайтіп? қайтпестен? не ет-Л пестен? не етіп? *

Баяндауышы

• Тұлғалық белгісі

Сұрауы мен мысалдары

Көсемше

-а, -е, -й

1. Біреулер кітап оқып, біреулер шахмат ойнап отыр (Т. Ә.). 2. Бұл кезде Тұрақұл да өздігінен сөз бастай алмай, қымсына береді (С. Б.). 3. Ол өзінің тәуір жүгіретіңдігін мақтаныш еткендей, артына жал-тақ-жалтақ қарап қойып келеді (Б. С).

4. Сапар бұған қарсылык білдір-местен, Жарқын мезгеген тұсқа барды (М. И.).



Есімше

-қан+дай ген+дей -болып, -қан күйі ген қалпында -па+с+тан -бе+с+тен -ме+с+тен


Мүғалім одан кейін тақтаның, оң жағына мына сияқты сөйлемдерді жазады: Сұрғылт түман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды (Абай). 2. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты (М. Ә.). 3. Күрделі сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан үшып түрегелді (М. И.). 4. Бала қоңырқай сопақша беті күреңденген куйі, еріксіз үзілген жүмысына қайта кірісті (Қ. Е.).

Мұғалім 3—4 оқушыға кестедегі және тактадағы жазылғандарды дауыстап оқытады. Қимылсын бағыныңқы сабақтастың өзіндік белгілерін мына тәртіппен түсіндіреді. Қимылсын бағыныңқы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрауларға жауап береді. Оның баяндауыштары төмендегі жолдармен жасалады: 1. көсемшенің -а, -е, -й және -п, -ып, -іп жұрнақтары арқылы: Жылтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді (Ә. С.); 2. есімшеге -дай, -дей жүрнағы жалғану арқылы: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей .сұлқ жатты; 3. -дай, -дей жүрнақты есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктері тіркесуі арқылы: Күрделі сөзінен Жақыпбектін, де жүрегіне жып-жылы бір сезім қүйылғандай болып, орнынан ұшып тү-регелді; 4. есімшеден кейін, күйін, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы: Бала қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі жүмысына қайта кірісті.
11 – апта. 2 балл

23.Лекция сабақ.


Бақылау сұрақтары:




  1. Қазақ тілі сабақтарында лекция сабағының қолдану аясы.

  2. Лекция сабағының құрылымы.

  3. Оқушыларға лекция - сабақ түрімен білім бергенде, оларда қалыптасатын дағдылар.

  4. Мектеп мұғалімінің лекция-сабаққа дайындығын қамтитын мәселелер.

  5. Лекция дегеніміз не?

  6. Лекция – сабақ түріне қойылатын негізгі талаптар.

  7. Қазақ тілі сабақтарында баяндаудың алатын орны.


12 – апта.

24.Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары.

Бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп оқушыларыньң қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру мақсатыңда жүргізіледі. Білім мен дағдыларды нығайту психологиялық объектілерге тікелей байланысты. ;

Білім мен дағдылар нәтижелі жұмыстың, көп қайталаудың, мол жаттығудың негізінде толық меңгеріледі. Білім мен дағдылар осы толық меңгерту бойынша іске асырылады.

Бекіту сабағы лексиканың, фонетиканы, грамматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Бұл сабақ теориялық білімді бекіту мен оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамиды. Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады: 1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша, 2) мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде; 3) окулық пен оқу құралдары негізінде; 4) картина және сурет негізінде; 5) схемалар кен кестелер бойынша; 6) оқушылардың ауызша күрастырған сөйлемдері бойынша; 7) орфографиялық, орфоэпиялык сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша; 8) арнайы дайындалған мәтіндер арқылы. Сөйтіп бекіту сабағында оқуіиылар қазақ тіліней алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуі және оны жазбаша мақсатта жүргізілетін еңбектерінде іске асыруын ңегізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алғаң білімін диктант, мазмұндама, шығарма және іс қағаздарының үлгілерін жазумен ұштастырады.

Бекіту сабағының қүрылымдық элементтері мына сияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Үй тапсырмасын тексеру —5—7 минөт. 2. Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізу— 10—13 минөт. 3. Жаттығу жұмыстарының түрлерін іске асыру — 20—22 минөт. 4. Үй еңбегін тапсыру — 2—3 минөт. Ал бекіту сабағыньщ құрылымдық элементтері мынадай методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Бекіту сабағын жүргізу үшін алдымен «Шылаулардың емлесі» тақырыбына байлаяысты үй тапсырмасы тексеріледі. Мұғалім әрбір оқушының жазған жұмысын қарап, олардың дұрыс бұрын;тығын көшіріп шығады. Бұдан кейін 2—3 оқушының үй жүмысы дауыстай оқылып, сол жерде талданады. Осыдан соң мүғалім өткен материалдарға сай талдау жұмыстарын жүргізеді. .

Қазақ тілінен өтілетін семинар-сабақ оқушылар білімін тереңдету мақсатында жүргізіледі. Білім мен білікті және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргізілетін жүмыс түрін семинар-сабақ деп атайды. Сабақты семинар түрінде жүргізгенде: 1) оқушылардың білігі молаяды; 2) оқығандарының ішінен қажетті объектіні тандап алуға жаттығады; 3) қаралып отырған мәселеге жеке басының көзқарасын білдіреді; 4) өз пікірін емін- еркін баяндап айтып беруге дағдыланады; 5) талқыланып отырған мәселені дүрыс бағалап, дүрыс айту мен дүрыс жазуда жіберілген кемістіктерді ортаға салады. Сонымен бірге семинар сабағына қойылатын мынадай негізгі талаптарды жіті ескерген макұл; семинар-сабақ белгілі бір жоспар негізінде өткізілуі тиіс; семинар сабағының объектісі анық болуы қажет; талқыланатың сүрақтар неғүрлым дәл болуы абзал. Семинар-сабақ пікірталасын туғызатын, дәрежеде өтілуі тиіс; айтылған әдебиеттердің түгел оқылуы қажет.

Семинар-сабақ өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) лексика бойынша өтілетін семинар сабағы; 2) фонетика бойынша өтілетін семинар сабағы3) морфология бойынша өтілетін семинар сабағы; 4) орфография, орфоэпия және пунктуация бойынша өтілетін семинар сабағы; 5) синтаксис бойынша өтілетін семинар сабағы; 6) тіл ұстарту бон семинар сабағы. Сондай-ак семинар сабағын көлеміне қарай екі топқа бөліп қарауға болады: семинар-сабағында 4—Ь—6 класс оқушылары хабарлама жасайды, 7—8—9 класс оқушылары баяндама жасайды.

Семинар-сабақты сапалы өткізудің практикалық мәні үлкен. Ол өткізу мақсатына қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: 1. Тапсырылған сүрақтарды талқылау сабағы. 2.



12 – апта.

25.Семинар сабақ.

Глоссарий. (2 балл)


  1. Семинар

  2. Лексика

  3. Фонетика

  4. Морфология

  5. Орфография

  6. Орфоэпия

  7. Пунктуация

  8. Синтаксис

  9. Экскурсия


13 – апта.
26.Пресс – конференция сабағы.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде пресс-конференция сабағын өткізіп отыру қажет. Оқушылардың іскерлігімен танымдық белсенділігін арттыратын түрін пресс-конференция сабағы деп атайды. Пресс-конференция сабағы өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация және тіл ұстарту бойынша өтілетін процесс-конференция сабақтары. Сондай-ақ бұл сабақ көлеміне қарай екі топқа бөлінеді: 1. Тілдік салалар бойынша өтілетін пресс-конференция сабағы. 2. Тілдік тақырыптар бойынша өтілетін пресс-конференция сабағы.

Қазақ тілінен өтілетін пресс-конференция сабағын жоспарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайындық мәселелерін шешіп алған жөн. Оқу жылы басында календарлық жоспар жасау процесінде қазақ тілі бағдарламасындағы материалдарды сарапқа салып преесс-конференция сабағын тілдің қайсы салаларына, қандай тақырыптарға байланысты өткізу керектігін анықтап алған дұрыс. Мұғалім пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап қазақ тілі кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады. Бұл почта жәшігіне оқушылар 2 түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар жазып тастайды: Бірінші- қаралып отырған тақырып жөнінде; Екінші- өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды; «Маман» оқушылар осы сұрақтарды және өзіне қатысты объектілерді үңіле зерттеп, оқулық бойынша алған білім мен білігін көмекші құралдар, кітаптар және мерзімді баспасөз материалдармен байытады.

Пресс-конференция сабағының әсерлі болуын ондағы қойылатын сұрақтардың мәнділігі мен дәлдігіне тікелей байланысты. Қойылатын сұрақтар мен берілетін жауаптардың мәнділігіне орай «Тілші» оқушылар мен «Маман» оқушылардан мыналар талап етіледі: «Тілші» оқушылардан сұрақ қойылар алдында фамилиясы мен атын атауы, қойылатын сұрақтарды анық етіп қоюы. Ол сұрақты бүкіл сынып оқушылары жазып алуы етіледі. Ал «Маман» оқушылардын қойылатын сұраққа ықшамды, жинақты түрде толық жауап беруі, олардың сұрақты тағы да толықтыра түсуі, жауаптардың, әдеби тіл де берілуі, кітапқа көз жүгіртпеуі, біреудің сыбырын қайталап айтпауы түсінігін, білгенін өз сезімін айтып беру талап етіледі.

Осындай талаптарды ескере отырып өткен пресс-конференция сабағы қазақ тілі материалдарын жүйелі талдауға, олардың өзіндік ерекшелігін толық есте сақтай білуге, ой қорытындыларын дұрыс шығаруға, тапқырлыққа, коллектив болып жұмыс істеуге баулайды.



13 – апта.

27. Тексеру сабағы

Бақылау сұрақтары:

(2 балл)
1. Тексеру сабағының құрылымдық элементтерінің мөлшері.

2. Тексеру сабағында қойылатын методикалық талаптар.

3. Оқушылар білімін тексеру сабағы қандай жұмыс түрлері бойынша жүргізіледі?

4. Тексеру сабағының жүргізілу ерекшелігі.

5. Мұғалім тексеру сабағының құрылымдық элементтерін жүйелі өткізу үшін қойылатын талап.

14 – апта.


28. Талдау сабағы.

Талдау сабағы оқушылардың ауызекі тіліндегі және жазба жұмыстарындағы жіберген кателерін арнайы талқылау үшін өткізіледі.. Бақылау диктантындағы қателерді талдау сабағы мынадай методикалық жүйе бойынша өткізіледі. Алды-мен салалас қүрмалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілеріне байланысты алынған бақылау диктанттағы қателер тақырып пен тақырыпшалар бойынша түр-түрге бөлінеді. Сонан соң қателердің сапасын көрсететін мынадай кесте сызылады:




;•.. О».

Сл




со

ю



























Диктанттың өтілген күні

Қателердің түрлері

И.Н.

А.Ж.

И.А.

Ж.А.

Б.З.

т.м.

Оқушылардың фа милиясы мен аты













-




Ыңғайлас салалас

/ .
















Қарсылықты салалас

-




- -










Түсіндірмелі салалас

1—*
















Себеп-салдар салалас

.1
















Талғаулы салалас



















,Кезектес салалас



















Салаластық көп құрамды түрлері

Ю







ьэ







Салаластың тыныс белгілері



















Пунктуациялық қате



















Орфографиялық қате



















Стилистикалық қате




СЛ




сл

*.

сл

Каллиграфиясы үшін баға




*■




*•







Жалпы баға

Мұғалім оқушылардың зейінін кестеге аударады - оны дауыстап бір рет оқып шығады. Кесте бойынша есепке алынған бақылау диктантының қателеріне, Әсіресе, салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерінен жіберілген өрескел қателерге назар аударады. Кейбір оқушыларға ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас сөйлемдердің тыныс белгілері мен көп құрамды салалас сөйлемнің тыныс белгілерінен қате жібергендерін ескертіп, соған байла-нысты ережелерді оқулықтан оқытып, жаттықтырады. Оқульқтағы сөйлемдерді оқи отырып, оқушылар өздері сөйлемдер құрайды. Мүғалім ауызша дүрыс құралған, сапталған сөйлемдерді тақтаға жаздырып, сонан соң дәптерлеріне көшіртеді.

14 – апта.

29.Сынақ- сабақ


Тест (3 балл)

1. Оқушылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателерін арнайы талқылау үшін өткізіледі:



  • Конкурс сабақ.

  • Қайталау сабақ.

  • Талдау сабағы.

2. Теориялық білімді бекіту мен оларды қандай обьектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамтиды.

  • Бекіту сабағында

  • Семинар сабағында

  • Тексеру сабағында

3. Түсіндіру лекциясын қанша минөт ішінде өткізіледі?

  • 20-25 мин.

  • 25-30 мин.

  • 30-40 мин.

4. Теориялық білімді меңгерту сабақтары.

  • Жаңа сабақ,біріккен сабақ,лекция сабақ .

  • Семинар сабағында

  • Бекіту сабағында

5. Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары.

  • Жаңа сабақ,біріккен сабақ

  • лекция сабақ

  • Бекіту сабағында

6. Диктанттар неше топқа бөлініп қарастырылады?

  • 2

  • 3

  • 5

7. Мәтін түгел жаздырылмай тек оның ішінде өтілетінемлелік ережелерге байланысты сөздер бөлек алып жазылады.

  • Таңдау диктантты

  • Бақылау диктантты

  • Творчестволық

8. Біріккен сабақ:

  • Жаңа білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементін айтамыз

  • Жаңа білім беру сабағы.

  • Пәнаралық байланыстың жүзеге асуы.

9. Конкурс латынның қай сөзінен алынған.

  • Жарыс

  • Тартыс

  • Ойын.

10. Жұмыстарды жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту ,дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылатын талдаудың бір түрі.

  • Тақырыптық талдау

  • Толық талдау

  • Жалпы талдау.

15- апта.

30.Қайталау сабағы. Конкурс сабақ.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен саналы да сапалы білім беруде қайталау сабағын жүргізіп отырудың мәні мен маңызы ерекше. Өткен қазақ тілі материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін қайталау сабағы деп атайды,қазақ тілі материалдарын қайталап отыру білім беру. процесінің басты бір бөлігі болып табылады.

Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады: 1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс. 2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет. 3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі жөн. 4. Қайталау өткенді.еске түсіріп қана қоймайды, оны терең үғынуға көмектесуі керек. 5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс. 6. Қайталау оқушылардың белсенділіпн арттыруы қажет.

Қайталау сабағы да басқа сабақтар сияқты өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: Г) лексика бойынша өтілетін қайталау сабағы; 2) фонетика бойынша өтілетін қайталау сабағы; 3) морфология бойынша өтілетін қайталау сабағы; 4) орфография бойынша өтілетін қайталау сабағы; 5) орфоэпия бойынша өтілетін қайталау сабағы; 6) синтаксис бойынша өтілетін қайталау сабағы; 7) пунктуация бойынша өтілетін кайталау сабағы; 8) тіл ұстарту бойынша өтілетін қайталау сабағы.

Қазақ тілінен өтілетін қайталау сабақтарын тиімді жүргізу үшін мұғалім сан қилы жұмыс түрін ойластырып отырғаны абзал. Қайталау сабақтары мынадай жұмыс түрлері бойынша жүргізіледі. 1. Қарастырылып отырған, тілдік материалдардың өзіндік белгілерінің әркайсысына бір-бірден ауызша. мысалдар айтқызу. 2. Орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуаңиялық сөздік пен анықтағыш кітаптан қайталанып отырған материалдарға мысалдар іздетіп таптыру. 3. Анықтамалар мен ережелерге лайықты мысалдар айтқызу, 4. Мәтіннен керекті тілдік объеіктілердің астын сызғызу. 5. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті тілдік объектілерді қойғызу. 6. Керекті тілдік материалдарға байланысты оқушылардың өздеріне схемалар сызғызу. 7. Тілдік материалдарға лайықты кестелер жасату. 8. Оқулықта берілген жаттығуларға ұқсас мысалдарды ауызша және жазбаша талдату. 9. Оқыған көркем шығарма үзінділеріңен тілдік объектілерге лайықты сөйлемдер мен сөздерді тапқызу. 10. Қайталанып отырған тілдік объектілерді кірістіре отырып, сөйлемдер құрату. 11. Қайталау процесінде тілдік тапсырмалары бір шығарма жаздыру.

Қайталау сабағын тереңірек түсінуде, оңы топтастырудың мәні үлкен, бұл белгілі бір методикалык өлшемдерге негізделеді. Негіз етіп алынатын өлшемдер мыналар: 1. Қайталаудың мақсатына негізделеді. Қазақ тілінен алған білімі мен білігін оқушылар есінде толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білу қайталау сабағының негізгі мақсаты болып табылады. 2. Қайталаудың мазмұны мен көлеміне негізделеді. Қай-талаудьщ мазмүны — лексикалық, фонетикалық, граматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық тақырыптардьщ ауыр-жеділдігіне байланысты болады.

Сөйтіп қайталау сабақтары жоғарыда айтылған методикалық өлшемдерге негізделе отырып, олар төмендегіше топтастырылады: I. Бастапқы қайталау сабағы. II. Күнделікті қайталау сабағы. III. Мерзімді қайталау сабағы. IV. Қорытынды қайталау сабағы.

Бастапқы қайталау — өткен бір жылдық (календарлық) тілдік материалдарды оқу жылы басында еске түсіру мақсатында жүргізіледі. Оқу жылы басындағы сабақты қайталау оқушылардың бұрын алған білімдерін есіне түсіріп, ұмытқандарын ойына қайта оралтады. Өткен материалдар тұтас қайталанбайды. Өтілгенніқ ішіндегі ең негізгісі, ең керектісі, практикалық мәні бар, оқушылардың меңгеруіне ауырлық келтірген тілдік материалдар қайталанады. Бастапқысы қайталау өз класына карай әр түрлі көлемде және әр түрлі тақырыптар аясында жүргізіледі.


Тест

1. Конкурс сөзі қай тілден алынған?

А) Латын;

В) Грек;

С) Орыс;


2. Конкурс тапсырмаларын дайындайды?

А) Пән мұғалімі;

В)Директор;

С) Комиссия мүшелері;



3. Қазақ тілінен берілетін тапсырмалар қай бағыт түрінде орындалады?

А) Теориялық және практикалық;

В) Бақылау түрінде;

С) Сұрақ-жауап түрінде;



4. Конкурс сөзінің аудармасы:

А) Жарыс;

В) Білім;

С) Талдау;



5. Конкурстық оқыту түрін әр сыныпта бір оқу жыл ішінде неше рет өткізуге болады?

А) 8 – 10;

В) 10 -12;

С) 6 – 8;



6. Конкурс сөзінің негізгі мағынасы:

А) Жарысқа түсу, жарыста, жиында, топ ішінде сыеасу;

В) Жеке, дара бөлшектерден немесе жеке пікірлерден жалпылай ой қорытындысын шығарудың тәсілі:

С) Талдау, әдісте білім меңгерту, лекция, практикалық дағдыны қалыптастыру;



7. Конкурс сабағының өткізілу мақсаты:

А) Оқушы ойының жетіктігін байқау мақсатында өткізіледі;

В) Кластан – класқа өту мақсатында;

С) Мектеп бітіру емтихандарын нәтижелі аяқтау мақсатында өткізу;



Қорытынды бақылау сұрақтары.
1.Методология туралы ілім.

2.Тілдік фактілер қазақ тілін оқыту методикасының негізгі объектісі

3.Мұғалім дидактика принциптері мен методика заңдылықтарына сүйенуі.

4.Дидактикалық принципті іске асыру негізінен екі түрлі принциптің орындалуынан байқалуы.

5.Қазақ тілін оқыту методикасы педагогика, психология мен логикаға байланысы.

6.Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасын теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланылуы.

7.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін білімнің мазмұны мен көлемін белгілеу.

8.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін білім көлемі тілдік материалдардың жіктелуімен ұштасуы.

9.Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасуы.

10.Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі тәртіп бойынша орналасуы.

11.Қазақ тілі материалдарын меңгертуде кинестетикалық түйсіктердің атқаратын қызметі.

12.Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беруде, тілдік материалдарды меңгертудің сатылы басқыштарының қызмет атқаруы.

13.Білім беру әдістеріне педагогика теориясында анықтама берілуі.

14.Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделуі.

15.Қазақ тілінен білім беру әдістерінің алуан түрлілігі.

16.Қазақ тілінен білім беру әдістерін жіктеуде методикалық мәселелер өлшем етіп алынуы.

17.Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі жұмыс тәртібі үлкен рөл атқаруы.

18.Әдісті іске асыруда негізгі мақсаттармен бірге тақырыпқа сай ескерілетін принциптер.

19.Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері сабақ жүргізу үстінде іске асырылуы.

20.Қазақ тілінен алған білімдерін практикалық істерге жаратып, творчестволық еңбекпен шұғылдануы.

21.Теориялық білім меңгерту сабақтары.

22.Жаңа сабақ.

23.Біріккен сабақтың құрылымы.

24.Қазақ тілі сабақтарында біріккен сабақты қолдану.

25.Лекция сабағының құрылымы.

26.Қазақ тілі сабақтарында лекция сабағының қолданылу аясы.

27.Бекіту сабағы.

28.Бекіту сабағының құрылымы.

29.Семинар сабақ практикалық дағдыны қалыптастыру сабағы.

30.Семинар сабақтың түрлері.

31.Пресс – конференция сабағының ерекшелігі.

32.Пресс – конференция сабағын қазақ тілінде қолданудың тиімділігі.

33.Тексеру сабағы.

34.Тексеру сабағының жүргізілу ерекшелігі.

35.Талдау сабағының құрылымы.

36.Сабақта оқушылардың білім жетілдіруде маңызы.

37.Сынақ сабақ білімді тиянақтау сабағы.

38.Сынақ сабақты өткізудің кезеңдері.

39.Қайталау сабағын жүйелі жүргізу.

40.Қайталау сабағына қойылатын талаптар.

41.Қайталау сабағының түрлері.

42.Конкурс сабақтың маңызы.

43.Конкурс сабақтың жүргізілу жолдары.

44.Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері.

45.Қазақ тілі бойынша дайын материалды талдау.

46.Талдауды методикалық әдебиеттерде аналіз деп. Жүргізілуі.

47.Қазақ тілі бойынша талдау мазмұнына қарай бөлінуі.

48. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылуы.

49.Сөйлем бойынша талдау жүргізу жолдары.

50.Сабақ оқу ісін ұйымдастырудың түрі.

51.Қазақ тілінен өтілетін сабақтың өзіндік белгілері.

52.Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтары.

53.Қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс таныту.

54.Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай бөлінуі.

55.Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіруі.

56.Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері сабақ жүргізу үстінде іске асырылуы.

57.Қазақ тілінен алған білімдерін практикалық істерге жаратып, творчестволық еңбекпен шұғылдануы.

58.Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі жұмыс тәртібі үлкен рөл атқаруы.

59.Әдісті іске Қайталау сабағын жүргізіп отырудың мәні мен маңызы.

60.Қайталау сабағының топтастырылуы.



асыруда негізгі мақсаттармен бірге тақырыпқа сай ескерілетін принциптер.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет