Қазақстан республикасы


Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі



бет3/14
Дата17.02.2017
өлшемі2,48 Mb.
#9698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі


Республикамызда техникалық (мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкөніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қоданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17,7 ц/га, қант қызылшасы 172,2; майлы дақылдар 4,9; картоп 107,5; көкөністер 134,1 және бақша дақылдарының өнімділігі 97,2 ц/га құраса, ал 2008 жыл бұл дақылдардың өнімділігі сәйкесінше: 18,2; 204,3; 5,5; 143,7; 203,2 және 158,9 ц/га жоғарылады (3-кесте).

Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ, 1990 жылы егістің 1 га көлеміне 19,7 кг минералдық, 0,7 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілсе, 2008 жылы егістің 1 га көлеміне тек қана 1,5 кг минералдық тыңайтқыштар, 0,4 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілді. Тыңайтылған егістік көлемі 1016 мың гектардан 960 мың гектарға дейін қысқарды. Тыңайтылған егістік көлемінің үлесі 27 % - дан 4,9 % - ға дейін азайды. (4-кесте).



3-кесте. 1999–2008 ж.ж. Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі

4-кесте. Қазақстан Республикасы бойынша минералдық (қоректік заты 100% аударғанда) және органикалық тыңайтқыштарды қолдану динамикасы



Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі және минералды тыңайтқыштарды өндіру жоспары 5 және 6 кестелерде келтіріліп отыр.

Мысалы, еліміздің ауылшаруашылығына 2009 жылы 978,0 мың тонна (ә.з) минералдық тыңайтқыштар, оның ішінде азот тыңайтқыштары - 378,5 мың тонна фосфор мен калий тыңайтқыштары 584,6 және 14,9 мың тонна қажет болса, ал 2014 жылға қарай олардың мөлшері, тиісінше: 1059,7; 410,1; 633,4 және 15,8 мың тоннаға артуы тиіс (6-кесте).

5-кесте. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі, мың тонн ә.з.



6-кесте. Қазақстан Республикасында 2009-2014 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы үшін қажетті минералдық тыңайтқыштардың мөлшері, мың тонн ә.з.





дәріс 4

Тақырыбы: Өсімдіктердің химиялық құрамы және өнiм сапасы

Мақсаты: Студенттерді толығымен өсімдіктердің химиялық құрамымен таныстыру.

Міндеті: Агрономия саласында өсімдіктің дұрыс қоректенуі жоғары өнім жинаудың кепілі болып саналатынын түсіндіру.

Түйінді сөздер: Протеиндер, өнімнің биологиялық сапалылығы, химиялық элементтер

Дәріс жоспары:

1. Жоғары сапалы өнім алу үшін шаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет