Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі



бет14/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

8-тапсырма. Сөйлемдегі бос орындарға қажетті сөзді қойып жазыңыздар.

«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ... ... ... ... ерекше.

салық инспекциясы

«Пайдаға салынатын салық» - ... ... ... аса маңызды заңдарының бірі.

пайдаға салынатын салық

Салыққа байланысты ... ... ... – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан ... ... туралы» Заңда ескерілген.

Ынталандыруға

Бүгінгі таңда ... ... ... салықтың мөлшері 35 пайыздан 25 пайызға дейін.

Қазақстан Республикасының Заңының орны




алынатын салық

Салық – экономикамызды дамытудағы ... ... .

нарықтық экономика

Салықтың ... ... кезіндегі рөлі мен мәні зор.

реттеуші күш

Өндіріс өсімін ... ... бағытталған жеңілдіктер көзделген.

жаңа салық жүйесіндегі

Мемлекеттік ... ... меншік түрлеріне қарамастан тексеріс жүргізе алады.

соңғы кездегі жаңалық


Бақылау сұрақтары
1. Әдеби норма мен стилистикалық норманың байланысын түсіндіріңіз.

2. Тілдік қоғамдық қызметінің неше түрі бар және олардың тілге әсері қандай?

3. Синтаксистік тұлға – бірліктердің функционалды стильдік ұйымдасуы

барлық жағдайда бірдей ме?

4. Салық реформасы туралы не білесіз?

5. ҚР салық түрлері.

6. Жанама салық деген не?
13-сабақ. Банкте. Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшеліктері
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: банк, дағдарыс, төлемақы, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция, валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар,заңды тұлға.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
Стильдің - стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлар мен байланысты болып келеді.



Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзегеасады.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:

1.    ауызекі сөйлеу стилі

2.    көркем-әдебиет стилі

3.    публицистикалық стиль

4.    ресми іс қағаздар стилі

5.    ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.



Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Тілдің негізгі қызметі қандай?

  2. Тіл стильдерін атаңыз.

  3. Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді атаңыз.


3. Кестені есіңізде сақтап, екінші кестені өзіңіз толтырыңыз:

  1. Стиль түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Стильдердің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

  2. Стиль түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі

Ауызекі сөйлеу стилі

Тұрмыста, отбасында, достық қарым-қатынаста

Еркіндік, эмоциялық, экспрессивтік-бағалаушылық

Диалог, әңгімелесу

Пьеса, хат, көркем шығармадағы төл сөз, кино сценарийі және т.б.

Ғылыми стиль

Ғылым мен техникада, оқу процесінде

Нақтылық, дәлдік, логикалық жүйелілік

Лекция, баяндама, диалог және т.б.

Оқулық, ғылыми кітаптар, диссертация, ғылыми мақалалар, реферат, конспект, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.

Ресми іс қағаздар стилі

Басқару, әкімшілік, құқықтық салада

Ресмилік, нақтылық, дәлдік.

Ресми қарым-қатынастың ауызша түрінде, келіссөздер жүргізгенде, сот процесінде, жиналыстарда, түрлі кеңестер мен отырыстарда және т.б.

Заң, жарлық, қаулы, бұйрық және т.б. ресми іс қағаздары.

Публицистикалық стиль

Бұқаралық ақпарат құралдарында

Сендіру, бағалау.

Теле-радио бағдарламаларында,жиналыстарда сөйленетін сөздер.

Баспасөз беттеріндегі материалдар(мақала, репортаж және т.б.)

Көркем әдебиет стилі

Әдебиет пен өнер саласында

Образдылық, еркіндік, бағалағыштық, эмоционалдық-экспрессивтік.

Өлең оқу, цитаталар келтіру, әзіл-қалжың айту және т.б.

Көркем шығармалар

2-кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі













































































Мәтінді оқып шығып, мазмнын айтып беріңіз.
Алғашқы банктер қашан пайда болды?
Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы несие беруге және клиентінің ағымдағы есеп-шотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20-ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, көлік, сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20-ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл несие жүйесіндегі активтердің 46%-ын өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның несиелік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.
Оқып шығыңыз. Жазылу мәнерін есте сақтаңыз.

4. Банкте

Салымшы: – Сәлеметсіз бе?

Банк қызметкері :– Сәлеметсіз бе! Біздің банкке қош келдіңіз!

Салымшы: – Мен «Кең дала» Акционерлік қоғамынан келіп тұрмын. Өзімнің қаражатымды депозиттік салымға салсам деп едім. Сіздің банктеріңіз маған көмектесе ала ма?

Банк қызметкері – Әрине, көмектесеміз. Сіз салымыңызды қандай валютамен салуды ұйғардыңыз?

Салымшы: – Теңгемен салсам деп едім.

Банк қызметкері – Қандай көлемде салым жасамақсыз? Бізде ең төменгі салым шамасы – жүз мың теңге.

Салымшы:– Иә, мен бес жүз мың теңге әкелдім.

Банк қызметкері – Біз сізге қызмет етуге дайынбыз.

Салымшы:– Рахмет!

Банкте

Несиегер: Сәлеметсіз бе?

Несие алушы: Қайырлы күн, мен сізден 1,5 млн. теңге несие алып, өзіме автокөлік алғым келеді. Шарттарыңызды білейін деп едім.

Несиегер: Біріншіден, сіздің құжаттарыңыз керек, олар:

  • жеке куәлік;

  • салық тіркеу нөмірі;

  • жалақыңыз туралы анықтама;

  • турақты мекен-жайыңыз туралы анықтама;

  • зейнеткерлік қордан анықтама;

Екіншіден, сіз автокөліктің құнының 50 % төлейсіз, қалған ақшаны 3 жылға ұзартуға болады. Бір жылда 30 % төлеу керек.

Үшіншіден, сіз автокөлік алатын фирмадан кепілдік қағазын алуыңыз керек, содан кейін сақтандыру қорына тіркеуіңіз керек. Осы құжаттар дайын болған соң, біз сізге 3 күннің ішінде несие береміз.



Несие алушы: Егер мен несиені уақытынан бұрын төлесем, сіздер маған қандай жеңілдіктер ұсынасыздар?

Несиегер: Ондай жағдайда, келесі алатын несиенің пайызын төменірек береміз.

Несие алушы: Сонда пайызы қаншаға төмендейді?

Несиегер: Ол сіздің алатын ақшаңызға байланысты. Егер сіз бізден 2 миллион теңгеден жоғары несие алсаңыз, жылдық пайызыңыз 10 % төмендейді.

Несие алушы: Берген кеңесіңізге рахмет. Ұсыныстарыңыз жайлы ойланып көремін.

Несиегер: Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.
Жағдаяттық тапсырма

Қазіргі кезде елімізде қаржы дағдарысы болып жатыр. Елімізді бұл қиындықтан алып шығуда Ұлттық банктің рөлі зор екені белгілі. Егер сіз осы банктің төрағасы немесе қызметкері болсаңыз, дағдарыстан елімізді қалай алып шығуға болады деп ойлайсыз? Сіздің пікіріңіз.




  1. Орыс тіліне аударыңыз.

Банк, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция,валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар ,заңды тұлға, жеке мүлiк.




  1. Қазақ тіліне аударыңыз.

Прошу включить в план информационных изданий. Прошу Вас предоставить мне внеочередной отпуск. Прошу вас предоставить мне оплачиваемый отпуск для сдачи экзаменационный сессии. Прошу оформить договор приватизации. Прошу обеспечить фирменной спецодеждой и обувью. Прошу предоставить бесплатное место в дошкольном образовательном учреждении.


  1. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

Оның апасы «Халық банкінде» ... . «Халық банкі» қызметкерлерге жалақыны жоғары деңгейде ... . ... – «Каспий банкте» салымшысы. Қазкоммерцбанктің бөлімдері шет мемлекеттерде де ... . Қазақстан банктері халыққа мінсіз ... . Мен өзімнің ақшамды Нұр банкте ... .Біздің елімізде банк жұмысы дұрыс жолға ... . Банктер біздің ақшаларымызды ... . «АТФбанк», «Альфа банк», «Қазкоммерцбанк» – екінші деңгейлі банктер қатарына ... . Банктер ... қабылдайды, ... береді. Қазір кез келген уақытта өзіңіздің ақшаңызды ... ала аласыз. ... – ең бай кәсіпорындар тобына жатады. Шаруашылығыңызды дамытқыңыз келсе, банктен ... алыңыз.

Керекті тілдік бірліктер: жұмыс істейді, қызмет көрсетеді,бар,сақтаймын, қойылған, несие, ақша, жатады, банк, банктен, сақтайды, қаржы.


  1. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

орталық банк – банк центральный

ақша шығаратын банк – банк эмиссионный

ұлтаралық банк – банк транснациональный

нақты несие банкісі – банк реального кредита

ұзақ мерзімді жұмсалым банкісі – банк долгосрочных вложений

іскерлік банк – банк деловой

деректер жинақтамасы – банк данных

жөнелтуші банк – банк отправитель

банкінің есеп мөлшерлемесі – банковская учетная ставка

банк желісі – банковская линия


  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз

  1. өтініп сұраймын / болғандықтан/ өте қажет. 2. шешілуіне /дұрыс/ықпал етсеңіз/осы/ мәселенің. 3. берілді/ толық/сұрақтарға/ жауап. 4. жасады/ ісі/ хабарлама/ қысқы/ С.Қарымсақов/ туралы / жөніндегі/ сессияға/ орынбасары/ оқу/ дайындық/ деканның. 5. емтихан/ тестке/ маңызды/ көрсетілді/ мәселелер/ қатысты/ мен/ ауызша/ атап. 6. пәндер/ тест/ емтихан/ өз/ бермей/ нәтижесін/ алу/ арөылы/ бойынша/ кейбір/ отыр.7. тыңдалды/ факультет/ С.Алдамжаровтың/ баяндамасы/ деканы.




  1. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

1. сообщение - мүмкіндік

2. заключение - хабарлама

3. жұмыс орны - место печати

4. мөр орны - место работы

5. мекенжай - начальник отдела

6. бөлім бастығы - адрес

7. жеке куәлік - дневное отделение

8. күндізгі бөлім - удостоверение личности

9.возможность - табыс

10. успех - шешім


Бақылау сұрақтары
1. Сіз қай банктің салымшысысыз?

2. Сізге қай банктің қызметі ұнайды?

3. Қандай банктерді білесіз?

4. Банктер халыққа қандай қызмет көрсетеді?

5. Ұлттық банкке жеке тұлғалар клиент бола ала ма ?

6. Сіздің банк акционерлік қоғам ба ?

7. Салым салу үшін банк қандай құжаттар талап етеді ?

8. Сіздің банк бір жылға қанша пайыз кепілдеме береді ?

9. Ақшаны қандай пайыз төлейтін ағымдарға салған дұрыс ?
14-сабақ. Іссапарда. Ойды дәлелдеу. Сөздің қисындылығы.
Тірек сөздер: заңсыз әрекет, кәсіби дағды, кіріс құжаты, құқық негіздері, лауазымдық жалақы, ресми мәлімдеу, іссапар куәлігі, қаражатты аудару, шебер сөйлеу.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспайды. Егер қызметкер басқа жерге ұзақтау мерзімге жіберілген болса, онда бұл уақытша ауыстыру болып есептеледі. Жұмыс берушінің іссапар туралы өкімі қызметкер үшін міндетті болып саналады. Тек дәлелді себептерде ғана бас тартуға болады, әйтпесе ол тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы басшының бұйрығы шығарылады, соның негізінде қызметкерге бірыңғай үлгідегі іссапар куәлігі және ақшалай қаражат беріледі. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі), орташа жалақысы сақталады. Тұрақты жұмысы жол үстінде орындалатын немесе жүргіншілік сипатта болып келетін қызметкерлердің қызмет бабындағы сапарлары іссапар деп танылмайды. Іссапарға жіберу бұйрығының жобасына міндетті түрде жетекшілік ететін орынбасары және қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастықтары, қызмет бастығы (іссапарға топпен шыққанда-тиісті қызмет басшылары) қол қояды. Шетелге іссапарға шығатын жағдайда, қосымша екінші арнайы бөлім бастығы қол қояды.

Қызметкерлердің іссапар мерзімін сапардың мақсатына, қабылдаушы тараптың талаптары мен шарттарына байланысты немесе онымен келісу бойынша әр нақты жағдайда мерзімі белгіленетін Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарлардан басқасын, жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша қызмет бастығы белгілейді, бірақ ол жолға кететін уақытты есептемегенде 30 күннен аспауы керек.

Іссапар кезіндегі есеп айырысу және төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Іссапарға шығатын қызметкерге іссапарға шығар алдында жол жүруге, тұрғын үй жалдауға және тәуліктік шығыстарын төлеуге арналған қаржы беріледі.
1-тапсырма. Көрсетілген үлгі бойынша іссапар куәлігінің орысша нұсқасын жазыңыз.

Іссапар куәлігі

№______іссапар куәлігі

_______________________________

_______________________________

_________________________ берілді.

______________________________

________________________________

______________________ жіберілді.

Іссапар мерзімі «_______» күн.

2012 ж. « » _____ дейін.

Негізі:______________________

____________________________

________________________________

___________________________________

жеке куәлігін көрсеткенде ғана расталады.





2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша іссапар құжатына байланысты сұраққа жауап беріңіз?
Іссапарға қаржы қалай төленеді? Аудан орталығындағы оқу бөлімінде қызмет істеймін. Жақында жұмыс берушінің тапсырмасымен облыс орталығына іссапарға барып келдім. Бірақ маған төлемақыны Салық кодексінің 101-бабының 2-тармағында жазылғандай, тұрғын үй-жайды жалдауға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде емес, тапсырған құжаттарым бойынша жатын орныма үш күнге төлеген 20 750 теңгенің орнына бар-жоғы 11 304 теңге ғана төледі. Барған жерімде ең арзан қонақүйдің қайда екенін өзім іздеуім керек пе еді? Неге мен өз қалтамнан төлеуім керек? Бұл қаншалықты заңды? Жалпы іссапарлар кезіндегі өтемақылар қалай, қандай ережеге сәйкес есептеледі?


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет