Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі



бет8/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Бақылау сұрақтары


  1. Сөздің қисындылығы дегеніміз не?

  2. Сөз қисындылығына қандай талаптар қойылады?

  3. Сөздің стильдік, ситуативтік-контекстік, жеке тұлғалық-психологиялық қисындылыққа сипаттама беріңіз.

  4. Іскерлік қарым-қатынаста сөз қисындылығы қандай болуы керек?

  5. Келіссөз жүргізуде сөз қисынын қалай келтіруге болады? Келіссөзде сөздерді қалай қолдананорынды?

6-Сабақ. Мәміле жасау мәдениеті және оны рәсімдеу. Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет.


Тірек сөздер: Халықаралық қатынас, жаһандану, дипломатиялық протокол, дипломатиялық нота, сенім грамотасы, құттықтау нотасы, дипломатиялық келісім, елші, төтенше, өкілетті, үкімет, сыртқы істер, дипломатиялық хат алмасу, жаһандық мәселелер, ынтымақтастық, әріптестік қарым-қатынас, жауапкершілік, тұғырнама, төзімділік, бас қосу, ортаға салу, бетін алу, қауіпсіздік, адам құқығы, уағдаластық

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.

Халықаралық қарым-қатынаста әр халық дипломатиялық протоколда көрсетілген дипломатиялық әдеп ережелерін ұстанады. Дипломатиылқ протокол дегеніміз халықаралық қатынаста мемлекет және үкімет, Сыртқы істер ведомстволдарының басшылары, дипломатиялық өкілдіктер, ресми тұлғалар ұстануы тиіс жалпы қабылданған ережелердің, дәстүрлер мен шарттылықтардың жиынтығы. Дипломатиялық протокол ХІХ ғасырда Вена конгресінде ресми түрде бекітілді.

Дипломатиялық әдеп Ережесі – үндеудің, хат алмасудың, сондай-ақ ресми іссапармен келудің, кездесулер мен сұхбаттар, дипломатиялық қабылдаулардың және т.б. белгілі бір нысанын құрайды. Олар дипломаттың, мемлекеттік қызметкердің, бизнесменнің сыртқы келбетіне, олардың киіміне, мәнеріне, мінез-құлығына, ресми іс-шараларға және т.б. қатаң талаптар қояды.

Сөздердің орысша аудармасын немесе мағынасын жазып алыңыз.

Халықаралық қарым-қатынас –

Дипломатиялық әдеп –

Үкімет –

Дипломатиялық өкілдіктер –

Ресми тұлғалар –

Жиынтық –

Ресми түрде –

Нысан –


Сауатты меңгеру –

Қолайлы –

Қазіргі заманға сәйкес дипломатиялық және іскерлік протоколдың Ережелерін, нормаларын сауатты меңгеру – қарым-қатынастың қолайлы климатын жасайды, дипломатиялық немесе экономикалық ведомствоның, сонымен бірге жалпы мемлекеттің беделін арттырады.

1-Тапсырма. Мәтінді оқыңыз.


Құрметті медиа форум меймандары!

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді бүгінгі ҮІ Еуразиялық медиафорумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Еуразияның кіндігіндегі Алматыда әлемдік деңгейдегі қоғамдық ой-сана өкілдері мен майталман журналистердің жиналғандарына қуаныштымын. Жаһандық көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оларды бірлесіп талқылап, ортақ шешімге келу үшін Сіздердің осылайша бас қосуларыңыз игі дәстүрге айналды.

Қазақстан Шығыспен Батыстың, Терістік пен Күнгейдің геосаяси векторлары мен мәдени ареалдары қиылысқан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті де біздің стратегиямыз ұлттық және халықаралық процестердің өзара байланысына негізделген.

ХХІ ғасырдың ақиқаты шиеленіссіз келешек жөніндегі романтикалық қиялды жоққа шығарды. Халықаралық қатынастар жүйесі үдей түскен ғаламдық және аймақтық сипаттағы қауіп-қатер алдында әлсіз болып шықты. ...Бүгінгі әлемде жаһандық түйіндерді шешудің қарапайым жолы жоқ. Озбырлық тек зорлық-зомбылық туғызады. Ксенофобия, күдікшілдік және қорқыныш ХХІ ғасырдың жаңа обасына айналып келеді.

Жаһандық кеселдердің бетін қандай оң әрекеттер қайтара алуы мүмкін? Басы ашық нәрсе – әлемдік саясатта аса елеулі жаңарулар жүзеге асуы тиіс, халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс.

Біріншіден, қазіргі дүниені біртұтас жанды организм деп ұғыну халықаралық саясатта жаһандық бәсеке парадигмасынан жаһандық жауапкершілік парадигмасына тұғырнамалық ауысуды талап етеді. «Жаһандық пайымды ой» мен «жаппай жауапкершілік» қағидаттарымен қаруланатын кез келді.

Екіншіден, мен халықаралық қатынастарда көпкіндіктілік ұғымын қайта қарап, оған сапалық жаңа реңк беру керек деп есептеймін. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты негізгі ықпал ету кіндіктерінің бәрімен – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, ЕО-мен, Үндістанмен, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Халықаралық сахнада өзін ұстаудың үшінші қағидатының маңыздылығын мен текетірес моделінен қағидаттық түрде бас тарту және сенім мен стратегиялық үнқатысу режімін белсенді түрде қалыптастыру дер едім.

Төртіншіден, әлем қазіргі халықаралық қатынастардағы элитарлықтан эгалитарлық сипатқа қарай бет алуы тиіс деген терең сенімдемін.

Сөзімді қорытындылай келе, біз осынау Форумға адал болып отырғандарыңыз үшін сіздерге ризашылықтамыз. Осында әлемнің саясатшылары, әлемнің танымал журналистері жиналуының өзі Қазақстанға деген сенімді көрсетеді. Барлық талқылаулар бір-бірімізге деген төзімділік аясында өтеді және бұл біздің бәріміз үшін зор пайда әкеледі деген сенімдемін.

Ықыластарыңызға рахмет. Сіздерге зор табыстар және мықты денсаулық тілеймін.

2-тапсырма Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

Үнқатысу- тотальная ответственность

Текетірес моделі- бесконфликтное будущее

Қағидаттық- глобальная ответственность

Ықпал ету кіндіктері -многополярность

Көпкіндіктілік- толерантность

Жаһандық пайымды ой- романтические грезы

Жаппай жауапкершілік- страх

Жаһандық бәсеке- серьезнейшие трансформации

Жаһандық кесел -чума

Жаһандық жауапкершілік- принципиально

Тұғырнамалық ауысу- глобальная конкуренция

Шиеленіссіз келешек- конфронтационный модель

Романтикалық қиял -глобальные механизмы

Әлсіз -полюса влияния

Озбырлық, зорлық-зомбылық- глобальная болезнь

Күдікшілдік -насилие

Қорқыныш -диалог

Оба -уязвимый

Елеулі жаңарулар- концептуальный переход

Жаһандық тетіктер -глобальное здравомыслие

Төзімділік- подозрительность

Жапония Сыртқы істер министрі

3-тапсырма Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Келесі тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Уағдаластықтарды ұсыну, қолданыстағы заңдар, назар аудару, уәкілетті орган, ішкі тасымалдау, банктік шот ашу, кедендік рәсімдеу, шаралар қабылдау, уақытылы қамтамасыз ету, тиесілі және тиімді пайдалану, қаржылық алымдардан босату, күшіне ену, мемлекетішілік рәсімдер, құрметіне ие болу, ықыласын білдіру.

  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. Үкіметінің / Жапон / ұсынуға / мынадай / атынан / рұқсат / уағдаластықтарды / етіңіз.

  2. Қазақстан / актілеріне / шараларды / сәйкес / асыруды / Қазақстанның / заңдары / қолданыстағы / нормативтік / мен / келесі / іске / Үкіметі / етеді / қамтамасыз.

  3. Қазақстан / Үкіметінің / атына / Республикасы / қана / жобаны / тек / асыру / мақсатында / банктік / пайдаланатын / шот / іске / ашады.

  4. Қазақстан / тауарларды / аумағында / бойынша / жоба / ішкі / сатып / алынған / тасымалдауды / ету / уақытылы / кедендік / Республикасының / рәсімдеуді, / қамтамасыз.

  5. Қазақстан / алынатын / кеден / және / Республикасында / бажының, / төлемдерінен / ішкі / қаржылық / салықтарынан / өзге де / елдің / алымдарынан / босату;

  6. Жоба / сатып / алынған / есебінен / Қазақстан / құрал-жабдықтар / Республикасынан / кері / экспортқа / тысқары / шығарылмайды.

  1. Осы үлгіге сүйене отырып, келесі жағдаяттардың біріне дипломатиялық нота үлгісін жазыңыз.

1. Аралды зеррттеуге байланысты Қазақстан-Германия екіжақты келіссөздері.

2. Қазақстанда «Хонда» автокөлігін құрастыратын зауыт ашу туралы Жапон-Қазақстан арасындағы келіссөздер.

3. Қымызды ұлттық брендке айналдыру туралы Қазақстан-Франция келіссөздері.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, келіссөздер жүргізудегі этномәдени ерекшеліктерге назар аударыңыз.

Батыс еуропалық әлеуметтанушылар Германияның, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Испанияның бизнесмендерінің арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға бұл елдерден 8000 бизнесмен қатыстырылған. Ол үшін бизнесмендерге ұсынылған 10 қасиет-сапаны (құзыреттілік, тиімділік, қалжыңды түсіну, сенімділік, жұмыстағы табандылық, кәсіпқойлық, білімділік, адамгершілік, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, мұқияттылық) қай елдің өкілінің бойынан таба аласың деген сұрақ қойылған. Сауалнама нәтижесі ең жоғары балл +90, ал ең аз балл -40 баллмен есептелген. Нәтижесінде Германияның кәсіпкерлері ең жоғары балл алған: +80 – құзыреттілігі мен мұқияттылығы үшін, +90 – тиімді жұмысы үшін, +75 – сенімділігі үшін; +60 – білімі үшін, +70 – жұмысқа деген табандылығы үшін, +45 – кәсіпкерлігі үшін. Ал итальяндық бизнесмендер әзілкештігі үшін ең жоғары балл (+40) алған, сондай-ақ адамгершіліктері үшін де ең жоғары (+25) балл алған. Қазақстандық бизнесмендерге қандай балл берер едіңіз? Оларды сипаттаңыз.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет