Іскерлік кездесудегі тамақтануға қатысты әр елдің өз салты мен әдебі
Жапонияда іскерлік тамақтануда көбінесе екі жақ бір-біріне кішкене сыйлық ұсынады. Сыйлық арнайы орама қағазбен, көбіне жылы түсті қағазбенн оралуы тиіс және лентасыз болуы керек. Сыйлықты қос қолмен бірдей ұстап тапсырыңыз. Сыйлық қандай зат болса да , оның саны төрт немесе тоғыз болуы тиіс. Бұл бақытсыздықтан сақтайды деген ырым.
Үндістанда іскерлік шақыруға тікесінен «жоқ» деп жауап беруге болмайды.Себебі бұл олардың түсінігінде намысқа тиетін қолық болып есептеледі. Кездесуге бармайтын болсаңыз, жауапты тікесінен қайырмай, жұқалатып жеткізіңіз. Мысалы: «Егер қолым тимей қалмаса, баруға тырысамын» деген сияқты.
Араб елдерінде егер сізді қабылдауға не тамақтануға шақырса, онда белгіленген уақыттан 10-15 минутке кешігіп барған жөн. Себебі онда кез-келген өзін-өзі сыйлататын адам өзін күттіруі тиіс деп саналады. Егер сіз дәл белгіленген уақытта барсаңыз, кездесуге шақырған жақ сізді осы кездесуге өте мұқтаж деп түсініп, келісім барысында бүкіл артықшылықтарды өздеріне бұруға тырысады. Сонымен қатар, ас ішкенде ешбір тамақты сол қолыңызбен алып жемеңіз және сол өолыңызбен ұсынбаңыз. Себебі араб елдері мұсылман дінін ұстанады. Ал мұсылман елінде сол қолмен желінген ас харам болып есептеледі.
Қытайлықтарда қонақжайлығы мен сыпайылығында мін жоқ.Ас иесінің ыстық ықласы мен дастаханының берекелігіне қарап, іскерлік келісім орнады екен деп сеніп қалмаңыз. Қайта керісінше ойлау керек. Қытайлықтар келісімге қарсылығын жұмсарту үшін де сізге жақсы қонақасы беруге тырысуы мүмкін.
3-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.
мәдениетті адам –
әріптестермен кездесу –
іс жүргізу –
іскерлік кездесу белгілеу –
жоспар құру –
кеңес беру –
4-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Іскерлік кездесу, іскерлік тамақтану, сыйлық тапсыру, дөрекі сөйлеу, ойын толық аяқтау, сөйлеу ерекшеліктері, толық меңгеру, уақыт белгілеу, еңбек ету, ақыл-кеңестерін тыңдау, пікірімен санасу, кездесуге бармау, кешігіп бару.
5-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрастырыңыз.
Үлгі: 1. Қызмет бабындағы мәселелерді талқылау.
мәселелерді, бабындағы, қызмет, талқылау
байланыс, іскерлік, орнату.
қызметкерлер, елшілік, болған, қызметтерде.
серіктеспен, қол, іскерлік,алысу.
жоғары,көріну, мәдениеттіліктің, деңгейінен
сауатты, білу, ойыңызды,жеткізе
еркін, өзін, ұстау
6-тапсырма. Сөздерді аударып, олардың жасалу жолына назар аударыңыз.
Іскерлік -
Жауапкершілік –
Ынтымақтастық –
Алыпсатарлық –
Ұйымдастырушылық –
Мемлекеттік –
Кішіпейілділік –
Серіктестік –
Қаржылық –
Делдалдық –
7-тапсырма. Сөз тіркестерінің орысша-қазақша баламаларын жұптастырыңыз:
Деловая документация
Деловая поездка
Деловая репутация
Деловая этика
Деловая речь
Деловой разговор
Деловые бумаги
Деловой человек
Деловые отношения
Деловой подход к вопросу
Деловой контакт
|
Іскер адам
Іс қағаздары
Іскерлік қатынас
Іскерлік құжаттама
Іс жөнінде бару
Іскер адам
Іскерлік бедел
Іскерлік әдеп
Іс туралы әңгіме
Іскерлік байланыс
Іс қағаздар тілі
|
8-тапсырма. Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңыз.
Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз.
Тіл тигізіп сөз жүргізбеңіз.
Біреудің сөзін бөлмеңіз.
Біреу жаңылысса, сөкпей, жәймен түсіндіріңіз.
Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.
Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.
Ант ішіп сөйлеген, өтірікшінің әдеті.
Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайыды.
Бақылау сұрақтары
1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?
2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?
3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?
4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?
6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?
7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай?
8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде?
9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.
5 – тақырып :Келіссөз жүргізу әдебі. Сөздің қисындылығы.
Тірек сөздер: Келіссөз жүргізу, шарт, талап, келісім-шарт, тасымалдау, баға, ішкі/сыртқа нарық, мүмкіндік, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, есеп-шот, қарастыру, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге келу, келісімге отыру, бизнесмен, кәсіпкер
Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.
Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |