Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі



бет7/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Келіссөзде


А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептері бар. Кешірім сұраймыз.

В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!

А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.

В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.

А: -Біздің бағамыз қаладағы ең төмен баға.

В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдау компанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.

В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.

А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.

В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақта сіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.

А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.

В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.

А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.

В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңызды тез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысын есеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.

А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.

Келіссөз жүргізу


Келіссөз жүргізу нақты бір нәтижеге жетуге бағытталып, мақсаты алдын-ала белгіленетін және диалог арқылы жүзегі асырылатын іскерлік қарым-қатынастың бір түрі.

Келіссөздер келесі жағдайларда жүргізіледі:



-нақты бір себептер бойынша (мысалы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететеін Орталық құруға қатысты т.б.);

-нақты бір жағдайларға байланысты (мысалы, екі тараптың мүдделері үйлеспеген кезде);

-нақты бір мақсат бойынша (мысалы, келісім-шарт жасасу);

-нақты мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерге байланысты).

Келіссөздердің тақырыбы сан алуан болғанмен, барлығының құрылымы бір болып келеді:



1

Қарастырылатын мәселеге ену

КІРІСПЕ

2

  1. Келіссөздер барысында қарастырылатын мәселеге, ұсынысқа сипаттама беру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Өз көзқарас, ұстанымын баяндау

Келіссөздің дамуы

  1. Диалогты жүргізу

Келіссөздің шарықтау шегі

  1. Мәселенің шешімі

Келіссөздің шешімі

3

Соңы

ҚОРЫТЫНДЫ

Келіссөздер қиын немесе жеңіл жүруі мүмкін. Серіктестер оңай немесе қиын тіл табысуы мүмкін, болмаса тіпті ортақ келісімге келе алмаулары мүмкін. Бұл ретте субъективтік факторларды да естен шығармау керек: серіктестердің қабілеті, білігі, келіссө жүргізу шеберлгігі. Келіссөз үстелінде іскерлік, кәсіби, коммуникативтік тәжірибесі әр түрлі адамдар жолығуы да мүмкін. Олардың темпераменті, қарым-қатынас жасау стилі, білімдері де әр түрлі болады.

Келіссөздерді жүргізуге алдын-ала үлкен дайындық керек. Келіссөздерді жүргізуде мынадай кемшіліктер жиі кездеседі:



-«Немқұрайдылық» («Холодный запуск»): келіссөздің мақсаты мен маңызын, қиыншылығы мен салдарын терең түсінбеу. Бұл жағдайда келсіссөзді қарсылас басқарып кетеді де, сіз тек мақұлдаушы не тыңдаушы тарап болып қаласыз.

-«Алдын-ала жоспардың, бағдарламаның болмауы» («Отсутствие программы») : Қойылуы мүмкін максималды, минималды талаптарға дайын болмау. Келіссөзде ойыңызды алдын-ала жүйелеп алған дұрыс, болмаса оны қағазға түсірген жөн.

-«Ең бастысы өз пайдам!» («Главное, чтобы меня устраивало!»): тараптардың бірінің өз мүддесін барлығынан жоғары қойып, басқа тараптар үшін келетін пайданың қызықсыз болып қалуы. Өзімшілдік салдарынан тараптардың мүдделерінің тоғыспауы серіктестің келісім жүргізуге деген ынтасын түсіреді.

-«Бәрін өз бетімен жіберу» (Пускать все на самотек): серіктестің өзіне не керек, неге керек, қандай талаптар керектігін және қарсы тараптан күтілетін нәтижені болжай алмауы. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу тиімді болмайды.

-«Тіл табыса алмау» («Коммуникативные заморыши»): тараптардың бірінің дөрекілік, әдепсіздік танытуынан келіссөздің өз мақсатына жетпеуі. Мысалы: серіктестің сөзін тыңдамау (немесе тыңдай алмау); диалогқа түспей, монолог сөзбен сөйлеу; -іскерлік ұстамдылық таныта алмай, сабырсыздыққа бой алдыру, сезімге берілу; өзінің сөзін дәлелдемей, тек көзқарасының дұрыстығын өзінше алға тарту; хабарының болмауы, яғни жаңа деректер мен ұсыныстар ұсынбай, тек мәселені шешуге кедергі кетіретін бұрыннан мәлім көзқарастан аса алмау; екі жаққа да ортақ мүддені, пайданы ескермеу;

4 -тапсырма. Сіз келіссөздесіз. Тауарды жеткізу туралы келісім жасасып жатсыздар. Қарсы жаққа қандай сұрақ және қандай формада қояр едіңіз? Кем дегенде 3 сұрақты түрлендіріп қойыңыз.

5-тапсырма. Д.Карнеги іскерлік кездесуде ескеру керек 6 ережені ұсынады. Мәтінді оқып, қазақшаға аударыңыз. Пікір алысыңыз.

Правило первое: искренне интересуйтесь другими людьми.

Правило второе: улыбайтесь!

Правило третье: помните, что на любом языке имя человека – это самый сладостный и самый важный для него звук!

Правило четвертое: будьте хорошим слушателем. Поощряйте других говорить о себе.

Правило пятое: говорите о том, что интересует вашего собеседника.

Правило шестое: внушайте собеседнику сознание его значимости и делайте это искренне!

-Бұл ережелер бүгінгі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-Тағы да қандай ереже ұсынар едіңіз? (2-3 ереже жазыңыз)
6-тапсырма. Өзіңізді іскер адамның орнына қойыңыз. Берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріп, қаншалықты тіл табысқыш адам екеніңізді анықтаңыз.

1. Сіздің әдеттегідей іскерлік кездесуіңіз болады. Кездесу жайын уайымдар ма едіңіз?

2. Сіз дәрігерге көрінуге жағдайыңыз ауырламайынша бармайсыз ба?

3. Мәжілісте, жиында немесе басқа шараларда баяндама оқуға, ақпарат туралы мәлімдеуге шығу туралы нұсқау сізді тығырыққа тірер ме еді?

4. Сіз өзіңіз бұрын-соңды болмаған, көрмеген қалаға іс сапарға шығу керек. Бұл іссапардан бас тарту үшін бар күшіңізді салар ма едіңіз?

5. Өз ойларыңызбен біреумен бөліскенді жақсы көресіз бе?

6. Көшеде біреу сізден өтінсе (жол көрсету, айтып жіберу, сағатты сұрау т.б.), ашуланар ма едіңіз?

7. «Әкелер мен балалардың» арасында проблемалардың барына, әр жастағы ұрпақтың бірін-бірі түсінуі қиын екеніне сенесіз бе?

8. Танысыңыз сізден бірнеше ай бұрын сұрап алған 1000 теңгені қайтаруға ұмытып кеткенін есіне салуға қысылар ма едіңіз?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы сенімсіз тағам әкеліп берді делік – сіз тәрелкені ашумен ысырып қана қойып, үндемес пе едіңіз?

10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалсаңыз, ол бірінші бастамайынша сөйлеспейсіз. Ол бірінші бастап сізбен сөйлессе де сіз қысылып, ұяласыз. Бұл рас па?

11. Сіз ұзыннан ұзақ кезекте тұрғанды ұнатпайсыз (дүкенде, кітапханада, әуежайдың кассасында). Өз ойыңыздан бас тартпай, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтесіз бе?

12. Тартысты жағдайларға қатысты комиссияның жұмысына қатысудан қорқасыз ба?

13. Көркем шығарманы, өнерді, мәдениетті бағалауда өзіңіздің жеке пікіріңіз бар және басқалардың пікірі сіз үшін еш маңызды емес. Солай ма?

14. Сіз өте жақсы білетін мәселеге қатысты бөтен жерде жаңсақ көзқараспен айтылған сөзді естідіңіз. Сөз таластырмай, пікірталастан қалыс қаласыз ба?

15. Жұмысқа, сабаққа қатысты мәселеде көмек көрсету туралы біреулердің өтініші сізді ренжітеді ме?

16. Сіз өз пікіріңізді ауызшадан гөрі, жазбаша түрде жақсы жеткізесіз бе?

-сабақтың соңында берілген жауаптарды оқып, өзіңіздің қандай адамның типіне жататыныңызды анықтаңыз.

-тіл табысқыш қасиеттер әр түрлі тағы да қандай адамдар болады? Жауаптарды оқып, пікір алысыңыз:

-тіл табысқыш және көпшіл қасиеттің арасында айырмашылық бар ма?

-Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Айналаңызда тіл табысқыш қабілеті күшті адамдар көп пе? Олар қандай?

2. Айналаңызда көпшіл адамдар көп пе? Олар қандай?

3. Айналаңызда тіл табысқыш, бірақ ашуланшақ, шыдамсыз адамдар бар ма? Оны бұл мінезін қалай білдіңіз?

4. Сіз білетін тіл табысқыш адам қандай адам?

5. Адамның тіл табысқыш, көпшіл қасиеті іскерлік кездесулерде қаншалықты көмектеседі?



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет