Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі



бет3/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Бақылау сұрақтары


  1. Іскерлік әлемі туралы осы жасалымнан алған деректеріңізді түйіндеп айтып беріңіз.

  2. Тапқыр адам қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?

  3. Ақпараттық жүйелер – ХХІ ғасыр мамандығы.

Осы қағидаға қатысты сіздің ойыңыз қандай? Өз пайымыңызды баяндаңыз.

  1. Кәсіпкерлік туралы Ережені тауып, онымен толыққанды танысыңыз.

  2. Өз ісіңізді ашу мақсатын көздеген болсаңыз, оған қалай қол жеткізбексіз?

  3. Бизнес жоспарға сараптама жүргізудің нормативтік базасын табыңыз және ол туралы әңгімелеп беріңіз.

  4. Бизнесті қаржыландыру көздерін қалай таңдамақшысыз? Осыған нақты да толық көлемді жауап жазыңыз.

2-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР, ОЛАРДЫҢ ГРАМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ.

Тақырыптың тірек сөздері: қарыз, таза пайда, ұлттық табыс, бюджеттің кірісі мен шығысы, кәсіпорын шығыны, сұраныс пен ұсыныс, валюталық бағам, делдалдық кеңсе, қолма-қол ақша, валюта айырбастау, бағалы қағаздар, жинақ депозиттері, несиелер мен лизингтер, қысқа мерзімді, қаржыландыру, ұзақ мерзімді, есеп айырысу, кешенді банк қызметі.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Қазақ терминологиясы хақында

Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми-техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады.

Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? Міне, нақ осындай ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады.Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді.Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық һәм экономикалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай, әр автордың өзінше термин жасауын өкілетті органдардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.

Қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр. Бұндай жағдайлардың пайда болу себебін анықтау – басты мақсат.



2-Тапсырма. Сөздердің қазақ тіліндегі вариантын табыңыз.

Қандай салым?

а) банковский

ә) до востребования

б) именной

в) срочный

г) целевой

ғ) долгосрочный

д) краткосрочный

е) в иностранной валюте

ё) выигрышный

ж) текущий



1) мақсатты

2) ұтыстық

3) ұзақ мерзімді

4) қысқамерзімді

5) шұғыл түрдегі

6) банктік

7) талап етуі бойынша

8) ағымдық

9) шетел валютасымен

10) атаулы



а) 6

ә)

б)



в)

г)


ғ)

д)

е)



ё)

ж)


3-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

Банк қандай қызметті ұсынады?

есеп айырысуды

кассалық қызметті

Банк ........ ұсынады

4-Тапсырма. Төмендегі мәтінді орыс тіліне аударыңыз және мазмұнын айтып беріңіз.


1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып, қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.

Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.

Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы: мәртебе (статус), әртараптандыру (диверсификация), мәтін (текст), әлеует (потенциал).

Сонымен қатар соңғы жылдары бір ғана термин түрліше аударылып, әр сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мәселен, төменде берілген терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді: спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы; ткань – ұлпа, тін; клетка – жасуша, торша т. б.



Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай жүргендері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет